Жерлесіміз Жанбота Қамарова жуырда ғана Жезқазған қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Қыздар арасындағы классикалық шахматта соңғы тур алдында Алматы қаласынан Мария Холявко мен Көкшетау қаласынан Жанбота Қамарова 6,5 ұпаймен көш бастап тұрған еді. Шешуші кезеңде екеуі де өз партияларын жеңіспен аяқтап, мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5 ұпайын жинады. Бухгольц коэффициенті бойынша Жанбота Қамарова Мария Холявкодан ұпайы басым түсіп, жүлделі бірінші орынды иеленді.
Осылайша, республикалық чемпионатта жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жеткен Жанбота алтын медальға қол жеткізіп, ең қуантарлығы, Перуде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

