Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақыт жаңа көзқарасты талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Уақыт жаңа көзқарасты талап етеді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше ыждаһаттылықпен ден қойылуы көп жайды аңғартса керек. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында елімізде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» республикалық кешенді бағдарламасы қабылданып бекітілді. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында, біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында көптеген игі істер атқарылып, жүзеге асып отыр.

Атап айтсақ, осы мақсатта республикалық бюджеттен 11,218 миллиард теңге, ал, облыстық бюджеттен 4,8 миллиард теңге қарастырылған. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде денсаулық саласында көптеген мәселелер біршама оң шешімін тапқан. Ағымдағы жылы бірқатар медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталып, бірнеше нысанның бой көтеруіне мүмкіндік туды. Мәселен, Ақмола облысындағы денсаулық сақтау саласының үш жаңа нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, Бурабай ауданына қарасты Кенесары және Есіл ауданындағы Интернациональное
ауылдарында дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ, Зерендіде аудандық емхана салынуда. Жалпы, облыста барлығы 587 денсаулық сақтау саласының мекемесі бар. Үлкенді-кішілі 31 аурухана, 7 емхана, 48 фельдшерлік-акушерлік пункт, 400-ге жуық медициналық пункттер, оған қоса 99 дәрігерлік амбулатория мен тағы басқа медициналық мекемелер халық денсаулығы күзетінде тұр. Денсаулық сақтау саласына қарасты нысандарының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығаюда. Қазір қаладағы жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттандыру қызметі (АДИС) бойынша жұмыс істейді. Жергілікті бюджет есебінен 4 мекемеге АДИС бағдарламалық кешен тартылса, сонымен қатар, 205 бірлік медициналық техника, 33 санитарлық автокөлік, 1 микроавтобус сатып алуға қаржы бөлінді.
Қай салада болмасын іс тетігін кадр шешеді. Олар жеткілікті болса әрі біліктілігі жағынан көңілімізден шығып отырса, біраз мәселелер шешілетіні айқын. Жасырары жоқ, жас кадрлардың тұрақсыздығы байқалады. Алайда, біз бұл мәселенің де оң шешімін табуға тырысып жатырмыз. Мәселен, ағымдағы жылы 140 дәрігер, 244 медициналық қызметкер жұмысқа қабылданды. Қызметке орналасып жатқан мамандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 61 маман баспанамен қамтамасыз етілді, олардың 20-сы осы облыс орталығындағы дәрігер мамандар екендігін баса айтқанымыз жөн. 39 медициналық қызметкерге 6,2 миллион теңге көлемінде көтерме ақы төленсе, 65 маманға 217,3 миллион теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие берілген.
Облыс тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. Әсіресе, ауыл тұрғындарының жағдайы ескерілген. Биылғы жылы 130 мыңнан астам емделушіге дәрі-дәрмек жергілікті бюджет есебінен тегін берілді.
Бұл мақсатқа 3,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолында алдымен ана мен бала денсаулығы басты назарда. Өйткені, ұрпақ болашағы–ұлт болашағы. Облыстағы медициналық мекемелер қызметі ана мен сәби өлімін азайту, туберкулез дерті мен басқа да әлеуметтік-маңызы бар аурулардың көрсеткішін төмендетуге бағытталған. Бала туу жасындағы әйелдер сәби көтермес бұрын дәрігер кеңесіне жүгінгені абзал. Кейбір әйелдерге бала көтеруге мүлдем болмайды. Оның да өз себептері бар. Мәселен, психикалық ауытқуы бар, құрт ауруына шалдыққан тағы мұнан да басқа жалпы болашақ сәбидің өміріне қауіп төндіретін себеп салдарды дәрігер байқаған болса, онда міндетті түрде арнайы маманның ақылына құлақ асқан жөн. Әйтпеген күнде құрсақтағы бала туа біткен ауруларға шалдығуы мүмкін. Осы орайда, уақытылы аурудың алдын алу нәтижесінде облысымызда ана мен бала өлімі өткен жылдармен салыстырғанда үш есе төмендеген.
Қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында скринингтік бағдарламалар жүзеге асуда. Қазіргі таңда онкологиялық диспансер мен оның бөлімшелері заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен, арнайы қажетті химияпрепараттарымен толықтай қамтамасыз етілген. Өткен жылмен салыстырғанда облыста құрт ауруына шалдыққандар 60,6 пайыздан 50,8 пайызға төмендеген.
Бүгінде ел халқын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмысшы топ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру насихаттау жұмыстары жүргізуде. Штаб мүшелері медицина қызметкерлері арасында да семинарлар ұйымдастыруда. Алдағы уақытта да жаңа жүйе кеңінен
насихаттала бермек. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына барлығы 4136 медициналық қызметкер тартылған.
Өмірде адам денсаулығынан асқан қазына жоқ. Елбасының сындарлы саясатын қолдап, ақ халаттыларға жүктеген сенім жүгін абыроймен ақтау біздің парызымыз. Уақыт бізден өз жұмысымызға жаңаша көзқарасты талап етіп отыр. Алда көп жұмыстар күтіп тұр. Оның бәрі ізденіспен ұштастырылуы керек. Соны табандылықпен еңсере білейік.
Сәуле Қисықова,
Ақмола облыстық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар