Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рухани байлық кітапта - АРҚА АЖАРЫ

Рухани байлық кітапта

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі және «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ұйымдастыруымен жалпы жұртшылық үшін өте пайдалы телемарафон өз жұмысын бастады. Ондағы мақсат ел назарын әдеби мұрамызға аударып, ұлттық және әлемдік әдебиеттің жауһарларын насихаттау.

Қазіргі уақытта жастардың компьютерлік технологияға көңілдері ауып отырғандығы белгілі. Ал, көркем әдебиет назардан тыс қалуда.
Міне, сондықтан да теле-марафонның негізі ретінде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы алынып отыр.
Жазушының алғашқы кесек шығармаларының бірі – аталмыш роман жарық көргелі арада қанша уақыт өтсе де, мәнін жоғалтпайтын, оқырманның дүниетанымын кеңейте түсетін, тілі кестелі шығарма.
Телемарафон жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» бағыты бойынша жүзеге асырылуда.
Осылайша жастардың бойындағы адами құндылықтар негізін бекіте түсуге талпынып отырмыз. Таратып айтатұғын болсақ, телекамера алдында «Тыныс» акционерлік қоғамы, «Көкше Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері романнан үзінділер оқитын болады.
Көркем тілмен кестеленген қомақты шығарманы оқуға өзге де саланың өкілдері қатыстырылады. Ондағы ой барынша кеңірек қамтып, көпшілік назарын әсерлі әдебиет айдынына аудару. Жоба ұзақ мерзімді болғандықтан, әр жыл сайын осындай шаралар үзбей өткізіледі.

Іңкәр ЫСҚАҚОВА,
Көкшетау қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар