Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 3 наурызда сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы және басқа да сұрақтар енгізіледі.

Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/1CcGSdzvH4/?mibextid=wwXIfr 

                                        Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар