Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кемшіліктер түзетіледі - АРҚА АЖАРЫ

Кемшіліктер түзетіледі

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №137 санында «Сбербанктің «құрметі» атты мақала жарияланып, онда «Ресей жинақ банкі» акционерлік қоғамы еншілес банкінің Көкшетау қалалық филиалының банкоматтарында қазақ тілінде қызмет көрсетудің сын көтермейтіндігі айтылған еді. Жуырда редакция газет сынына филиал директоры Ә.С.Махмудовадан төмендегідей жауап алды:

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Көкшетау қалалық филиалы сіздердің жолдаған хаттарыңызды қарап, Ақмола облысы және Көкшетау қаласы бойынша банктің 25 банкоматы орнатылғанын, соның ішінде 8 банкоматта TellMe жаңа бағдарламалық жасақтамасы енгізілгенін хабарлайды. TellMe бағдарламалық жасақтамасы банк клиенттеріне қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ, қазіргі кезде қазақ тіліндегі баптау-
ларда қателер бар. Бұл қателер бо-йынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, оның шамамен аяқталатын мерзімі 2018 жылдың бірінші тоқсанының соңы. Қалған 17 банкоматта қазақ тілінің баптаулары дұрыс, осыған көз жеткізу үшін чектің көшірмесін қоса ұсынып отырмыз.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде банкоматтармен қазақ тілінде жұмыс істеу кезінде келтірілген қолайсыздықтар үшін банк клиенттерінен кешірім өтінеміз».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар