Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үздік экологиялық жобалар таңдап алынды - АРҚА АЖАРЫ

Үздік экологиялық жобалар таңдап алынды

Бурабай ауданында жыл сайын өтетін «ECO-AQMOLA – 2024» көрмесіне облыстың білім беру мекемелерінен 40 студент пен оқушы 10 экологиялық жобаларын ұсынды. Байқау облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Бурабай Даму» және «ЭКО – DUMP» серіктестіктерінің қолдауымен өтті.

–  Ең бастысы, жастардың экожобаларды әзірлеуге жеке үлестерін қосу, есептеулер мен зертханалық зерттеулер жүргізу жағы ескерілді. Қатысушылар экологиялық проблемалардың себептерін түсініп, оларды талдауға, заманауи технологияларды пайдалана отырып, осының шешімін табуға үйренуі, сондай-ақ, оларды біздің өңірде жүзеге асыру үшін қанша қаражат қажет болатынын есептеуі керек, – деп атап өтті шараның ұйымдастырушысы, «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының жетекшісі  Мәриям Әбішева.

Жобаға қатысушылар бір жыл бойы тәлімгерлерімен бірге, өз жұмыстарын барынша жақсы көрсетуге дайындалды. Мәселен, Степногорск қаласындағы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Бақытжан Жанат, Гүлнұр Сағындық, Сабрина Ахметова жануарларға қайта өңделген материалдардан экологиялық баспаналар желісін құруды жоспарлап отыр. Олар үйсіз жануарларды қорғауға, олардың күтімін жақсартуға және қайта өңделетін материалдарды белсенді түрде жинауға адамдардың назарын аудара аламыз деп есептейді.

–Жиһазды қайта өңделген ағаш пен тоқыма материалдарынан, ойын алаңдарына арналған құрылыс материалын пластмассадан жасауға болады. Біз жаңбыр мен еріген суды тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануды, сондай-ақ, энергияны үнемдеу үшін экологиялық баспаналарды күн батареяларымен жабдықтауды ұсынамыз. Біз веб-сайт әзірледік, оны мобильді қосымшаның көмегімен әркім ең жақын маңдағы «Экобаспана» арқылы оңай таба алады. Әрі қаржылай көмек көрсетеді, мүмкін, көптеген жануарлар жаңа баспанасын табады, – дейді көрмеге қатысушылар.

Жобаның ғылыми жетекшісі, мектеп волонтерлік қозғалысының кураторы Оксана Макарова атап өткеніндей, Степногорск қаласында волонтерлар мен қамқор азаматтардың қаражаты есебінен ұйымдастырылған жануарларға арналған баспана бар. Мектеп оқушылары үнемі іс-шаралар ұйымдастырып, оларға жастарды тартады және ондағы жануарларға азық-түлік жеткізеді.

Ғылыми кеңесшілері Елена Алексеенкомен бірге қала орталығындағы игерілмеген аулалардың бірін мысалға ала отырып, «Демалыс пен уәдеге қолайлы кеңістік құру» атты ғылыми жобаларын Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Лиянур Заитова мен Дильназ Байтукина датаныстырды.

«GREEN BOTTLE» жобасының авторлары Санжар Жамбылов пен Қайрат Ерасыл «Болашақ сарайы» экожобасының шеберханасында жұмыс істейді. Тоғызыншы сынып оқушылары пластик бөтелкені салпыншаққа айналдыратын қоқыс құрылғысын ойлап тапты, сонымен қатар, жас өнертапқыштар кәдесыйлар немесе үйішілік тұрмыстық бұйымдарды басып шығаратын 3D принтері үшін жіп жасауда пластик бөтелкені қайта өңдеуді қалай жоспарлап отырғандарын айтты.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің биоресурстар және ауыл шаруашылығы кафедрасының «Экология» мамандығының студенттері  Алтын Монтай мен Диана Құсайынова «Экооазис» дәлме-дәл суару және тыңайту жүйесі» жобасын ұсынды.

– Жоба сұйықтыққа арналған ыдыс, өсімдіктердің тамыр жүйесіне су жіберетін негізгі шлангтар, тамшылатып суару әдісі, қайта өңделген қалдықтардан жасалғанштуцерлерден тұрады. Біздің әзірлемелерді саяжайларда, жылыжайларда және өндірістік мақсатта пайдалануға болады. Өкінішке қарай, облысымызда тамшылатып суару әдісін енгізіп жатқан шаруашылықтар әлі де аз, – дейді ғылыми жетекші Еділ Айшук.

–Біздің жобаның артықшылығы, дәстүрлі суару әдістеріне қарағанда суды 50-70 пайызға үнемдейді. Топырақ аз эрозияға ұшырайды және су мен қоректік заттардың нақты жеткізілуінің арқасында өнімділік артады, – деп атап өтті Алтын және Диана да.

«Гидропосев» – абаттандырудың тиімді заманауи технологиясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысының авторы Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 3-курс студенті Матвей Синькевич оқу орнының оқытушысы Любовь Казаковамен бірге өз жобасының біздің облыстың климаттық жағдайында гидросебудің ең тиімді құралы екеніндәлелдеді.

–  Адам әрекеті көбінесе қорғалмаған топырақтың үлкен аумақтарын эрозияға ұшыратады. Жерді мелиорациялаудың бұл әдісі бүлінген аумақтарды қалпына келтіруге көмектесе алады. Мен бұған біздің ауданда абаттандыру жұмыстарын жүргізген кездеіс жүзінде көз жеткіздім, – деп әңгімелейді Матвей Синькевич.

Барлық көрме қатысушылары өз жобаларын қорғағаннан кейін 30 мың теңгенің ақшалай сертификаттарымен марапатталды, сонымен қатар, Зеленый бор ауылындағы «Ақмарал» орман шаруашылығында болды. Байқау жеңімпаздары жақын арада белгілі болады, олар бірінші орынға 250 мың теңге, екінші орынға 200 мың, ал, үшінші орынға 150 мың теңгеден ақшалай сыйлықтарға қол жеткізеді.

Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар