Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді - АРҚА АЖАРЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді

2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңында көзделген сенаторлардың түзетулерімен келісті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутова 2018 жылдан 2020 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) мерзімін кейінге ауыстыруға қатысты заң жобасы барлық нормаларды қамтитынын хабарлады.
Оның айтуынша, алдағы екі жылда міндетті медициналық сақтандыруға арналған жарнаны жинау жұмыс берушілерден тек төлем түрінде жүргізілетін болады. Сонымен бірге, жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына аударымдардың мөлшері 5 пайыздан 3,5 пайызға төмендейді. Тиісінше, жұмысшының табысынан алынған 1,5 пайыз айырмашылықты жұмыс беруші әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.
Барлық қалған салық төлеушілер, атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар, 2018 және 2019 жылдары төлем жасамайды. Сондай-ақ, мемлекет жауап беретін жеңілдікті санаттағы тұрғындар үшін төлемдер жасау басталмайды. Осының барлығы 2020 жылдан басталады.
Азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз.
Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылдан бастап 2 пайыз ұстап, қорға аударады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан 2022 жылдарға дейін сақтандырылмаған халыққа тегін медицинамен кепілдік берілген көмектің оңтайландырылған пакетін ұсынуды сақтау жоспарланып отыр.
Қор 2018 жылдың 1 қаңтарынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және медициналық қызметтерге бірыңғай төлеушілер үшін оператор болып табылды. Бұл сатып алу, сапаны бақылау және медициналық қызмет ақысын төлеу, жоспарлау механизмін жетілдіру үшін мүмкіндік береді.

Н.АҚЫЛБЕКОВ,
Ақмола облысы бойынша филиалдың директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар