Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Робот құрастырушылар байқауы - АРҚА АЖАРЫ

Робот құрастырушылар байқауы

Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында мектеп оқушылары мен колледждердің білім алушылары арасында «AQMOLA Robotics Challenge» атты екінші облыстық робототехника байқауы болып өтті. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысты.

Жасөспірімдердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру, білім саласындағы робототехниканы насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 11 мен 17 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Әсемгүл Сүлейменова робототехника сайысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп жатқанын айта келе, бүгінгі таңда облысымызда шамамен 120-ға жуық робототехника сыныптары жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандары мен Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларынан жиналған 160-тан астам оқушы робот құрастырудан білімдерін көрсетті. Олардың өнеріне «Білім-инновация» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымының магистрі Нұрсұлтан Ахметов төрағалық еткен қазылар алқасы әділ баға берді.
Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде құттықтау сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова біздің жаңа технологиялардың дәуірінде өмір сүріп жатқандығымызды, сол себепті де дамыған мемлекеттерден қалыс қалмау үшін балаларды ғылымға тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
– Өткен жылғы байқаумен салыстырғанда биыл қатысушылардың саны екі есеге көбейгені жастарымыздың робототехникаға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жуырда ғана біз Астанадағы ЭКСПО қалашығымен меморандумға отырдық. Біздің ақмолалық оқушылар басқа облыстардың жас зерттеушілерімен тәжірибе алмасуы үшін келесі байқауымызды осы ЭКСПО қалашығында өткізуге ұсыныс білдіргім келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Инновациялық идеялар конкурсының нәтижесі бойынша мектеп оқушылары арасында бірінші орынды Көкшетау қаласындағы «Роботрек» клубының «Роботрек» командасы иеленді. Ал, колледждің білім алушылары арасында бірінші орынға Степногорск қаласындағы №2 индустриялық-техникалық колледжінің командасы лайық деп танылды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар