Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбекақы уақытында төленуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбекақы уақытында төленуі тиіс

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмыс тобының селекторлық кеңесі болып өтті.

Қала мен аудан әкімінің орынбасарлары, прокуратура органдарының, департаменттер мен басқармалардың, кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Ақмола облысының кәсіподақ орталығының, кәсіпорындардың басшылары қатысқан отырыста облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбекақы қарыздары, ұжымдық келісім-шарттардың өзектілігі мен жүзеге асырылуы, сондай-ақ, әлеуметтік аударымдар жөнінде мәселелер қаралды.
Дағдарысқа қарсы штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары кәсіпорындардың басшыларына еңбекақы төлемі бойынша жинақталған қарыздарды жауып, алдағы уақытта оларды болдырмау жөнінде міндеттер жүктеді. Мәселен, Ақкөл, Аршалы, Біржан сал, Ерейментау, Зеренді аудандарының әкімдеріне өңірлерде әлеуметтік шиеленістердің алдын алу үшін еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындарды бақылауға алу жүктелді. Ерейментау ауданының әкіміне жұмысшылардың еңбекақы қарызын жабу үшін «Құлагер-Тас» серіктестігінің кәсіпорны балансындағы мүлікті сату тапсырылды.
Еңбек инспекциясы басқармасына Біржан сал ауданының «Еңбек-Целина» серіктестігі, Зеренді ауданының «Зеренді-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Ерейментау ауданындағы «Құлагер-Тас» серіктестігінің кәсіпорны еңбекақыны уақытында бермеген. Сөйтіп, олар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзған. Осы орайда, кәсіпорын басшыларын қылмыстық жазаға тарту мәселесі қаралды. Бұл іс Ақмола облысының құқық қорғау органдарына жолданбақшы. Алдағы уақытта жұмысшылардың еңбекақысы уақытында төленуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс толас-тамайды. Инспекция еңбек заңнамасы нормаларының бұзылуын қатаң бақылауға алып отыр. Бұл шара жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттырады. Еңбекақыны уақытында әрі толық төлемейтіндердің аты-жөндері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудан әкімдіктері еңбек инспекциясы жөніндегі басқармамен, облыстық кәсіподақтар орталығымен және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ұжымдық келісім-шарттардың және ұжымдық келісім-шарттар жасаған кәсіпорындардың тізімін ұсынбақшы. Кәсіпорындар мен ұйымдар өз ұжымдық келісім-шарттарында жұмысшылар үшін қосымша кепілдіктерді енгізу мәселесі бо-йынша жұмыстар жүргізуі тиіс. Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудан әкімдеріне, мемлекеттік кірістер департаменті басшысына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және еңбек инспекциясы жөніндегі басқармамен бірлесіп, кәсіпорындарда міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдарды уақытылы аударуды бақылау тапсырылды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар