Search Results for: Жолдау

Жолдау жарқын істерге бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздің қиындықтарды еңсеретініне үлкен сенім артылған. Біздің ауданның еңбеккерлері де өңірімізді өркендету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қазақстан Президенті өзінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында: – «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды», – деген еді. Билік органдары бірлесіп, бір мақсат жолында ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Өкілетті органдар жергілікті тұрғындардың еркін білдіретін, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған өзіндік көпір іспетті болғандықтан, біз билік органдарында халықтың мүдделерін лайықты қорғайтынымызға, талаптарын жүзеге асыратынымызға, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынымызға сенім артып отырған халықтың үмітін ақтауға міндеттіміз. Биылғы 2020 жыл өзіндік…
Read More

Абай мұрасындағы және Президент Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қағидалары ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қағидалары

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біз­дің күнделікті өмірлік ұстаным­дары­мыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жә­не жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. (Қазақстан халқына Жолдауынан). Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы. Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы. Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы. (Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішін ашу салтанатында сөйлеген сөзінен). Дүниені өзімізше…
Read More

Әрбір Жолдау – қоғамымыздың қозғаушы күші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы елімізде орын алған қауіпті індеттің қиын тұстарын еңсеру барысында дер мезгілінде жарияланған тарихи құжат деп білемін. Әрбір Жолдау – қоғамымыздың қозғаушы күші. Бұл Жолдау да ел еңсесін көтеріп, халықты жігерлі істерге бастайтын сондай күш боларына сенімдімін. Өйткені, Жолдау-да бүгінгі қиындықтардан шығу, әсіресе, осы бір сындарлы сәттегі әлемдік нарықтың жаңа ахуалына дайын болу керектігі жан-жақты айтылған. «Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жәй қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ. Сонымен қатар, экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлттық табыстың өсімінен түсетін игіліктерді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифтілерді» орнықтыру жөніндегі қоғамның өткір талабы міндетті түрде орындалуға тиіс» деген Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында. Еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек екенін былай жіктеп…
Read More

Жолдау мұраты – еліміздің жан-жақты дамуы

Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналды. Отырыста кеңес мүшелері маңызды құжатта айтылған міндеттерге қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, еліміздің алдағы кезеңге даму бағытын айқындап берген Президент Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Кеңес отырысын жүргізген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаев Президент Жолдауының басым бөлігі дағдарыстан кейінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықты жан-жақты қолдауға және елдің әл-ауқатын арттыруға бағыттағанын, маңызды құжатта мемлекеттік басқару ісінің, экономикалық-саяси және әлеуметтік салалардың өзекті мәселелері қамтылғанын, соған сәйкес Үкіметке, Парламентке және өңірлерге тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті. Осы ретте, Жолдаудың «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі» деп аталатын бірінші бағыты бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бо- йынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мемлекеттік басқаруды реформалау бүкіл мемлекеттік…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!  Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда.Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және…
Read More

Қарағай өсіп, жайқалады

«Жасыл желек – жердің көркі» деп текке айтылмаған. Көгалдандыру жұмыстарына елімізде әрдайым үлкен көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында да экология, оның ішінде көгалдандыру жайына арнайы тоқталып, атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктелген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу мақсатында Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бас-тамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Департамент басшысы Берген Беспалинов бас болып, барлық ұжым мүшелері қатысқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген бұл акция Көкшетау қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысындағы «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызудан басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарағайды таңдау себебі, бұл ағаштар кез-келген жерде тамыр жайып, тез өседі. Сонымен қатар, ауаға пайдалы…
Read More

Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) сарапшылармен бірлесіп Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының (бұдан әрі – тұжырымдама) жобасын әзірлеуде. Оны ағымдағы жылдың шілде айында Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару жоспарланып отыр. Әлеуметтік кодексті (бұдан әрі – Кодекс) әзірлеудің мақсаты азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады. «Қазіргі уақытта қазақстандықтарға 1 Кодекспен, 16 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттелетін әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Әлеуметтік кодекс азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленеді және адам өмірінің әрбір кезеңіне қатысты бөлімдерді қамтиды. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай түсінуге мүмкіндік береді», –…
Read More

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы

Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген сенімді паш ететін мереке. Ол әрбір қазақстандық үшін ерекше қымбат, өйткені, бірлік біздер үшін әдемі метафора ғана емес, бұл ең алдымен баға жетпес құндылық. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қалыптасудың күрделі жолынан абыроймен өтіп, Қазақстан дүниежүзілік бейбітшілік пен келісім мекені атанып қана қоймай, әлем елдері алдында биік беделге, құрметке ие болды. Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық тепе-теңдікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарында ол өзінің басты міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруды табысты орындауда. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметіне «Қоғамдық келісім» мекемесі үлкен қолдау көрсетеді. Этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, ол этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру…
Read More

Тұрғындардың арыз-шағымдары қаралды

Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, онда шағын бизнес субъектілерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелері сөз болды. Кеңес отырысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, кеңес мүшелері мен бірқатар ведомство өкілдері қатысты. Бірер ай бұрын облыстық қоғамдық кеңес төрағасының атына Көкшетау қаласындағы Абай көшесі 48 мекенжайы бойынша орналасқан 96 пәтерлік тұрғын үйдің тұрғындарынан сол үйдің бірінші қабатындағы «Аiva» мейрамханасының газ баллондарын пайдаланатыны, бұл тұрғындардың өміріне зор қатер төндіріп отырғаны туралы ұжымдық өтініш түскен. Санитарлық талаптарға сәйкес, тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына газ баллондарын пайдалануға рұқсат жоқ. Тұрғындар мейрамхана иелерінің газ баллондарды мейрамхананың ас бөлмесіне үйдің ауласынан кіргізіп жатқандарын бірнеше мәрте көрген. Еліміздің бірнеше қалаларында қоғамдық тамақтану орындарында болған жарылыстардан кейін аталған үйдің тұрғындары тіптен алаңдаулы. Отырысты облыстық қоғамдық кеңестің президиум мүшесі…
Read More

Қосшының құтты қонысы құтайып келеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қосшы ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуымен және салынып жатқан емхана мен мектеп құрылыстарының барысымен танысып, ауылдық полиция бөлімінің жедел басқару орталығында және бала- бақшасында болды. Нұр-Сұлтан қаласына қол созым жерде орналасқан Қосшыны қазіргі кезде ауыл деп айту қиын. Бұл елді мекен күн сайын өсіп жатыр. Мұнда күніне елордаға бірнеше автобус маршруттары қатынайды. Елді мекенде осы күні 9 шаруа қожалығы мен 204 серіктестік және 446 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Аймақ басшысы елді мекенге сапарын жергілікті тәртіп сақшыларының шағын жедел басқару орталығынан бас-тады. Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Битақовтың айтуынша, өткен жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен Қосшы ауылын жүйелі бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуге қаржы бөлініпті. – Бүгінде ауыл аумағында 128 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың 66-сы «Лесная поляна» тұрғын үй алабында және 56-сы елді…
Read More

Мемлекеттік қызметшілер «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл біздің өлкемізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін маңызды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу үшін Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау - көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды. Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті. Айта кету керек, бұл акция екінші…
Read More

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауына орай, өзінің өкімімен аудан әкімі лауазымына тағайындалған Әсен Дулатұлы Жақсылықовты актив мүшелеріне таныстырды. Актив барысында өңір басшысы осы лауазымға ұсынылған Әсен Жақсылыковтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бұған дейін аудан әкімі лауазымында қызмет атқарған Бауыржан Ғайсаға да алғыс білдіріп, жаңа қызметте табыс тіледі. – Осы қызметте жүріп, аз уақыт ішінде ауданның көркеюіне зор үлес қосқан Ба- уыржан Ғайсаға атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдіремін. Ендігі ретте, ауданға инвес- тиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы істерді жүзеге асыру міндеті тұр. Тағайындалып отырған жаңа әкім Зеренді өңірінің дамуына бар күш-жігерін, іскерлік қасиетін жұмылдырады деп сенемін. Барлығымыз да бір мақсат, бір мүдде жолында аянбай еңбек етіп,…
Read More

«Ер Төстігім» бір төбе»

Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2020 жылға қарай дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес бекітілген «Балапан» бағдарламасы бойынша 2020 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балалардың барлығы бала бақшамен қамтылуы тиіс болатын. Осыған орай, ауданда «Ер Төстік» балабақшасы бой көтерді. Тәуелсіздіктің қысқа жіп күрмеуге келмеген алғашқы жылдарында оңтайландыру кезінде бірқатар балабақшалар жекешелендіріліп, бірталайы бос қалып, қираған еді. Сөйтіп, 2000 жылға дейін облыс былай тұрсын, республика бойынша балабақшалар саны күрт азайғаны белгілі. Одан кейінгі жылдары білім жүйесінде түрлі реформалар жасалып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тиісті көңіл бөліне бастады. 2007 жылдан бері қарай елде мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана түсті. 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, жер-жерде қарқынды түрде балабақшалар салынып, бүлдіршіндер мектепке дейінгі тәрбиемен…
Read More

Жер мәселесі дұрыс шешімін табуы тиіс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары, жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі Ғалымжан Әбдіхалықов жаңадан құрылған осы комиссияның отырыстары және облысымызда жерге қатысты жұмыстардың қалай атқарылып жатқандығы туралы айтып берді. Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауына сәйкес, елімізде жер ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударылуда. Өңір басшысының орынбасары өз сөзінде біздің аграрлық өңір үшін жер активтерін тиімді пайдалану экономикалық және әлеуметтік дамудың кепілі болып табылатынын айтты. – Бүгінгі күні Ақмола облысының жер қоры 14 миллион 613,2 мың гектарды құрайды. Оның 1,3 миллион гектар жерін елді мекендер, 108,8 мың гектарын өнеркәсіп, транспорт, байланыс және ауыл шаруашылығына бағытталмаған жерлер алып жатыр. Сондай-ақ, 519 мың гектар жер ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады. Орман қорының жері 514,8 мың гектарды, су қорының жері 200,8 мың гектарды, запастағы жер 1061,4 мың гектарды құрайды. Облыстың…
Read More

Көкшетаудағы «Bolashaq» сарайы заманауи білім ордасы

бүгінгі жаһандану заманында баланың жан-жақты дамуына, ғылым мен техника, мәдениет, спорт салалары бойынша бәсекеге қабілетті болуына жол ашады Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалар үйірмелерінің қызметін жандандыруды тапсырған болатын. Республикада бұл орайда 6 оқушылар сарайы бой көтерсе, соның бірі Көкшетау қаласында ашылды. Бұл сарайдың миссиясы балаларды, жастарды қосымша біліммен жаппай қамтып, инновациялық технология мен ғылыми-зерттеулер арқылы тұлғаның жеке және ғылыми-техникалық әлеуетін, креативті ойлау қабілетін жетілдіре отырып, шығармашылық өнер саласында дамуы үшін бірегей платформа құру. Облыстық білім басқармасына қарасты бұл орталық өткен жылдың соңына таман ашылған болатын. Ғимараттың құрылысын елімізде аса танымал «BI-Group» компаниясы жүргізді. Екі ауысым бойынша жұмыс істейтін қосымша білім беру орталығы күніне 2 мыңнан астам оқушыға өздерінің таңдаған бағыттары бойынша білім бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін үйірмелерде бір топта 8-15 балаға дейін қатысады. Облыстық…
Read More