Жерлес спортшыларға құрмет көрсетілді

Спартакиада

Қорғалжын ауданының әкімі Алмас Алин облыстық «Үміт» спартакиадасында жүлделі орындарға ие болған аудан спортшыларымен кездесті.

Жуырда Щучинск қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық «Үміт» спартакиадасы өтті. Бұл спорттық додаға Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан келген спортшылар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты.

Жарыста Қорғалжын ауданының намысын қорғаған спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Атап айтқанда, Райхан Касина мен Төлеген Әлиақпаров зілтемірді жатып көтеруден І орынға ие болса, Сағидола Сыздықов үстел теннисінен ІІ орын, Әлен Сұлтанбек зілтемірді жатып көтеруден ІІ орын алды. Сондай-ақ, Райхан Касина қол тіресінен ІІІ орынға, Мұхтар Төлегенов зілтемірді жатып көтеруден ІІІ орынға ие болды.

Кездесу барысында аудан әкімі Алмас Алин спортшыларды жүлделі орындарымен құттықтап, жарыста үздік нәтиже көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

– Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Аудан намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтиже көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беріңіздер, – деді аудан әкімі.

Өңір намысын абыроймен қорғаған қорғалжындық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алдағы бәсекелерде де сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар