Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде... - АРҚА АЖАРЫ

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде…

Дәл осылай тауып айтқан дана халқымыздың «Сақтансаң-сақтайды» деп өте орынды ескертуі де тегін болмаса керек. Ал, осы айтылған қанатты сөздерді бүгінгі таңда ең алдымен қатерлі дерт – туберкулезге байланысты қолдануға болады.

Қазіргі таңда облысымызда туберкулезге шалдығу жағдайы тұрақталды деуге әбден негіз бар. Соңғы он жылдың ішінде туберкулезге аталмыш дертке шалдығу көрсеткіші 2,3 пайыз болса, қайтыс болуы көрсеткіші 3,0 пайыз төмендеп отыр. Жыл сайын алғаш жұқтырылғандардың арасында туберкулездің асқынған жағдайларының тіркелуі азаюда. Қалай дегенмен де, соңғы жылдары бұл кеселдің асқынған түрі көбейіп барады. Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде осындай 8 науқас тіркеліп отыр. Туберкулезді бақылау бағдарламасының бір бөлігі санитарлық-ағарту жұмыстары болып табылады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында туберкулезді анықтауда, емдеуде, алдын алудың аса маңыздылығын түсінуде санитарлық мәдениеттілік пен білімділік әліде болса төмен деңгейде екендігін мо-
йындау керек. Сондықтан да, туберкулез – инфекциялық ауру, туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек.
Осы орайда, бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы енетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн. Туберкулез микобактериясын жұқтыру үшін аз мөлшердегі микобактериялар да жеткілікті. Әрбір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10-15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ, микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді. Тек қана микробактерияны жұқтырғандардың 5-10 пайызында ғана туберкулездің белсенді және жұқпалы түрі дамиды. Көп жағдайда иммундық жүйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбеюне жол бермейді. Егер адамның иммундық жүйесі әлсіреген сайын оның бұл ауруға шалдығу мүмкіндігі де жоғарылайды. Көп жағдайда бұл дерт өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. Туберкулез дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндер. Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ, көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілері болады. Бұл дерт бірте-бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілері тіпті апталап немесе айлап болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек.
Екі-үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін. Егерде дене салмағының төмендеп, шаршағыштықты сезінсеңіз, дене қызуының көтерілуі ұзақ уақыт бойы сақталатын болса, тершеңдік пайда болып, кеуде тұсыңыз ауырсынып, шаншыса, тәбет күрт төмендеп, қан түкірсеңіз бұл біз тілге тиек етіп отырған аурудың белгілері деп біліңіз. Осы белгілер пайда болған әрбір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс. Алғашқы медициналық-санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюорографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана дұрыс диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл, қарапайым және арзан әдіс, аталған әдісті жалпы емдеу мекемелерінің зертханаларында қолданады. Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әрбір адамның жұқтыру қаупі бар. Егу арқылы балаларды туберкулезден қорғай аламыз, егер қарсы көрсетілім болмаса, перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, жалпы бұл вакцина балаларға 1 жасқа келгенше жасалынуы керек. Сондай-ақ, балаларға екінші рет 6-7 жас аралығында қайта жасалынады. Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыс-
тарда балалар бақшасы, мектеп-интернаттар және балаларға арналған шипажайлар қарастырылған. Еліміздің тұрғындарына құрт ауруына қарсы көмекті арнайы көпсалалы, қымбат медициналық құрылғылармен, заманауи рентгенаппаратуралармен, жылжымалы флюорографиялық қондырғылармен жабдықталған мекемелер қызмет көрсетеді. Туберкулездің әлеуметтік негіздегі ауру екенін ескере отырып, науқастарға емделу сатыларында материалды көмек көрсету, үздіксіз емделуге ынталандыру ең бас-
ты шаралардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл фтизиатриялық қызметтің маңызды міндеттері болуда. Туберкулездің қатерлі ауру екенін естен шығармау керек. Аурудың уақытылы анықталмауы емделмеу салдарынан асқынулармен қайғылы жағдайларға апарады, керісінше туберкулез ерте анықталып дұрыс ем қабылдаған жағдайда науқастың құлан-таза сауығуы әбден мүмкін. Ем қабылдау тегін және уақытылы анықтаған жағдайда әрқашан тиімді болады.

Марина ОСИПОВА,
Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің №1 өкпе-терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар