Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлікті 20 минутта тіркеуге болады - АРҚА АЖАРЫ

Көлікті 20 минутта тіркеуге болады

Бұрын-соңды азаматтар сатып алған көліктерін тіркету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кем дегенде екі сағаттан артық уақыт күтетін, енді бұл операцияны онлайн жүйесінде тез атқаруға болады. Бұл әдіс құжат рәсімдеуді 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқартты.

Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Асылхан Оспанов желідегі парақшасында жазды.
Корпорация Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, көліктерді тіркеуді электронды форматқа ауыстыру жөніндегі мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіпті.
Оспановтың мәлімдеуінше, көлікті сатып алушы сатушымен бірге халыққа қызмет көрсету орталығына келіп көлікті тексеруі міндетті. Қарызы мен айыппұлын төлеп, құжаттарын өткізіп, көлікті есепке қояды. Осыдан кейін екі сағаттан соң, көліктің жаңа нөмірі дайын болады.
Ал, тіркеудің жаңа түрі бойынша алдымен электронды үкімет порталына өтініш жібересіз. Ол жерде төленбеген айыппұл мен салығын біле аласыз. Мемлекеттік нөмірді таңдайсыз. Одан соң сатушы келісімді мақұлдайды. Сіз кузовты тексеруге кез келген техникалық байқау пунктіне немесе арнайы ХҚКО-дағы ангарға апарасыз. Бұл уақытта жаңа техникалық паспорт дайындалып жатады. Көлік тексерілген соң полиция тіркеуді аяқтайды. Сіз жаңа нөмір мен техникалық паспортты халыққа қызмет көрсету орталығынан ала аласыз немесе Қазпошта арқылы тиісті мекен-жайға жеткізуге тапсырыс бересіз, – деп жазады А.Оспанов.
Осылайша көлікті тіркеу 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқармақшы. Дәл осылай болса, бұл көлік сатып алушыларға ыңғайлы әрі қолайлы болар еді.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар