«Белый марафон» Сандықтау ауданында 600-ден астам шаңғышыны біріктірді

Ақмола облысының Сандықтау ауданында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Белый марафон» шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарыс Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновқа арналған.

«Белый марафон – бұл тек жарыс қана емес, спортшылар мен салауатты өмір салтын сүйетін адамдарды біріктіретін ізгі дәстүр. Мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға және халықтың денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосатынына сенімдімін», – деді Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Жарыстың басты қонағы – көрнекті спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ КСР-нің құрметті жаттықтырушысы Владимир Сахнов болды.

«Шаңғы спортының белсенді дамып келе жатқанын, сондай-ақ мұндай жарыстарға қызығушылық жыл сайын артып келе жатқанын көргенде қуанышты боласың. Бұл жас спортшыларды тәрбиелеуге маңызды үлес болып табылады», – деп атап өтті ол.

Биыл марафонға түрлі жас ерекшелігі бар 600-ден астам спортшы, оның ішінде спорт ардагерлері қатысты. Көптеген қатысушылар үшін жарыс – өз шеберліктерін көрсету ғана емес, сонымен қатар белсенді және салауатты өмірдің маңызды бөлігі болды.

Спорттық шараға Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, Үржар, Астана, Павлодар, Семей, Көкшетау, Степногорск, Шучинск, Ақкөл қалалары мен Зеренді және Сандықтау аудандарынан шаңғы спортының әуесқойлары мен белсенділері келді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар