Search Results for: Жолдау

Ұстаз мерейі

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен кезінде ұлы ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсарин бабамыз. Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Жолдауында да баса атап көрсетті. Шынымен де, ұстаз болу қиын іс. Әр баланың қилы тағдыры бір ғана жанның қолында. Және де мұғалімнің жұмысы сабақ аяқталғаннан кейін де тоқтап қалмайды, «заманына қарай адамы» дегендей, қазіргі мұғалімдердің жұмысы электрондық форматта бір тыным таппайды. Оған ата-аналармен, оқушылармен ортақ ашылған WhatsApp желісіндегі чаттарды қосыңыз. Бір сөзбен айтқанда, күн демей, түн демей ұстаздың жұмысы мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін де жалғасын табады. Мұғалім болу еріккеннің жұмысы емес екенін осыдан да әбден аңғаруға болады. Өз ісіне шынайы, таза жүрегімен берілген адам ғана бүгінгі таңда «Ұстаз» атты ұлағатты атаққа ие…
Read More

Жұмыспен қамту жаңа Әлеуметтік Кодекске сай жүргізіледі

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтары таратылады, оның орнына еңбек ұтқырлығы мен мансап орталықтары пайда болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллинамәлімдеді. −1 шілдеден бастап Ақмола облысында қабылданған әлеуметтік Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы жанынан облыстық еңбек ұтқырлығы орталығы құрылады. Штат бойынша онда 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Ал, аудандарда карьерлік орталықтар құрылатын болады. Ең бастысы,облыстың өңірлерде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын реттеуіне мүмкіндігі арта түседі.Ақмола облысында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу мәселесі шамамен 10 жыл бойы пысықталуда. Бұдан басқа, жұмыспен қамтудың қандай да бір шараларына жолдау үшін жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен сұраныс пен ұсыныс мәселесі бөлек талқыланады. Жұмыссыздар қажетті мамандықтар бойынша оқитын болады. Оларды оқыту үшін колледждердің тізімі бекітілді, −деді Шолпан…
Read More

Оқушы үшін барлығы «Жайлы мектеп» болуы тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан  болатын. Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде, тіпті ауылдық жерлерде де жоба бойынша мектептердің іргетасы қаланып қабырғасы көтеріле бастады. Әрине, Президенттің тапсырмасын Үкімет өз қадағалауына алып отыр. Ендігісі тек істі нәтижелі әрі уақытылы аяқтау ғана. Президент әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс, – деп тапсырды.   Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ. Мойындауымыз керек, бүгінде еліміздегі мектептердің басым көпшілігі үш ауысыммен оқуға мәжбүр. Әсіресе, мұндай жағдай тұрғындар көп шоғырланған қалалар мен елдімекендерге тиесілі.  Астана іргесіндегі елді мекендердегі мектептің  жайы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қамқорлығы пен бақылауында тұрғандығы бізді шын қуантады. Қазіргі таңда Ақмола облысында…
Read More

Нашақорлыққа қарсы күрес – көкейкесті мәселе

1997 жылы БҰҰ-ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төтркүл дүние жұмыла күресуде. Дегенмен ол жыл санап көптеген жанның санасын улауда. Сондықтан, осындай шараларды өткізудің маңызы орасан. Өйткені, жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар, әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіріп отырғандығын айта келіп, есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырғаны баршамызға белгілі. Қоғамның дертімен бірлесе отырып күресу – ортақ міндет. Өйткені, адам – қоғамның басты байлығы. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы, өзін-өзі тәрбиелей білуі, денсаулығын қорғай отырып, адамдық қасиетін жоғалтпауы, салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы өмір сүруінің өзі бір бақыт. Есірткімен…
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

 Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасы – жалпыұлттық қазына. Бұл қазына әрдайым қуатты, шығармашылық нәрге ие әрі қоғамның дамуына, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуге мықты негіз болады. Мәдени құндылықтар біздің өміріміздің маңызды аспектілерінің бірі әрі әрдайым рухани байлығымызды молайтатын нәр болып қала береді. «Қоғамды  топтастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен рөл беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстанның мүмкіндіктері кең, оның ішінде халықаралық аренада тиімді жайғастыру мүмкіндіктері де бар» деп атап өткен болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында. Облысымызда мәдениет саласын дамытуға мейлінше көп көңіл бөлінуде. Соңғы үш жыл ішінде 78 нысанды жөндедік. Бұл жұмысқа бюджеттен 4,8 миллиард теңге қаражат бөлінді. Үстіміздегі жылы 5 миллиард теңге бағытталмақ. Бұл қаржыға 8 мәдениет нысанын…
Read More

Екі жақты пайдалы кездесу

ZOOM платформасы арқылы бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік даму және ғылым комитеті мүшелерінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларымен кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың – Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары шақырылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты ел халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде білім беру және еңбек салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева біздің өңірдегі Жолдауды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстар айтты. Кездесуге қатысушылар көптеген өзекті тақырыптарды көтерді, бейінді министрліктердің өкілдерімен мазмұнды диалог өтті. Айнагүл Қыдырбайқызы сенаторлармен алғашқы кездесу іскерлік негізде өткенін, Сенат пен мәслихат депутаттарының өзара іс-қимыл нүктелері белгіленгенін атап өтті.…
Read More

ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне (Журналистер күніне) орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлайды. Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей: Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы; импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану; Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы; ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер; табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек: спорт және салауатты өмір салты; жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар. Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек. Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады. Материалдар мен анкеталық…
Read More

Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді. Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Депутат Сенаттың негізгі функцияларының бірі – өңірлердің мүдделерін білдіру екенін және мұндай кездесулер өңірдегі проблемалардан хабардар болуға, сондай-ақ бар мәселелерді шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін еске салды. «Сенаторлар бүгінгі таңда ел өңірлерімен тығыз байланыста және билік пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысында АӨК дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне баса мән беріліп келеді, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі…
Read More

Қаламгерлерге арналған байқау

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне (Журналистер күніне) орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлайды. Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей: Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы; импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану; Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы; ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер; табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек: спорт және салауатты өмір салты; жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар. Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек. Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады. Материалдар мен анкеталық…
Read More

Сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады – Үкімет

- ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын. «Жалпы, мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс», — деді ҚР Президенті. Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 млрд теңге 3…
Read More

Серінің әуеледі әсем әні!

Облыс орталығындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі халқымыздың біртуар перзенті, ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай, республикалық дәстүрлі әншілер байқауын өткізді. Сарыарқаның сайын даласы. Масатыдай құлпырған далада жан жүрегіңді ғажайып сезімге бөлейтін әуелеген ән есіп тұр. Кейінгі ұрпағына өлмес-өшпес рухани мұра қалдырған Арқаның әншілік мектебінің жарық жұлдыздары Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың ғажайып әндері Көкшенің биігін көктей өтіп, бар қазақтың даласына тарап жатқандай. Сахнадағы Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Гүлмира Ордабаева жетекшілік ететін «Жарқын» халық би ансамблінің орындауындағы «Қоштасу» биі осы бір салтанатты сәтті көз алдыңа әкелгендей. Шет-шегі жоқ дархан дала өнер құдіретімен тебіреніп, теңіздей толқып тұр. Арыдағы төл өнеріміздің теңдесі жоқ алыптары рухымен жебеп, махаббатымен демеп, ән бесігінде тербетіп, әр көңілді көктем етіп, сусындатып тұр. Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай…
Read More

Ерейментаулықтар өз мұқтаждарын ортаға салды

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекіткен болатын. Сол тәртіп бойынша  барлық деңгейдегі әкімдер  халыққа есеп беру кездесулері барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етіп,  есеп беру кездесуін өткізерден бір күн бұрын және одан кейін азаматтарды жеке қабылдаулары керек.   Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ Ерейментау мен Шортанды аудандарында болып, осы өңірлердің халқымен есеп беру кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму барысы сөз болып, өзекті мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді. ЕРЕЙМЕНТАУ.  Облыс әкімі осы аудандағы  жұмыс сапары барысында  алдымен, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Алғашқы барған нысанның бірі Торғай ауылында орналасқан «Сыроделкино» деп аталатын отбасылық…
Read More

Адам тағдыры ойыншық па?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы көптеген ақпаратқа қанық боласың. Мәселен, соңғы уақытта адам саудасы туралы ақпараттар ашық жарияланып жатыр. Сондай ақпараттың бірі біздің Ақмола облысына қатысты болғаннан соң, біз де елең ете түстік. Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғыны өзін құлдықтан құтқаруды өтініп, әлеуметтік желіде көмек сұрап, жанайқайын жеткізуде. Жәбірленушінің айтуынша, ол бір жарым жыл Қорғалжын ауданында тұрып, одан кейін Степногорск қаласына кетіп, жылқы баққан, асау үйреткен. Алайда, бұрынғы жұмыс беруші шаруа иесі оны тауып алып, соққыға жығып, Қорғалжын ауданында қол-аяғын байлап ұстап, тіпті денесіне таңба салған деседі. Ол жерден қашып шыққан азамат тәртіп сақшыларына арызданған екен. Қазір полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. «Мені қинап, денеме таңба салған кезде жанымда төрт кісі болды. Шешеммен сөйлестірген кезде қасымда кісілер отыратын. Мен ол жерден қашып кеттім. Арыз жаздым. Мені қорқытқанын айттым.…
Read More

Айгүл Темірова: Дәрігерге керегі – адамгершілік, төзім, сауаттылық

- Ақ халат киген дәрігерлер, ем іздеген науқастар Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының қалпына келтіру емі бөлімшесінің дәрігері Айгүл Темірованың күнделікті өмірі. Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын өз қызметіне адал жанның жеткен жетістігі мен алған асуы өзімен иық тірестіріп жүрген әріптес іні-қарындастарына үлгі болардай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кейіпкеріміз еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында медицина саласында биік белестерге қол жеткізіп келеді. Білікті маман әрі өз ісіне адал жан дәрігер болуды бала кезінен армандаған екен. «Мен өзім Новосібір облысының тудым. Мектепте жоғары сыныпта оқып жүргенімде соқыр ішекпен ауруханаға түстім. Сол кезде маған аурухананың атмосферасы қатты ұнағаны соншалық, мен дәрігер болуды шештім. Мектеп бітірісімен бірден Новосібір университетіне оқуға түсуге бел будым. Алайда, кейін бірінші емтиханды тапсырған соң, құжаттарымды қайтып алдым. Өйткені, бірден университетте оқуға жүрексіндім. Сөйтіп, Новосібір медициналық училищесіне түсіп, диплом алып…
Read More

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

– Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: - Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде; - Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады. «Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады» делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді», - деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына. Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.
Read More