Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлық елдің соры - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлық елдің соры

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде «Азаматтық бақылау» жобасы аясындағы қоғамдық қабылдаудың жұмысы қорытындыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында «Жасыл болашақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған жиынға облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, заң бөлімінің мамандары, кадрлық қызметтің, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді ашып жүргізген аталмыш қоғамдық қордың төрайымы, қоғамдық қабылдаудың басшысы Мәриям Әбішева өз сөзінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясындағы қоғамдық қабылдау биылғы жылдың маусым айынан бастап жұмыс істей бастағанын айтып өтті. Бұдан соң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Беспалинов өз мекемесінің жұмыс қорытындысы жөнінде баяндады.
–Бүгін біз бірлескен жұмыстың дәстүрлі қорытындысын шығардық. Қазақстанда соңғы екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту жөнінде нақты қадамдар жасалды. Біздің қоғамның әр мүшесінің қатысуының арқасында бұл жұмыс тиімді жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысына тек қана мемлекеттік аппараттың қатысуы аз. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік аппараттың жұмысына тұрғындардың сенімін арттыруға саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар да ықпал ете алады. Осы орайда, мемлекеттік тапсырыс аясында биылғы жылы азаматтық бақылау атауымен екінші жобаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобаны «Жасыл болашақ» қоғамдық қоры қолға алып, ақмолалықтардың санасын жаңғырту тәрізді бірқатар шаралар өткізді. Бүгінгі таңда біз пара бермеу және оны алмау жөнінде айтудамыз. Шаралар семинар, дөңгелек үстел және мәслихат түрінде өтті. Бұл шаралар біздің әртүрлі санаттағы азаматтармен жақындасуымызға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда біз ақмолалықтардың сенімінің өскенін аңғарамыз.
Осы орайда, мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы да көрінуі қажет. Аталмыш жоба екі жылдан бері тек қана біздің өңірде жұмыс істейді. Бұл үлкен жолдың бастамасы. Ал, үлкен жол кіші әрі сенімді қадамдардан тұрады. Сондықтан, біз мұндай шараларға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің барлық өкілдерін шақырамыз. Сіздер мердігер құқында өз бастамаларыңыз мен ұсыныстарыңызды айта аласыздар. Біз сіздермен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздердің кез келген өтініштеріңіз, ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз бақылауға алынады. Тек қана мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің біріккен күш-жігері бізге сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға мүмкіндік береді,–деді департамент басшысы.
Одан әрі қоғамдық қабылдаудың басшысы Мәриям Әбішева жобаның тұсаукесерін жасады. Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, мұнда мемлекет көрсететін қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен Әдеп кодексінің талаптары жөнінде кеңес беріледі. Қоғамдық қабылдау жұмыс істегеннен бері тоқсаннан астам адам өз өтінішімен келген. Олар мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, жоғары оқу орнына гранттың бөлінуі жөнінде мәселе көтерді.
Бұл сауалдарға толықтай жауап берілді. Кейбір сауалдар қаралуда. Қабылдауға келушілерге департамент өкілдері мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшелері кеңес берді. Шара барысында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында бейнероликтер көрсетілді. Бұдан соң қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарылды. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері аталмыш департаменттің Алғыс хатымен марапатталды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар