2024 жылғы 8 желтоқсанда бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақмола облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 35296 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 19847 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 85 азамат қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 4 сайлау округі бойынша
Беспалинов Б.М. үшін сайлаушылардың 12028-інің дауысы берілді,
Қажы Е.Ж үшін сайлаушылардың 3888-інің дауысы берілді,
Садвакасов К.Н үшін сайлаушылардың 2264-інің дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1352.
Сайлау қорытындысымен бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып Беспалинов Берген Маратұлы сайланды, 1979 жылы туған, «АМАNAT» партиясының мүшесі, «АМАNAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Көкшетау қаласында тұрады.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы.