Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағдай жасалған, шешетін мәселелер де бар - АРҚА АЖАРЫ

Жағдай жасалған, шешетін мәселелер де бар

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, депутаттар Клара Меңдібаева мен Құралай Жұмабекова Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды.

Жұмыс сапарында Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы Нұрбек Сексенов, аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Алтыбаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрайымы Раушан Қожабай бірге болды.

Орталықтың директоры Надежда Ларионова хабарлағанындай, 1996 жылы құрылған коммуналдық мемлекеттік мекеме 60 қызмет алушыға – қарттар мен мүгедектерге арналған. 53 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, психолог бар. Орталық бұрынғы жатақхана ғимаратында орналасқан, онда қарттарға барынша қолайлы жағдай жасалған.

Депутаттар мекеменің қызметімен танысып, қарттармен сөйлесті, қызметкерлердің өтініштері мен тілектерін тыңдап, проблемалық мәселелерді талқылады. Бүгінде барлық әлеуметтік мекемелерде цифрландыру енгізілуде. «Социум» жүйесінде жұмыс істеу үшін орталыққа компьютерлер сатып алу қажет. Қарттарға қызмет көрсететін шағын автобустар үшін гараж да керек болып отыр. Сондықтан, осыған қатысты бюджеттік өтінімдер жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар