Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік мәртебеңізді тексеріңіз - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік мәртебеңізді тексеріңіз

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін E-gov порталында тексере алады.

Ол үшін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) көрсету жеткілікті. Қызмет көрсету аясында сұрау салушыға «Жалдамалы жұмысшы», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» әлеуметтік мәртебелерінің біреуі көрсетілген хабарлама жіберіледі, егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса, «Анықталмаған статус» деген хабарлама шығады.
Әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өткізетін тұлға туралы ақпарат шығады. Осылай мәртебесі «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар» ретінде анықталған тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды Мемлекет өткізетін болады.
«Жалдамалы жұмысшы» мәртебесі бар тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші өткізуде.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» тұлғалар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өздігінен жүзеге асыруда, бұл ретте ай сайынғы төлемдер мөлшері ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінің
5 пайызына тең. 2017 жылы төлем мөлшері айына 2446 теңгені құрайды.
Нұрбек ҚАЙЫРЖАНОВ,
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар