Қадірлі Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан баршаңызды Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын, жаңа жетістіктерге ұмтылатын, бойына жігер, тәртіп пен мақсаткерлік қасиеттерді қалыптастыратын барша жандарды біріктіреді.

Ақмола облысы өзінің спорттық дәстүрлерімен және дарынды жерлестерімен мақтанады. Біздің спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары кәсіби шеберлігін, жеңіске деген жігерін және өз ісіне деген адалдығын көрсетіп келеді.

2025 жыл өңіріміз үшін айрықша табысты жыл болды. Ақмола облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 800-ге жуық медаль жеңіп алды. Ал, тарихи жетістік ретінде Ақмола облысының құрамасы Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында алғаш рет жалпы командалық есепте жеңіске жетіп, 29 медаль иеленді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында елімізде спортпен айналысуға барша азаматқа, әсіресе, балалар мен жастарға қолжетімді жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ақмола облысында спорт инфрақұрылымы дамып, қолданыстағы нысандар жаңартылып, жаңа спорттық объектілер бой көтеруде. Қалалар мен аудандарда дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндіктер кеңейіп келеді.

Осы мерекелі күні спортшыларға, жаттықтырушыларға, спорт ардагерлеріне, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, спорт саласының қызметкерлеріне, спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне, ата-аналарға және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген барша спорт жанашырларына шынайы алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, мол күш-қуат, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және өз күштеріңізге деген сенім тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар