Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен мәжілістің мәмілесі - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен мәжілістің мәмілесі

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен мәжілісінде «2017 жылдың облыстық бюджетінің орындалуы туралы» мәселе қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан бірлескен отырысты облыстық мәслихаттың хатшысы, Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдин ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндама жасады. Ол өз сөзінде өткен жылдың ішінде облыстық бюджеттің 4 рет нақтыланып, 11 рет өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 168 миллион 469,7 мың теңгенің көлемінде белгіленсе, жоспарлы тапсырма бұдан 20 миллион теңгеге артық орындалды. Ал, шығыс бөлігі жоспардың 99,9 пайызын құрады. Соның ішінде бюджеттің қаржысы денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына бәрінен көп жұмсалғандығын айта кету керек.
Былтыр өткен жылдардың қарызы 490 миллион теңгеден қысқарғанымен, әлі бұрыннан келе жатқан 317 миллион теңге қарыз бар. Депутаттар және Қоғамдық кеңес мүшелері отырыс барысында осы мәселеге қатты мән берді. Олар өз сөздерінде қаржы басқармасының тіпті сонау 2005-2007 жылдардан қалыптасқан осы қарыздарды қайтаруда белсене жұмыс істеуі керектігін алға тартып, әзір олай болмай отырғандығына алаңдаушылық білдірді. Сонымен бірге, бірқатар ведомстволардың тарапынан бюджеттен бөлінген қаржының жылдан-жылға толық игерілмейтіндігіне де назар аударылып, осының себеп-салдарына ден қойылды. Сөзіміз жалаң болмас үшін өткен жылы осылайша құрылыс басқармасында 90,8 миллион теңгенің, ауыл шаруашылығы басқармасында 58,9 миллион теңгенің, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында 27,5 миллион теңгенің игерілмегендігін айтсақ та жеткілікті.
Бұл орайда, жылдың екінші жарты жылдығында, әсіресе, жыл аяғына қарай бюджеттен қаржы бөлу мәселесінде сақ болу жөнінде білдірілген ұсыныстың жаны бар. Себебі, құрылыс жүргізуге, тағы басқа осындай мақсаттарға бағытталып жататын қаржы конкурстық процедураларды өткізіп үлгермегендіктен игерілмей жатады.
Бұдан кейін отырыста осы бюджет мәселесіне қатысты Ақмола облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекеновтың есепті баяндамасы тыңдалды. Онда да 2017 жылдың облыстық бюджетінің орындалу барысы жан-жақты қамтылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштеріне, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына және жекелеген бағыттар бойынша қол жеткен көрсеткіштерге, сондай-ақ, осы тұрғыда орын алып отырған олқылықтарға тиісті баға берілді.
Одан әрі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылатын мәселелер бо-йынша Ақмола облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақованың есептері тыңдалып, мақұлданды. Соның ішінде Степногорск қаласындағы бірқатар орта мектептерді қазақ зиялыларының есімдерімен атау жөнінде еңбек ұжымдарынан ұсыныстардың келіп түскендігі көңілімізді бір көтеріп тастады.
Бірлескен отырыста осы мәжілісті өткізудің регламенті туралы да сөз қозғалып, күн тәртібіндегі мәселелердің бәрін мұқият қарап шығуда асығыстық орын алмай, қажетінше уақыт бөлінсе деген де тілектер айтылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар