Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кедергілер біртіндеп жойылуда - АРҚА АЖАРЫ

Кедергілер біртіндеп жойылуда

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың қатысуымен өткен партиялық тыңдауда өңірде «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бо-йынша бірыңғай бағдарламаны жүзеге асырудың өткен жылғы қорытындылары шығарылып, биылғы жай-жапсары талқыланды.

Шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, екінші деңгейлі банктер мен бизнес өкілдері қатысты. Алдымен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Дос-хан Әміреновтың баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, өткен жылы облыс бо-йынша 55,8 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 56 субъектіге көп. Осының арқасында 6,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, осы салада еңбектеніп жүрген адамдардың саны 129,7 мыңға жетті. Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің атқарған жұмысы, өндірген өнімі және қызмет көлемі 436,8 миллиард теңгені құрады. Оған қоса, осындай субъектілерді жаңадан ашу және қолда барын дамыту үшін бір жылдың ішінде 67,4 миллиард теңге несие берілген. Бұл жағынан алғанда облыс республика бойынша көш бастап тұр.
–Өңірде бірыңғай мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта 2017 жылы облысқа 2,8 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 2,7 миллиардтан астам теңгесі республикалық бюджет пен ұлттық қор есебінен алынса, 65,7 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді, – деді Досхан Әміренов.
Сонымен қатар, шарада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Сәуле Әбішева мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Қайрат Сұлтановтың да баяндамалары тыңдалды. Даму қоры өкілінің сөзінше, биылғы жылы облысқа кәсіпкерлікті дамыту үшін 1 миллиард қаржы қарастырылып отырған көрінеді.
Ал, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы болса, қолдау тапқан жобаларды субсидиялау құралдары бойынша бөлінетін қаржының тапшылығы барын атап өтті. Аталған мәселе кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының араласуымен шешіліп отыр. Нәтижесінде бөлінген қаражат қолдау тапқан жаңа жобаларға бағытталды. Мәселен, 2016 жылы бағдарлама шеңберінде құны 1,175 миллиард теңгені құрайтын 145 жобаға қол қойылды.
–Екінші деңгейлі банктер тарапынан өтініштер ұзақ уақыт қаралады. Көптеген банктер ауыл шаруашылығына қатысты және бастау алды жобаларды несиелеуге құлықсыз, – деп атап өтті Қайрат Сұлтанов.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға жеткізу туралы міндет жүктеген болатын. Отандық бизнестің, әсіресе, шағын және орта бизнестің хал-жағдайына жалпы еңбек нарығындағы жағдай не болмаса бюджеттің толығуы, сондай-ақ, кең ауқымды мемлекеттік жоспарлардың орындалу тиімділігі де тікелей байланысты. Сол себепті де, бұл жолғы партиялық тыңдауды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бизнес климатты жақсарту, кәсіпкер құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері үнемі партия бақылауында болатынын атап өтті.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар