Search Results for: Рухани жаңғыру

«ТеART-Көкше» фестивалі жұмысын қорытындылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4-8 қазан аралығында өткен үшінші халықаралық «ТеART-Көкше» фестивалінде Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 11 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетті. Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры (ГИТИС) Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастырды. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан атап өткендей, театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтті. әлемге әйгілі театртанушылар мен сыншылар бағалады. «Біз алғаш рет қазылар алқасына өте танымал театр мамандарын шақырдық. Олардың қатарында әр түрлі елдердің сыншылары болды. Жалпы, театрлар шынайы бағасын алғанына сенімдіміз, - деп атап өтті Ақмола облыстық орыс драма театрының басшысы Бейбіт Бақтыгереев. Фестивальдің жабылуына қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова театр ұжымдарынан қатысқаны үшін алғыс білдірді. Айталық, фестивальдің бес күнінде ұсынылған қойылымдарға 1000-нан астам көрермен қатысқан. Фестиваль қорытындысы…
Read More

Қазақ даласында талай қуғын-сүргіннің ізі бар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл комиссияның басты мақсаты – кеңес дәуірі кезеңінің барлық санаттағы саяси құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады. Біздің өңірімізде де саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша өңірлік комиссия құрылып, жұмыс атқарып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс топтары облыстық архивтерде сол кезеңнің құжаттарымен танысып, ақталмаған істерді сұрыптауда. Жұмыс әлі жетерлік. Осы орайда, жуырда, 7 қыркүйек күні «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» жобасы аясында құрылған ғылыми комиссия, зерттеуші-ғалымдар тобы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының оқытушы-ғалымдары, докторанттар мен магистранттар және сондай-ақ, Зеренді ауданының мемлекеттік архивінің директоры Тілеген Сейфулин, тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры мiндетiн атқарушы Гүлім Рахымжанова, Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының архивтер…
Read More

МалоАлександровка ауылында кітап көрмесі өтті

Ақкөл ауданының Мало-Александровка ауылдық клубында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - халық мақтанышы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. «Туған жер» кіші бағдарламасының «Атамекен» базалық бағыты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге мұғалімдер, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары шақырылды. «Көрмені өткізудің мақсаты келешек жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елдің тарихи, өткені мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімінде тәрбиелеу. Оқушылар ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы кітаптармен танысты. Көрме аясында олар Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы білгендерін айтты. Мұның бәрі оқушылардың ой - өрісін кеңейтуге, өзінің және өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Наталья Шейкина.
Read More

Жетісуден жеткен өнер көші ат басын Қызылжарға бұрды

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ ұлттық драма театрының Ақмола облысына гастрольдік сапары сәтті аяқталды деуге толық негіз бар. Бір-біріне ұқсамайтын, әр түрлі тақырыптарды қаузаған спектакльдер ұзақ уақыт бойы көкшеліктердің санасында жаңғырып қала бермек. Театрдың Ақмолаға сапарының соңғы екі күнінде көрермендер көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» спектаклін және Абай Құнанбайұлының қара сөздері негізінде қойылған «Қара» драма-диалогын тамашалады. Жүз жылдық махаббат «Жүз жылдық махаббат» шығармасы заманынан озып туған, соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған. Абайдан кейінгі өзінің өлеңдерінің ерекшелігімен мойындалған ақынның қасіретті тағдыры спектакльде жазықсыз түрмеге қамалған күйеуінің жоқтаушысы, жанашыры бола білген, кейін оның артында қалған әдеби мұрасының шырақшысына айналған аяулы жары Зылиханың естелігі бойынша өрбиді. Спектакльде ақынның жырлары оқылып, әндері шырқалады. Қойылымның режиссері – Алма Кәкішева. Спектакльдегі әрбір рөл, яғни, кейіпкерлердің сыр-сипаты,…
Read More

Ақмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубы анықталды

Отбасы - баланың дамуы мен қалыптасуындағы маңызды буын. Облыстың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы барлық тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең түрде қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі. «Отбасы – мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасына бағытталған. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облысының білім беру мекемелері арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсы өтті. Аталған іс-шараға 17 аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурс екі турдан тұрды: отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар портфолио; отбасылық құндылықтар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер туралы бейнеролик. Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: 1 орын – Жақсы ауданы, А. Әбдірахманов атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы; 2 орын – Ерейментау ауданы,…
Read More

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымына қатысты

ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісіне қатысты. Онда «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы арқылы жарық көрген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымы өтті. Қырымбек Көшербаев өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының қоғам үшін аса маңызды, кешенді бастама екенін айтты. Бағдарлама аясында бірнеше ауқымды жоба іске асты. Олар еліміздегі ғылым мен білімді, қоғамдық сананы жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізуде. Осы мақсатта Қазақстанның интеллектуалдық тарихында бұрын-соңды болмаған көлемді де күрделі ғылыми аударма жобасы жасалды. Сондай маңызы зор, қоғамға берері мол жобалардың бірі  «Ұлттық аударма бюросы» атқарған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бүгін таныстырылған 100 оқулықтың әрқайсысы 10 мың…
Read More

Білім берудің басқаларға ұқсамайтын қазақстандық моделін қалыптастыруға кірісуіміз керек

Білім беру өзіндік құрылымы бар әлеуметтік жүйе болып табылатыны белгілі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық кезеңінде Қазақстан білім беру жүйесінде бірнеше тағдыр кешті күрделі әрі прогрессивті құрылымдық және функционалдық өзгерістер, бетбұрыстар орын алды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында: «Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды» деп айтқан болатын. Енді өтпелі кезеңді артта қалдырып, жаңа тарихи кезеңге аяқ аттап отырған кезде, өткен мен бүгінге және болашақ үдерістерге көз салып, ой-електен өткізетін уақыт келді. Әлемде өз дамуы барысында білім саласында тиімді реформалар жүргізіп, солардың нақты жемісін көріп отырған мемлекеттер аз емес. Олардың…
Read More

Жас театршылар облыстық театр өнері байқауында өнерлерін көрсетті

2021 жылғы 20-21 қыркүйегі аралығында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі және қосымша білім беру ұйымдарындағы театр үйірмелеріне қатысушы оқушылардың арасында «Театрдың ғажайып әлемі» облыстық сырттай театр өнерінің байқауы өтті. Байқау Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі тануға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған. Іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Целиноград, Зеренді, Жақсы, Сандықтау, Шортанды аудандарынан және Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан 17 театр ұжымы және 8-17 жас аралығындағы 134 оқушы қатысты. «Драмалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ…
Read More

Қазақтың ұлттық спорт түрлері кенже қалып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында «ұлттық спорт пен бұқаралық дене шынықтырудың дамуы пирамидаға айналуы керек, оның басында жаңа чемпиондар болады, ал, оның негізінде біз дені сау, белсенді жастар және мықты ұлт боламыз» деген болатын. Осыған байланысты біздің облыста, Көкшетау қаласында спорт секцияларын ашу керек. Жас ұрпақ өкілдері рухани жаңғыруы тиіс. Билік тарапынан қазақтың ұлттық және бұқаралық спорт түрлері қолдануы тиіс. Балалардың күш-қуаты мен қызығушылығын оң бағытта ұстау қажет. Сонда ғана олар Қазақ елі мен Ақмола облысының атын шығарып, Паралимпиада-2020 бірінші орын алған Давид Дегтярев сияқты мықты спортшы болады деп сенемін. Краснояр селосында Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт мектебі жұмыс істейтінін біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Мұнда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар да жаттығады. Ұлттық спорттың дамуы үшін ат спортымен айналысатын қысқы…
Read More

Жолдауда білім саласына дәйекті көңіл бөлінген

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын теледидардан тыңдап, мерзімдік баспасөзден оқыған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мен білім алушылары осы бір маңызды тарихи құжат туралы біздің тілшімізге өз ойларын былай білдірді. Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Гүлмира Ахметова: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдай отырып, мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтергеніне риза болдым. Ол алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттары туралы айтты. «Алдағы онжылдық қиын болады. Мұны қазір айту керек», – деді Президент. Бұл оның Президент ретінде халыққа жолдаған үшінші Жолдауы. Алғашқысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде, екіншісі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жолданған еді. Биылғы Жолдауы барысында қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру…
Read More

Бурабай ауданында «Өнерпаз ауыл» анықталды

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық округтер арасындағы «Әнші ауыл - Поющий аул» фестивалі осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. «Жобаның мақсаты-ауылдық округтердің жарқын вокалды ұжымдары мен солистерін анықтау, ұлттық салт-дәстүрлерге ұқыпты қарау, оларды сақтауға және танымал етуге ұмтылу, ауылдық мәдениет өкілдерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу», - деді аудан әкімдігіндегілер. Байқау қорытындысы бойынша Оқжетпес, Зеленый Бор және Веденовка ауылдарының өкілдері «Өнерпаз ауыл» деп танылды. Фестиваль ұжымдары мен қатысушылары дипломдармен және «Әнші ауыл» мүсіншелерімен марапатталды.
Read More

