Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалы көркейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Аршалы көркейіп келеді

Аршалы ауданы Елордамыз – Астанаға жақын орналасқан аудандардың бірі. Мұнда тіркелген халықтың ресми саны шамамен 28 мыңға жуықтаса, Астана қаласына тіркеліп, сонда қатынап жұмыс істейтіндерін қоса есептегенде 40 мыңнан асады. –Бұл халықтың әлеуметтік қажеттіліктерінен туындап отырған жағдай, – деді аудан әкімі Азамат Тайжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте.

Аудан басшысы журналистер алдында жасаған баяндамасында Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бағытындағы аймақтың әлеуметтік -экономикалық жағдайына көңіл аударды. Ауданның өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі биылғы жылдың он айында 10 миллиард 650 миллион теңгеден асқан. Қазір мұнда үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың сегіз жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде «LK-KZ» ЖШС –кірпіш зауытын кеңейту, «ДС-Гранит» ЖШС – жылдық қуаты 50 мың текше метрді құрайтын пескоблок цехы бар өндірістік комбинатының құрылысы, бас-
пана салуға арналған бетон панельдерді шығаратын «Қазшпал» АҚ, Бұлақсай ауылында ірі жел паркінің құрылысы секілді жобалар бар. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы «Хамзина» жеке кәсіпкерлігі 3 миллион теңгенің грантын жеңіп алды.
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 800 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаржыға 18 шақырым жол жөндеуден өткізіліп, елді мекендерде, атап айтқанда Анар стансасы, Бірсуат селосында су тазалау, аудан орталығын абаттандырып, көріктендіру жұмыстары жүргізілген.
Ауданға тартылған инвестицияның негізгі капиталы 15654,6 миллион теңгені құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 24 пайызға төмен. Мұны аудан басшысы Астана – Қарағанды бағытындағы тас жолдың құрылыс жұмыстарының аяқталуымен түсіндірді. Сонымен бірге, биылғы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі де азайған. Былтыр 11927,5 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары орындалса, биыл бес миллион теңгенің шамасында ғана екен. Құрылыс жұмыстары көлемінің азаюы да осы жоғарыда аталған республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысымен байланысты. Ал, баспана салу құрылысына тартылған инвес-
тиция көлемі өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайған.Та-
уар айналымы да ауданда 108 пайызға орындалыпты. Сонымен қатар, биыл жыл аяғына дейін 45 пәтерлі көпқабатты үй тапсырылады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауданның елді мекендерінде су құбырларының желілері орнатылып, іске қосылды.
Жұмыссыздық деңгейіне келетін болсақ, аудан басшысының мәлімдеуінше, аудан халқының 16,3 мыңға жуығы жұмысбастылар қатарында болса, тек 0,7 мыңы жұмыссыздарды құрайды. Жұмыспен қамту орталықтарына 891 аудан тұрғыны келіп, олардың 782-сі жұмыспен қамтылған. Тіркелген жұмыссыздар саны 103 адамды құрап отыр. Орташа еңбекақы 94 мың теңге шамасында. Ең төменгі өмір сүру деңгейінің көлемі өткен жылы 24278 теңге болса, биыл бұл көрсеткіш біршама көбейген.
Ауданда білім және медицина салаларына да зор көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларды білім беру мекемелеріне орналастыру мәселелері оң жолға қойылған. Бүлдіршіндердің 99 пайызға жуығы мектепке дейінгі бала бақшалармен қамтылып, шағын орталықтарға орналастырылған.
Негізгі баяндамадан кейін аудан басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан қойылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы сұрақтарына жауап берді. Қазіргі таңда ауданда «Аршалы ауданының энциклопедиясын» құрастыру қолға алыныпты. Ал, Қазақстанның киелі жерлері бойынша ауданды әлі де зерттеу қажет екендігіне көңіл аударылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауданда 400-ден астам іс-шара өткізілген.
Жібек жолы ауылы – халық өте тығыз, ең көп қоныстанған ауыл әрі ол Астанаға жақын елді мекен. Мұнда ресми түрде 6 мың адам тіркелсе, бейресми түрде 16 мың адам тұрады екен. –Бұл мәселені шешу үшін комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Халық саны күн санап өсіп келеді. Оның ішінде демографиялық жағдай да бар. Мұның барлығы әлеуметтік мәселелер. Сонымен бірге, жер алуға 10 мың адам, пәтер алуға 585 адам кезек күтіп отыр. Мұның барлығы алдағы уақыттың еншісінде, – деп түсіндірді аудан басшысы журналистерге.
–Дәрігерлер де тапшы. Бұл мәселені қолдан келгенше шешіп жатырмыз. Соңғы жылдары ауданымызға келген 19 жас маманның әрқайсысына тиісті көтермеақы берілді. Пәтер бөлу жағдайы да қарастырылуда. Алты мектеп түлегін дәрігерлік оқуға жібердік, – деді аудан әкімі.
20 жыл бойы аудан орталығында мешіт болмаған екен. Қалталы азаматтардың, кәсіпкерлердің көмегімен 100 миллион теңге қаражат жиналып, биылғы жылдың тамыз айында жаңа мешіт ашылыпты. Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша атқарылған игілікті істер. Сонымен бірге, осы бағдарлама аясында Жалтыркөл ауылындағы жол күрделі жөндеуден өткені аудан әкімінің брифингінде айтылды.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар