Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.
Бұл елімізді, әсіресе, агроөнеркәсіп саласын әлеуеті жоғары жұмысшы кадрларымен қамтамасыз ету, еңбек адамының қадірін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Қоғамда ақадал маңдай терімен табысқа жеткен адамдар қашанда сыйлы болып, құрметке бөленуі керек.
Бұл Президентіміз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына да толық сай келеді. Сондықтан, елімізде, соның ішінде біздің Ақмола облысында да Жұмысшы мамандықтары жылы құр сөз күйінде қалмай, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде реформа жасау қажеттілігі туындап отыр.