Колыма қасіретін кешкен қайсар рухты қаламгер

Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылында, яғни, Көкшетау қалалық кітапханалар жүйесіне кіретін осындағы жергілікті кітапханада «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында қолға алынған «Ауыл. Тарих. Тағылым» жобасы шеңберінде сталиндік зұлматтан жазықсыз жапа шегіп, Колыма қасіретін бастан кешкен жергілікті ақын, жазушы-драматург «Парасат» орденінің иегері, Татарстан Республикасының Г.Тоқай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Ибрагим Салаховтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Емендер тамыр жайғанда» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Ибрагим Низамиұлы Салахов 1911 жылы 30 тамызда Көкшетау қаласында ағаш шеберінің отбасында дүниеге келген. Әдебиетке бала кезінен әуес болған жазушының алғашқы өлеңдері Москва қаласында «Дети Октября» журналында жарық көрген. Өмірдің бұралаң жолдарында жігері жасымай, қолынан қаламын тастамаған қаламгер ел игілігі жолында қызмет етті. Шара барысында И.Салаховтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қайсар қаламгер» кітап көрмесі қойылып, Ибрагим Салаховтың «Емендер тамыр жайғанда», «Көкшетау жырлары», «Көкшетау даласында», «Степная…
Read More

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙНАСЫ

Тәуелсіздік туы астында егеменді ел, дербес мемлекет ретінде бастан кешіріп отырған осынау отыз жылымызға тарихи өлшемдер тұрғысынан көз жіберсек, небәрі көзді ашып-жұмған – қас-қағым сәттей болып көрінетіні бар. Дегенмен, тәуелсіз ел – терезесі тең ел дәрежесінде қадам басқан осынау отыз жылымыз, шын мәнінде, Тағдырлы һәм Сындарлы Жылдар болып табылады. Ұлттық тарихымызға осылайша ырысты да несібелі жылдар болып енеді. Солай болып келешекте де қала береді. Әлбетте, осынау тағдырлы жылдардың баршамызды шексіз желпіндіргені де мол болды. Әлбетте, осынау тағдырлы жылдардың бірталайымызды пүшәймандырғаны да жеткілікті еді. Әлбетте, қалың көпшіліктің дауыл құйынына тап болып, қаңбақша ұшып, сарсаңға түскені де мәлім. Әлбетте, бәз біреулердің аспаннан шұға жауғанындай, кенеттен әбілхаят теңізіне шомылып, ұшпаққа шыққаны да белгілі. Әрине, мұның бәрі қоғамдық қатынастардың күрт өзгеруіне байланысты әлеуметтік сілкіністерден туатынын ешкім де жоққа шығара алмайды. Жаңа заман, жаңа қоғам…
Read More

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы өз мәресіне жетті

Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» стратегиялық бағарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік – бәрінен де қымбат» мақаласын негізге ала отырып, Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлының тікелей қолдауының арқасында «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы Даланың ұлы есімдері» тақырыбымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізіп, 8000 шақырымдай жол жүріп, үлкен олжамен аман-есен Көкшеге оралды. Экспедицияның маршрутына сәйкес Қазақтың азаттығы үшін шайқас болған тарихи жерлерді ғылыми негізде зерттеп, жол бойындағы Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары туралы тың деректер алынды. Атап айтсақ, Қарауыл ауылы – Шаған шайқасы (1750 жыл), Шілікті ауылы – Шілікті шайқасы (алтын адам табылған жер). Шілікті Қазақстанның қиыр шығысындағы Қытаймен екі арадағы шекараға тиіп тұр. Қаншама тарихи орындар шекараның арғы жағында…
Read More

Тылсым тарихтың ізі, бағзы күннің сыры бар

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі екінші ғасырына қадам басты Облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкенің ежелгі мәдени мекемелерінің бірі әрі бірегейі. 1920 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласындағы уездік халыққа білім беру бөлімі жанында құрылған музей 2020 жылы өзінің 100 жылдығын атап өтті. 1920 жылдың 1 тамызында көрнекі құралдар музейінің меңгерушісі ретінде педагог және ғалым И.Хохлов тағайындалған екен. Бастапқы қордың негізі қала мектептерінің коллекцияларынан жинақталып, тапсырылған. 1944 жылы Көкшетау облысының құрылуына байланысты музей 1945 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейі болып қалыптасқан. 1974 жылдан бастап музей Көкшетау қаласының орталық алаңына жақын орналасқан ғимаратта орналастырылды. Музей ғимараты – 1904 жылы салынған, тарих және сәулет ескерткіші есебінде мемлекеттің қорғауында. 2000 жылы музей облыстық тарихи-өлкетану музейі мәртебесіне ие болады. Облыстық музейдің алғашқы ауқымды қайта жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілді. 2018 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіз…
Read More