Search Results for: Рухани жаңғыру

Даралығы болмысынан байқалған

Өз тәуелсіздігімізді алғалы да біз, қазақ халқы қиын-қыстау кезеңді бастан өткердік. Соның бір мысалы ретінде 90-жылдардағы өтпелі кезеңді алайық. Абыройымызға қарай, осы жылдардың бәрінде қазақ зиялылары ұстамдылық пен кемеңгерлік танытты. Сондықтан, Қазақстан аумағында анау болады, мынау болады деп сарнаған сәуегей сарапшылардың таңданысын түсінуге болады. Олар ғасыр аяқталар тұста заманның өзі алға тартқан қиындықтан сүрінбей өткен қазақ зиялыларының тарихи һәм әлеуметтік жауапкершілігін аңдай алмады. Ал, бұл қазақтардың табиғатындағы мәдениетінің, байсалдылығы мен төзімділігінің, мәмілеге бейімділігінің көрінісі еді. Кешегі ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани да зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алғанын және қазақ қоғамында зиялы қауымның қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап өткен жөн. Ол тұста ой еңбегімен шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырғаны баршаға мәлім. Бүгінгі күнде осы тақырыпты қаузай отырып,…
Read More

Ақмолалық оқушылар шешендік өнер байқауында бақ сынасты

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 11-де III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Онлайн түрде өткен шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты - оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау. Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 15 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды қанжығасына байлады: Шүкір Даяна - Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы - І орын; Ибрагимов Бауыржан - Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10…
Read More

Батырлар жыры –тәрбие өзегі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға орай, «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан «Батырлар жыры–тәрбие көзі» тақырыбында өткен байқауда целиноградтық жас өрен Айжан Жаңбырова бас жүлдеге ие болды. Еліміздің жарқын болашағына теңеп, үміт артқан жас өрендер арасында ұйымдастырылып жатқан «Едіге батыр» жырын жаттау байқауының облыстық кезеңіне аудандық деңгейде үздік деп танылған 6-10 сынып аралығындағы 18 оқушы қатысып, бақ сынады. Жыр додасында қатысушылар бұл туындыны академик Қаныш Сәтпаев жазған нұсқа бойынша мәнерлеп оқыды. Атадан қалған асыл мұраны мән-мағынасына бойлай отырып, нақышына келтіре оқығандары жиналған қауымның ойынан шықты. Жеткіншектер орақ тілді, от ­ауызды бабалардың өлмейтін әдеби мұраларын қайта жаңғыртып, жүректерді тербеді деуге болады. Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақты халық ауыз әдебиетіне сусындатып, қазақ халқының асыл мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтар мен фольклор арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеу.…
Read More

Бурабай баурайындағы кітапханашылар семинары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 75 жылдығына орай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының және аталған кітапхананың мұрындық болуымен Бурабай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Кітапханалар тәжірибесі: жаңа бастамалар мен жетістіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған кітапхана қызметкерлері, Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесінің директорлары мен әдіскерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар жұмысын М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Құдайберлі Мырзабек жүргізіп отырды. Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова облыс аумағындағы кітапханалардың екі жыл ішіндегі жеткен жетістіктері мен салалық мәселелері бойынша шолу жасап, алдағы уақыттағы Қазақстан Республикасы мәдениет саясаты тұжырымдамасы мен оның басым бағыттары жөнінде ауқымды баяндама жасады. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Анар Күзембаева ауданның мәдениет ошақтарының жағдайын, жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігін, аудандық кітапханада 4 ірі жоба…
Read More

Елбасының сара жолын жалғастыру – асыл парызымыз

Азаттық – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ үшін тәуелсіздік – ең басты құндылық, ал Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн болуы тиіс. Егемен ел болған 30 жылдай уақыт ішінде тәуелсіз ел ретінде дүние жүзіне танылдық. Оның бір айғағы – 2010 жылы өркениеті биік Батыс елдерінің басын қосқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз. Ал 2011 жылы қазақ жерінде VII Қысқы Азия ойындарының туы желбіреді. Төрт жылда бір келетін дүбірлі доданы абыроймен атқарып қана қоймай, еліміздің саңлақ спортшылары намысқа басып, тәуелсіз ел болғалы тұңғыш рет жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ал әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі дүрдараз болып жүрген дінбасылардың бастарын қосып, сындарлы диалогқа жол ашты. Бұған біздің еліміздің мо­раль­дық құқығы һәм өнегесі де бар еді. Өйткені Қазақстандағы кон­фессиялардың өзара сыйластығы мен тату қарым-қатынасы…
Read More

Ақмола облысында отбасылық онлайн-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 ж. 27 қазанында «Жыл отбасы» облыстық сырттай байқауы өтті. Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Аталған іс-шараға облыстың 19 ауданынан (қалала) аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар өз жұмыстарында отбасының, баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің дамуын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды: 1 орын - Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы; 2 орын - Целиноград ауданы Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің отбасы; 2 орын - Аршалы ауданы Аршалы кентінен Медет Берікбайұлы Сейдабзаловтың отбасы; 3 орын - Сандықтау ауданы Максимовка ауылынан Кулис Сергей Юрьевичтің отбасы; 3 орын - Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Сейлханұлы Оразалиннің отбасы; 3 орын - Жақсы ауданы Жақсы ауылынан Аслан Кеңесбекұлы Жақсыбаевтың отбасы. Байқау қатысушылары мен…
Read More

Он бір жеңімпаз анықталды

2021 жылы Ақмола облысы бойынша «Жомарт жүрек» байқауында туған жерін дамытуда өздерінің игі істерімен белсенділік танытқан және осы қайырымдылық шарасына ауқымды үлес қосқан тұлғалар арасында 5 номинация бойынша төмендегідей 11 жеңімпаз анықталды. – Александр Яковлевич Гусев, «Агрофирма «Поиск» ЖШС бас директоры, Аршалы ауданы, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша; – Данияр Рашидұлы Сағынаев, «Алмаз Агро» ЖШС директоры, Астрахан ауданы, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша; – «KZ АянБатыр» ЖШС, Бурабай ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша; – Қуанышбек Ахмедиұлы Ахмедин, «АКА» ЖШС директоры, Целиноград ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша; – Бахтияр Ысқақұлы Ысқақов, «Ушаков АГРО» ЖШС директоры, Егіндікөл ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша; – Құралай Ғабдулғамарқызы Жұмабекова, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері, «Ана үйі» қоғамдық қорының «Дом мамы» кризистік орталығының координаторы, Көкшетау қаласы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша; – Джавншир Гасан-оглы Меджидов, меценат, Жарқайың ауданы,…
Read More

Ұлты үшін туған ұлы тұлға

Алаш алыптарының арасында шоқтығы биік ерен тұлғалардың бірі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойы тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Алаш идеясы азаттық ұғымымен астарласып жатқанын ескерсек, Алаш арысының ұлтына жасап кеткен алапат еңбегі жайлы айтпау үлкен қиянат болар еді. Елорда іргесінде орналасқан Қаражар атты ауылымыздың білім ордасында бұл атаулы оқиғаны кеңінен атап өту шарасы басталып та кеткен. Алаш көсемінің «Отаншылдық» және «Ұлтқа қызмет ету» ұғымын шәкірттеріміздің санасына сіңіру мақсатында қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізу, бейнефильмдер көрсету жұмыстары мектебімізде бірден-бір жүйелі жоспарға алынған игілікті шара болып отыр. Алаш арысының ұлты үшін атқарған ұлы істерін толықтай тізіп жазу мүмкін емес, әрине. Біз бұл мақаламызда Алаш көсемін тек саяси қайраткер ретінде ғана емес, мүмкіндігінше, басқа қырларынан танытуды да мақсат тұттық. Бала Әлиханнан ғалым Әлиханға дейін Әлихан Нұрмұхамметұлы 1866 жылы 5 наурызда Семей облысы Қарқаралы…
Read More

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек…

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Дәстүр – заман ағымында» атты мектепішілік ұлттық киімдер сайысы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен төл мәдениетінің көрінісіне айналған және ежелгі адамдардың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін бойына сіңірген қазақтың ұлттық киімін насихаттау. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Әр қатысушы өзінің тіккен ұлттық киімдеріне ат қойып, ұлттық нақыштағы әшекейлерді ұсынды. Дәстүрлі ұлттық костюм бүгін де танымалдылығын жоғалтқан жоқ, жарқын түстермен, тартымды декормен және лаконикалық шешіммен назар аудартты. Байқауға қатысушылар өздерінің ұлттық костюмі туралы айтып, заманауи стильдегі киім-кешектерін қазақы ою-өрнектермен кестелеу барысын көрсетіп, түрлі өнерлерімен қазылар алқасын және көрермендерді қуанта түсті. Осылайша барлық қатысушылар өз шеберліктері мен шығармашылықтарын паш етті. Қазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін бағалай келе, Гран-при жүлдесіне 9 сынып оқушысы Жансұлу Сағит, 1 орынға 9…
Read More

14 эссе үздік деп танылды

«Болашақ» сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облыстық әділет департаменті, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармалары және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қолдауымен «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдеп-ғұрыптары» атты облыстық эссе байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Байқау отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу және насихаттау, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Байқауға облыс бойынша 350-ден астам оқушы қатысып, білім деңгейін айқындады. Олар өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан отбасылық салт-дәстүрлермен байланыстыра білді. Сондай-ақ, ата-анаға деген махаббат пен құрмет, отбасы мүшелеріне мейірімділік пен сыйластық таныту. Нәтижесінде Көкшетау, Степногорск қалалары, Біржан сал, Бұланды, Атбасар, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мектеп оқушыларының жұмыстары қазылар алқасы тарапынан оң бағасын алып, 14 эссе үздік деп танылды. Сонымен,…
Read More

Қазақстанда үздік ауыл әкімі анықталды

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы орайда, «Үздік ауыл әкімі» конкурсының маңызы мен өзектілігі арта түсті. Өйткені конкурстың негізгі мақсаты – жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін үздік ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екінші мәрте ұйымдастырған конкурс 15 қазанда аяқталды. Конкурсқа қатысу үшін еліміздің он төрт облысынан жүзден астам ауылдық округ әкімдері өтінім берген. Облыстардың арасында Түркістан облысынан – 21 әкім, Батыс Қазақстан облысынан – 15 әкім және Жамбыл облысынан – 14 әкім конкурсқа өтінім…
Read More

Әкенің беделін көтеру – ұлттың және қоғамның парызы

Бурабай ауданында әкенің беделі мен орны туралы республикалық әкелер форумы өтті. Маңызды іс-шараға «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, «Қара шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Ахатай, Бурабай ауданының парасатты әкелерінің бірі Қайырхан Ахметжанов пен Ақмола облыстық әкелер одағының төрағасы Ерлан Закириянов қатысып, бүгінгі таңдағы өзекті мәселені талқылады. Әкенің отбасында алатын орны ерекше. Себебі, отбасының ынтымақ-бірлігі, баланың тәрбиесі мен мінез-құлқының қалыптасуы ең алдымен әкеге байланысты екенін білеміз. Баланың бойындағы жүре қалыптасатын қасиеттері әкеден дариды. Ал, қазіргі заманда әкенің беделі қандай?! Әкенің беделі неге төмендеді? Бұл жөнінде белгілі жазушы-журналист, драматург Жабал Ерғалиев өзінің пікірін айтқан болатын. – Қазіргі уақытта шындығын айту керек, шаңырақтың тағдыры мен ұлттың, мемлекеттің тағдыры қыз-келіншектердің қолында қалғалы тұр. Естеріңізде болса, талай жаугершілік замандарда, ең бірінші басып алған жау сол ауылда бір еркек…
Read More

Бабалар рухына тағзым

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Бабалар рухына тағзым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияға қатысушылар алдымен, тарихи-танымдық экспедициядан сыр шертетін бейнероликті тамашалады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға орай, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдау көрсетуімен іске асырылған тағылымды жобаны облыстық ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» өңірлік-жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Он жеті адамнан құрылған экспедициялық топ сегіз мың шақырымға жуық жол жүріп, көптеген елді мекендерде болып, ауылдарды аралап, аңыз-әңгімелер жинақтаған. Сөйтіп, ғасырлар қойнауына енген тарихи мәліметтер жаңартылып, барлық мағлұматтар бір монографияға біріктіріліп, «Абылай ханның қара жолы» жинағы құрастырылған. Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде құран бағыштаудан басталып, Шығысқа бет алған экспедиция ағымдағы жылдың шілде айының соңы мен тамыз айының ортасы аралығында Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,…
Read More

Тоқсаннан астам ақмолалық оқушының экологиялық жобалары таныстырылды

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 11-13 қазан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізді. Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты. Қазылар алқасы ретінде Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманкулова Алмагүл Төлегенқызы, Бурабай ауданы Щучинск қ. жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова Анар Қаратайқызы шақырылды.…
Read More

«Сәлем, Елорда!» республикалық өнер шеруі – Ақмола, Көкше өңірлерінде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Респуб-ликасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола-Көкше өңірлерінде ашылғалы отырған «Сәлем, Елорда!» – өңірлер өнерінің керуені» фестивалінің бағдарламасы мен мазмұн-мақсаты туралы баспасөз конференциясы болып өтті. Фестиваль 12-14 қазан аралығында биылғы жылы Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланған Көкшетау қаласында өтетін болады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шығармашылық ұжымдары мен озық орындаушыларын топтастырған «Сәлем, Елорда!» өнер шеруінің мақсаты – республика көлеміндегі мәдениет саласының мамандары үшін шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу. Сонымен қатар, ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел Тәуелсіздігінің 30 және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы секілді биыл республикалық маңызы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамтитын болады. Баспасөз конференциясы барысында алдымен сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл…
Read More