Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өкпе ауруларын ерте анықтау жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Өкпе ауруларын ерте анықтау жолдары

Тыныс алу органдарының ауру түрлері көп. Оның негізгілерін төрт түрге бөлуге болады. Әрбір түрі өзіндік ерекшелігімен дараланады.

Мәселен, аллергиялық түрін алсақ, көктемде өсімдік гүлдеген кезде белгі  бере бастайды. Көбіне-көп тыныс алу жолдарына шаң, құм, бояу сияқты ұсақ бөлшектердің өтуінен болады. Олар тыныс органдарында аллергиялық ауруларды қоздырып, адам ағзасын тынышсыздандыра бастайды.

Жұқпалы ауру түрлеріне келсек, оларды патогендік бактериялар, вирустар және тағы басқа осындай құоздырғыштар қоздырады. Олар да ағзаға өтіп, бронхит, өкпенің қабынуы, тамақ таспасы, сияқты тыныс алу жолдарының қабыну процестерін туғызады.

Енді аутоиммундық топқа келсек, ол адам ағзасында ауытқушылық болған жағдайда бой көрсетеді. Ағза жасушаларына қарсы заттардың пайда болуымен ерекшеленеді. Мұның нақты мысалдарының бірі өкпенің идиопатикалық гемосидерозы.  Мұның туа бітті түрі болады. Ол гендік деңгейде жасақталып, қолайлы жағдайларда белсенділік танытады. Көп жағдайда бұрын белгілі қабынуларға тән емес қабыну процестері мен өкпенің қатерлі ісіктері түрінде байқалады.

Өкпе ауруларын диагностикалаудың неғұрлым бізге мәлім түрлеріне кеуде органдарына ренгенография, бронхоскопия және бронхография жатады. Сондай-ақ, өкпені ангиопульмонографиялау мен КТ, сыртқы дем алу функциясын зерттеу де осы әдістерге кіреді.

Өкпені тексерудің белгілі бір деңгейде қажеттілігі суық тиіп ауырудың жөтел, демікпе, дене қызуы көтерілуі сияқты жағдайларында ғана емес, сонымен бірге, профилактикалық мақсаттарда да туындайды.

Кеуде жасушалары органдарына кеңейтілген рентгенография жасау өкпе ауруларын бастапқы диагностикалаудың негізгі, стандартты әдісі болып саналады. Ол өкпенің, оның ауқымының, қабырғалары мен диафрагманың суретін алуға мүмкіндік береді.

Осы арада спирометрия немесе спирография, яғни, сыртқы дем алуды тексеруге келейік. Мультиспиральді компьютерлік томография-томограф структуралық деңгейде кез-келген кеуде қуысы органының жағдайына жан-жақты баға берілуіне жағдай туғызады.

Фибробронхоскопия  – тамақ, трахея және бронхыны бірге тексере отырып, эндоскопиялық зерт жүргізу. Алайда, өкпені неғұрлым дәл және қауіпсіз тексерудің бір жолы томография дер едік. Ол өкпе жасушаларының және осыған қатысты органдардың жағдайын жоғары дәлдікпен дәл көрсетіп береді.

Өкпе ауруларын мүмкіндігінше ерте диагностикалау үшін флюорографияны қолданады. Ол рентгендік сәулеленумен анық көрініп тұрады. Флюорографияны ең кем дегенде екі жылда бір рет жасау керек. Бұл бірқатар қауіпті ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Е.БУГА,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі бақылау және үйлестіру комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаменті №3 МСЭ-сінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар