«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалында білім мен тәрбиенің шамшырағы Ұстаздарды ұлықтауға арналған мерекелік кеш өтті

Өңіріміздің саяси-қоғамдық өміріне белсене ат салысып, партияның бағдарламалық құжаттарын халық ішінде насихаттауға зор үлес қосқаны үшін партияның жоғарғы наградасы «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы N3 көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шаяхметова Қазына Әлмағанбетқызы, Есіл ауданы Двуречное орта мектебінің мұғалімі Русаков Валерий Анатольевич, Зеренді ауданы Кіші Түкті ауылындағы негізгі орта мектеп директоры «Мәлік Ғабдуллин» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұғыманов Медет Ақылбайұлы марапатталды.

Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың «Құрмет грамотасымен» Ерейментау қаласының Т.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры Жапабаев Ермұхан Темірғалиұлы, Целиноград ауданы Жаңа Жайнақ ауылындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры, «Нұресіл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жапан Баянгонос, Біржан сал ауданы білім бөлімінің әдіскері Натиева Динара Көпжасарқызы марапатталды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хаттарымен Қосшы қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Қосшы қаласындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алшынбаева Толқын Түленқызы, Ақкөл ауданы Домбыралы ауылындағы М.Горький атындағы орта мектептің директоры Ершова Людмила Ивановна, Степногорск қаласы Қырық құдық ауылындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жавай Айбат, Астрахан ауданы Петровка ауылындағы жалпы білім беретін мектептің директоры, тарих пәнінің мұғалімі Ищанова Зарина Тайпақзызы, Егіндікөл ауылы Балбөбек бөбекжайының тәрбиешісі Сарманова Сапаргүл Елубайқызы Жақсы ауданы Перекатное ауылындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хумар Гульжан, Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шайкенова Самал Сағынайқызы, Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы N1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шәріпова Гүлмира Әшірбекқызы марапатталды.

Партияның жұмысына белсенді атсалысқаны үшін «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының алғыс хаттарын Көкшетау қаласындағы бірнеше мектептің ұстаздары мен бала-бақша тәрбиешілерін табысталды.
Сонымен қатар, бұл күні «AMANAT» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар