Search Results for: Жолдау

Қазан қаласында орын алған жағдай бізге де сабақ болғаны абзал

Жуырда Татарстанның астанасы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған жантүршігерлік қайғылы оқиға барша халықты шошытқаны мәлім. 19 жастағы қылмыскер қолынан қаншама оқушы мен мұғалімдер құрбан болды. Зардап шеккендердің туған-туыстарына барша қауым көңіл айтуда. Бізде Бейкүнә балалар мен мұғалімдердің жандары жәннатта болсын дейміз. Аталмыш қанды оқиғадан кейін Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге еліміздегі білім беру нысандарына күзетті күшейтуді ұсынды. Олар елдегі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің терроризмге қарсы қауіпсіздігі туралы заңнамадағы талаптарға тағы бір рет назар аудару қажеттігін айтты. Шынымен де, еліміздегі мектептерде күзет қызметін көбінесе зейнет жасындағы вахтерлар атқаруда. Олармен жылы-жылы сөйлесіп, сыпайылық танытып, сенімді әңгімелескен адам ғимаратқа ешбір кедергісіз кіріп кете алады. Тіпті, кез келген бір білім ордасына қараниетті адам кіріп, алдында тұрған қарт күзетшіні көргенде одан қандай қарсылық күтеді дейсіз. Осыған ұқсас мәселелер…
Read More

Қарағай өсіп, жайқалады

«Жасыл желек – жердің көркі» деп текке айтылмаған. Көгалдандыру жұмыстарына елімізде әрдайым үлкен көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында да экология, оның ішінде көгалдандыру жайына арнайы тоқталып, атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктелген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу мақсатында Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бас-тамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Департамент басшысы Берген Беспалинов бас болып, барлық ұжым мүшелері қатысқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген бұл акция Көкшетау қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысындағы «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызудан басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарағайды таңдау себебі, бұл ағаштар кез-келген жерде тамыр жайып, тез өседі. Сонымен қатар, ауаға пайдалы…
Read More

Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) сарапшылармен бірлесіп Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының (бұдан әрі – тұжырымдама) жобасын әзірлеуде. Оны ағымдағы жылдың шілде айында Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару жоспарланып отыр. Әлеуметтік кодексті (бұдан әрі – Кодекс) әзірлеудің мақсаты азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады. «Қазіргі уақытта қазақстандықтарға 1 Кодекспен, 16 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттелетін әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Әлеуметтік кодекс азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленеді және адам өмірінің әрбір кезеңіне қатысты бөлімдерді қамтиды. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай түсінуге мүмкіндік береді», –…
Read More

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы

Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген сенімді паш ететін мереке. Ол әрбір қазақстандық үшін ерекше қымбат, өйткені, бірлік біздер үшін әдемі метафора ғана емес, бұл ең алдымен баға жетпес құндылық. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қалыптасудың күрделі жолынан абыроймен өтіп, Қазақстан дүниежүзілік бейбітшілік пен келісім мекені атанып қана қоймай, әлем елдері алдында биік беделге, құрметке ие болды. Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық тепе-теңдікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарында ол өзінің басты міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруды табысты орындауда. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметіне «Қоғамдық келісім» мекемесі үлкен қолдау көрсетеді. Этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, ол этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру…
Read More

Тұрғындардың арыз-шағымдары қаралды

Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, онда шағын бизнес субъектілерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелері сөз болды. Кеңес отырысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, кеңес мүшелері мен бірқатар ведомство өкілдері қатысты. Бірер ай бұрын облыстық қоғамдық кеңес төрағасының атына Көкшетау қаласындағы Абай көшесі 48 мекенжайы бойынша орналасқан 96 пәтерлік тұрғын үйдің тұрғындарынан сол үйдің бірінші қабатындағы «Аiva» мейрамханасының газ баллондарын пайдаланатыны, бұл тұрғындардың өміріне зор қатер төндіріп отырғаны туралы ұжымдық өтініш түскен. Санитарлық талаптарға сәйкес, тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына газ баллондарын пайдалануға рұқсат жоқ. Тұрғындар мейрамхана иелерінің газ баллондарды мейрамхананың ас бөлмесіне үйдің ауласынан кіргізіп жатқандарын бірнеше мәрте көрген. Еліміздің бірнеше қалаларында қоғамдық тамақтану орындарында болған жарылыстардан кейін аталған үйдің тұрғындары тіптен алаңдаулы. Отырысты облыстық қоғамдық кеңестің президиум мүшесі…
Read More

Қосшының құтты қонысы құтайып келеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қосшы ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуымен және салынып жатқан емхана мен мектеп құрылыстарының барысымен танысып, ауылдық полиция бөлімінің жедел басқару орталығында және бала- бақшасында болды. Нұр-Сұлтан қаласына қол созым жерде орналасқан Қосшыны қазіргі кезде ауыл деп айту қиын. Бұл елді мекен күн сайын өсіп жатыр. Мұнда күніне елордаға бірнеше автобус маршруттары қатынайды. Елді мекенде осы күні 9 шаруа қожалығы мен 204 серіктестік және 446 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Аймақ басшысы елді мекенге сапарын жергілікті тәртіп сақшыларының шағын жедел басқару орталығынан бас-тады. Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Битақовтың айтуынша, өткен жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен Қосшы ауылын жүйелі бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуге қаржы бөлініпті. – Бүгінде ауыл аумағында 128 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың 66-сы «Лесная поляна» тұрғын үй алабында және 56-сы елді…
Read More

Мемлекеттік қызметшілер «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл біздің өлкемізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін маңызды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу үшін Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау - көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды. Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті. Айта кету керек, бұл акция екінші…
Read More

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауына орай, өзінің өкімімен аудан әкімі лауазымына тағайындалған Әсен Дулатұлы Жақсылықовты актив мүшелеріне таныстырды. Актив барысында өңір басшысы осы лауазымға ұсынылған Әсен Жақсылыковтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бұған дейін аудан әкімі лауазымында қызмет атқарған Бауыржан Ғайсаға да алғыс білдіріп, жаңа қызметте табыс тіледі. – Осы қызметте жүріп, аз уақыт ішінде ауданның көркеюіне зор үлес қосқан Ба- уыржан Ғайсаға атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдіремін. Ендігі ретте, ауданға инвес- тиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы істерді жүзеге асыру міндеті тұр. Тағайындалып отырған жаңа әкім Зеренді өңірінің дамуына бар күш-жігерін, іскерлік қасиетін жұмылдырады деп сенемін. Барлығымыз да бір мақсат, бір мүдде жолында аянбай еңбек етіп,…
Read More

«Ер Төстігім» бір төбе»

Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2020 жылға қарай дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес бекітілген «Балапан» бағдарламасы бойынша 2020 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балалардың барлығы бала бақшамен қамтылуы тиіс болатын. Осыған орай, ауданда «Ер Төстік» балабақшасы бой көтерді. Тәуелсіздіктің қысқа жіп күрмеуге келмеген алғашқы жылдарында оңтайландыру кезінде бірқатар балабақшалар жекешелендіріліп, бірталайы бос қалып, қираған еді. Сөйтіп, 2000 жылға дейін облыс былай тұрсын, республика бойынша балабақшалар саны күрт азайғаны белгілі. Одан кейінгі жылдары білім жүйесінде түрлі реформалар жасалып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тиісті көңіл бөліне бастады. 2007 жылдан бері қарай елде мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана түсті. 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, жер-жерде қарқынды түрде балабақшалар салынып, бүлдіршіндер мектепке дейінгі тәрбиемен…
Read More

Жер мәселесі дұрыс шешімін табуы тиіс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары, жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі Ғалымжан Әбдіхалықов жаңадан құрылған осы комиссияның отырыстары және облысымызда жерге қатысты жұмыстардың қалай атқарылып жатқандығы туралы айтып берді. Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауына сәйкес, елімізде жер ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударылуда. Өңір басшысының орынбасары өз сөзінде біздің аграрлық өңір үшін жер активтерін тиімді пайдалану экономикалық және әлеуметтік дамудың кепілі болып табылатынын айтты. – Бүгінгі күні Ақмола облысының жер қоры 14 миллион 613,2 мың гектарды құрайды. Оның 1,3 миллион гектар жерін елді мекендер, 108,8 мың гектарын өнеркәсіп, транспорт, байланыс және ауыл шаруашылығына бағытталмаған жерлер алып жатыр. Сондай-ақ, 519 мың гектар жер ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады. Орман қорының жері 514,8 мың гектарды, су қорының жері 200,8 мың гектарды, запастағы жер 1061,4 мың гектарды құрайды. Облыстың…
Read More

Көкшетаудағы «Bolashaq» сарайы заманауи білім ордасы

бүгінгі жаһандану заманында баланың жан-жақты дамуына, ғылым мен техника, мәдениет, спорт салалары бойынша бәсекеге қабілетті болуына жол ашады Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалар үйірмелерінің қызметін жандандыруды тапсырған болатын. Республикада бұл орайда 6 оқушылар сарайы бой көтерсе, соның бірі Көкшетау қаласында ашылды. Бұл сарайдың миссиясы балаларды, жастарды қосымша біліммен жаппай қамтып, инновациялық технология мен ғылыми-зерттеулер арқылы тұлғаның жеке және ғылыми-техникалық әлеуетін, креативті ойлау қабілетін жетілдіре отырып, шығармашылық өнер саласында дамуы үшін бірегей платформа құру. Облыстық білім басқармасына қарасты бұл орталық өткен жылдың соңына таман ашылған болатын. Ғимараттың құрылысын елімізде аса танымал «BI-Group» компаниясы жүргізді. Екі ауысым бойынша жұмыс істейтін қосымша білім беру орталығы күніне 2 мыңнан астам оқушыға өздерінің таңдаған бағыттары бойынша білім бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін үйірмелерде бір топта 8-15 балаға дейін қатысады. Облыстық…
Read More

Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсырады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей декларациялау және қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру туралы» брифинг болып өтті. Онда алдымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеме жасап, қарамағындағы қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша өз өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту үшін қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер туралы хабардар етті. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылық бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды тапсырды. Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей, «Үкімет әкімшілік реформада көзделген…
Read More

Отты жырдың Оқжетпесі

Сарбас АҚТАЕВ Түнде Ерағам, кәдімгі көсемсөздің серкесі, әсем жырдың еркесі, ерен ақын Еркеш Ибраһим түсіме енді. Көкше тауларының батысқа қарай созылып, Жекебаяқ даласымен ұласатын тұсындағы бір сілемі – Ақан тауының етегінде қарашаның жел үйірген жеңіл қары үкідей желпілдеген биікке қызықтай қарап тұр екен деймін. Кенет жотадан зулап келе жатқан қолшана жанынан өте бере бұлт ете түсіп, үстіндегі бала екі-үш аунап тұрып, төмен құлдилай жөнелген шанада жұмысы жоқ, құлағанына қысылғандай ыржиып ақынға қарады. «Байқасаң еді, бәтір, бір жерің ауырып қалған жоқ па?! – деп елжірей түсіп, – бірақ, бәріміз де белестен асқанда осылай бір-бір құлап тұрғанбыз...» – деп күліп жіберді. Сол дауыстан оянып кеттім. Апырай, қараша ақынның өмір есігін ашқан айы еді ғой, соны ұмытып кеттіңдер-ау деп жүр ме ұлы рухы жарықтықтың. Иә, жанары от шашып, жарқылдап ортамызда жүрсе, тоқ­санға келгенін…
Read More

Қаһарман тұлға

Тарихты қашан да тұлғалардың жасайтыны анық! Батырлық – Жаратқан иенің сүйікті құлына тартқан сыйы! Жаратқанның да, халықтың да бір сүйікті ұлы болса, ол – Жұмабек Тәшенев болар! Туған халқы мен сол халқының тоқымдай жері үшін өз басын құрбандыққа шалуға дейін барған Жұмабек Тәшеневтей біртуар дара перзент Жаратқанның жазуымен енді, міне, тәуелсіз елінің ірі тарихи тұлғасына айналып отыр. Ұлы даланың бір тұтам жерін ерлігімен де, жүрегіндегі бар махаббатымен де қорғаған ерлерін қазақ халқы қаншама ғасырлар өтсе де ұмытпай келе жатқаны анық. Сондай тұлғалардың бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев! Тарихты қашан да тұлғалардың жасайтыны анық! Батырлық – Жаратқан иенің сүйікті құлына тартқан сыйы! Жаратқанның да, халықтың да бір сүйікті ұлы болса, ол – Жұмабек Тәшенев болар! Туған халқы мен сол халқының тоқымдай жері үшін өз басын құрбандыққа шалуға дейін барған Жұмабек Тәшеневтей…
Read More

Елорданың «жасыл белдеуі» одан сайын көз сүйсінтетін болады

Кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған елорданың «жасыл белдеуін» жасау бағдарламасын іске асыруда негізгі міндеттің бірі Ақмола облысының орман қызметкерлеріне жүктеліп келе жатқаны белгілі. Осы орайда, бүгінгі күнге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағының арасын жасыл желекпен қосу жөніндегі істер де табандылықпен ілгері апарылуда. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осы жөнінде тілшімізге Ақмола облыстық табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров баяндап берген еді. – Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан-Щучинск» бағытындағы қашықтығы 160 шақырым автожолдың бойына отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы алқабы 2 575 гектарды, ені 250-500 метрді құрайды. Мұнда 6,3 миллион түп қарағай, қайың, қарақат, алма тәрізді өзге де ағаш пен тал көшеттерінің 11 түрі екі кезеңде отырғызылды. Бірінші кезең 2009-2016 жылдары жүргізілді. Алғашқы жылы Шортанды, Ақкөл, Бұланды және…
Read More