Ақмола облысының өнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген үш маманы көп жылғы адал еңбегі мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өткен Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумында табыстады.
«Құрмет» орденімен «Степногорск подшипник зауыты» АҚ-ның станокшысы Константин Башкиров марапатталды. Оның жалпы еңбек өтілі – 43 жыл.
«Құрмет» ордені «Семізбай-U» ЖШС «Семізбай» кенішінің слесарі Оралбай Құсайыновқа берілді. Ол осы салада 33 жылдан бері еңбек етіп келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының токарі Есен Сұлтанов (суретте) марапатталды. Жалпы еңбек өтілі – 40 жыл.
![]()

