Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет пен қоғамның күшін біріктіріп... - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет пен қоғамның күшін біріктіріп…

Экономиканы дамытып, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартумен қатар біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл әлеуметтік кесел адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына зиян келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті көріністерінде мемлекеттің одан әрі дамуының басымдығы деп санайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты отандық және шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, әрі қоғамның сұранысына орай үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жұмысқа жаңа дәйекті және кешенді көзқараспен келу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжатта – «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында» анық көрсетілген.

Осы тұжырымдаманы іске асыру үшін облысымыздың мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алғы шарттарын жойып, қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту үшін түрлі шаралар қабылдай отырып, алдын ала жұмыс істейді. Мұның бәрі мемлекеттік аппараттың алдында тұрған басты міндет –азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.

Тоқсан сайын менің төрағалығыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі. Мысалы, өткен жылдың қазан айында комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалимен бірлесіп білім беру мекемелерінде бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен шешім қабылданды. Пилоттық жобаның басты міндеті – бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.

Өңірдің аграрлық аймақ екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу саласында АӨК қаражатын мақсатты пайдалану үшін әлеуметтік маңызы бар «Цифрлық теңге» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарына кредит беру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінетін ақшаны бояумен байланысты. «Ақшаны бояу» қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалануды есепке алмағанда, жеке нөмірлері ақпараттық жүйеде тіркелетін жануарларды нақты сатып алуды қамтамасыз етеді.

Екінші жоба – ауыл шаруашылығы министрлігінен кәсіпкерлерге бөлінетін инвестициялық субсидиялар қаражатын қадағалауға бағытталған. Цифрлық теңге лизинг нысанасының нақты құнына сәйкес субсидияларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржы ұйымдарының шоттарында болған кезеңде ақшаны жұмсау тәуекелдерін жояды.

«Цифрлық теңге» пилоттық жобасының іске асырылуы ағымдағы жылдың соңына дейін жопарланған.

Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген, оның ішінде жер заңнамасы, Мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларына байланысты өзекті мәселелер үнемі қаралады. Отырыстардың қорытындысы бойынша оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген 45 ұсыным әзірленді.

Биылғы жылы қарастырылған мәселелердің қатарында – білім беру, спорт, денсаулық сақтау, жол құрылысы және жөндеу, ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты салалардың проблемалары бар. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу, «сақалды  құрылыстарды» сүйемелдеу, бизнесті қорғау, мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мәселелері де талқыланды.

Қазір жобалық тәсіл аясында облыстық басқармалар мен облыстың аудан, қала әкімдіктері №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» негізгі бағытын жүзеге асыруда. Бұл жұмысқа 90-нан астам мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Бағыт бірнеше жобалар блогын қамтиды, олардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау болып табылады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары 257-ге жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтап отыр. Бұл көрсеткіш жобалық менеджментті енгізу арқылы мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысты күшейтіп, өз қызметіндегі олқылықтар мен бұзушылықтарды анықтауға, кейіннен жоюға мүдделі екенін көрсетеді. Мысалы, ішкі тәуекелді талдау шеңберінде облыс аудандарының біріндегі әкім аппаратының басшысы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша аталмыш дерек расталып, нәтижесінде лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Мемлекеттік басқарудың түрлі салаларына қатысты ішкі талдаулар барысында анықталған кемшіліктер бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы облыс әкімдігінің бақылауында.

Жалпы, базалық бағыт бойынша облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгендігін атап өткім келеді. Жобалық тәсілдің нәтижесінде басшылардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мүмкін болып отыр.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен нығайтуға әдеп жөніндегі уәкілдер институты үлкен үлес қосып, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға бағытталған 345 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелерінде тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар, қоғамның барлық секторларының арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады», – деп атап өткен болатын.

Өңірімізде өткен жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы жүзеге асырылып, оған сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын 120-дан астам ақмолалық қатысуда.

Осы орайда, облыстың азаматтары мен ұйымдары әлеуметтік нысандарды қадағалап, мемлекеттік сатып алуларды зерттеп, тегін заңгерлік көмек көрсетіп, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға атсалысуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің белсенді азаматтық ұстанымы өз жемісін беруде – мемлекеттік органдар анықталған сын-ескертпелерге ден қойып, оларды жойып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуда, халық білікті заң көмегін алуда, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысушы азаматтардың саны артып келеді.

Облыстың барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта байқаулар өткізіліп, бейнероликтер әзірленді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында ақпараттық баспа материалдары таратылды.

Өңірде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, өмірлік ұстанымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған жол бермейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеу, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда іргелі рөл атқарады.

Осы ретте, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың тікелей қатысуынсыз облыста жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан тиісті нәтиже болмайтынын тағы бір атап өткім келеді. Алда мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылуы тиіс орасан  жұмыс күтіп тұр.

Марат АХМЕТЖАНОВ,
Ақмола облысының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар