Ақмола облыстық мәслихатының атынан және өз атымнан баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім беру – қоғам мен мемлекетті дамытудың, адами капиталды қалыптастырудың және елдің табысты болашағын қамтамасыз етудің негізі.
Бүгін Ақмола облысының 518 жалпы білім беретін мектебінде 141 мыңға жуық бала білім алуды бастайды. Олардың ішінде мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын шамамен 13 мың бала бар.
Әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жүйелі түрде жасалып жатыр. Білім беру инфрақұрылымы дамып, материалдық-техникалық база нығайтылып, заманауи технологиялар мен оқыту әдістемелері енгізілуде.
Ұстаз еңбегін сандармен өлшеу мүмкін емес. Сіздер білім беріп қана қоймай, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына жол ашып, олардың өз күшіне сенуіне көмектесесіздер. Сол үшін де сіздерге мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен күнделікті еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіріп, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістік, зор денсаулық, отбасылық амандық тілеймін!
Қымбатты оқушылар мен студенттер, жаңа оқу жылы сіздерге де жарқын жаңалықтар, тиянақты білім, адал достар мен жаңа жетістіктер әкелсін! Сіздерге табандылық, еңбекқорлық, өз күштеріңізге деген сенім және білім жолындағы ең биік белестерді бағындыруға батылдық тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

