Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арақ пен есірткі жұқпалы дертті өршітеді - АРҚА АЖАРЫ

Арақ пен есірткі жұқпалы дертті өршітеді

Қоғамымызда араққа салынған адамдардың туберкулезбен ауырғандағы ауыр халі жанымызды мазаламай қоймайды. Өйткені, мұндай науқастардың осы жұқпалы дерттен емделіп жазылуы көп жағдайда қиынға соғып жатады. Алкоголизм дертіне шалдыққан жандардың арасында туберкулез кең тараған деп айтуымызға болады. Әдетте, мұндай науқасқа 30-60 жастың аралығындағы ер адамдар шалдығады. Туберкулез, алкоголизм мен нашақорлық проблемасы өкінішке орай, біздің елімізде бұрынғы кезден бері өзінің дұрыс шешімін тапқан емес. Араққа салынған және есірткі шегетін адамдардың арасында туберкулездің бел алуы өкпелерінде түрлі кінәраттардың пайда болып, ағза иммунитетінің азаюынан, жеткіліксіз тамақтанудан болады десек, қателеспейміз. Бұл әрі ғылыми жолмен нақты дәлелденген.
Өрбитін туберкулез процесі науқастың ішімдікке қаншалықты салынғандығына байланысты. Егер ол мүлдем арақтың соңына түскен болса, онда жағдай қиын. Аурудың бет алысы ауырлап, бәрі өкінішпен аяқталуы мүмкін. Мұндайда арақтың әсерінен әлсіреген бауыр жұмысы да туберкулездің созылмалы түрінің жиі байқалуына әкеліп соғады.
Араққа немесе нашақорлыққа салынған адамның ағзасының қорғаныс қабілеті де онша болмайтындығы белгілі. Осыдан барып өкпенің және өзге де тыныс жолдарының жұмысы әлсіреп, пневмосклероз, эмфизема, бронхит сияқты қосымша сырқаттардың көрініс беруі де әбден мүмкін. Оның үстіне мұндай адамдар темекіні де бірінен соң бірін тартып, ағзасын одан әрі улаумен болады. Көзіміз көріп жүргеніндей, мұндай науқастар әрі дәрігерлерге кеш қаралады. Сондықтан, олардағы өкпе туберкулезі асқынып, бациллалар бөлу арқылы айналасына қауіп төндіруі ықтимал. Қан түкіру және өкпеден қан кетуі мұндайда осы ауруға бірге ілесіп отырады. Біздің облысымызда тек 2017 жылы ғана пациенттердің 38 пайызында алкоголизм мен туберкулездің бірлескен формасы байқалды. Бұл әрине, әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда да өте алаңдатарлық жағдай.
Айта берсе, арақ пен есірткіге салынушылық туберкулездің фиброздық-каверноздық созылмалы ауыр дертіне де әкеліп соғады. Онымен күресіп, жеңіп шығу үшін науқас пен дәрігер ауруға қарсы бірлесе әрекет етуі керек. Ал, аурухана тәртібін бұзғаны үшін мұндай адамдардың диспансерден мерзімінен бұрын шығуына тура келгенінде, емнің тиімділігі туралы қалай сөз қозғауға болады? Осы мәжбүрлі үзілістердің өзі-ақ мұндай науқастардың тез жазылуын тым ұзаққа создырып, дәрігерлерді айтарлықтай әуре-сарсаңға салады.
Бірақ, бұл орайда мұндай ауыр контингенттің айтқанына көніп, айдауына жүріп, қол қусырып отырар адамыңыз біз емес. Мұндайда кез-келген осындай науқасты арақ пен есірткіге салынушылықтан, сондай-ақ, туберкулез дертінен кешенді түрде емдейтін ем шаралары қолға алынады. Айталық, химиятерапияның тиімділігі жоғары емдеу шараларын қолдану белгілі бір деңгейде өз нәтижесін беріп, қосалқы патологияларды бәсеңдетудің немесе ошағын тежей түсудің есебінен мұндай науқастарды стационарда жеткілікті мерзім бойына ұстауға жағдай туғызады. Сөйтіп, дәрі-дәрмекті қабылдау, тамақтану тәртібін бақылаудың нәтижесінде оларды емдеп жазуда да біраз жетістіктерге қол жеткізіліп келеді.
Дегенмен, стационардағы емделу тәртібін бұзу оқиғаларының 90 пайызы араққа салынған адамдардың үлесіне тиетіндігін айта кеткен жөн. Ақмола облысының аумағында соттың шешімімен мұндай емдеу орнының ішкі тәртібіне бағынбайтын науқастарды облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің Мариновкадағы бөлімшесінде мәжбүрлеп емдеу жүзеге асырылады. Айталық, 2017 жылы бұл бөлімшеде араққа әбден тәуелді болып кеткен 123 пациент мәжбүрлі түрде туберкулез ауруынан тиісті ем алды.
Алкоголизм және нашақорлық патологиясы бар науқастардың туберкулезден болатын өлім-жітімі мынаны көрсетіп отыр. Әлемдік статистикалық мәліметтерге сүйенсек, олардың 72 пайызы 40-49 жас аралығында туберкулездің, көп жағдайда казеоздық пневмонияның өршуінен қайтыс болған. 73,3 пайызы олардың бойында туберкулез анықталғаннан кейін 10 жылдың ішінде көз жұмған. Туберкулез мәлім болған уақыт пен бұл өлім-жітімнің арасы нақтырақ айтсақ, 6,7 жылды ғана құраған. Бұл – араққа салынбайтын науқастардың өмір жасына қарағанда анағұрлым аз.
Сондықтан да, әр адамның өмірі мен денсаулығы оның өз қолында дегіміз келеді. Осы мақаланы оқыған адамдар бұдан қорытындыны өздері шығара жатар деген ойдамыз.

Лилия ВЫСОЦКАЯ,
Қ.Құрманбаев атындағы
Ақмола облыстық туберкулезге
қарсы күрес диспансерінің кеңес
беру-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаттағы фтизиатр-дәрігер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар