Search Results for: Жолдау

Дамыған экономика – тұрақтылық кепілі

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады Президенттің жылдағы дәстүрлі Жолдауы еліміздің алдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының стратегиялық жоспары нақты бағдарламасы болып табылады. Жолдауда айқындалып айтылған мәселелер мемлекеттік органдардың орта мерзімдік жұмыстарының бағыт-бағдарын айқындап, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды құжат. Мемлекет басшысы «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда», – деп өнеркәсіптегі терең өңдеу механизмдеріндегі мәселелерге тоқталып нақты тапсырмалар берді. Мәселен, қазір біз көп жағдайда металл, бидай сияқты экспортқа…
Read More

Іске асыру әркімнің міндеті болуы керек

Бүгінде әлем көрпесін кеңге салып, болмыс-бітімін де өзгерту үстінде. Кімнің өрісі кең, өресі биік, соның айы оңынан туылары хақ. Қазақстан жас мемлекет болса да, алар асу ауқымды, көтерілер биігі еңселі ел деп білеміз. Отыз жыл тәуелсіздігімізде осы мақсат біздің  басты мұратымызға айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауын оқып отырып, көп ойға қалдым. Бізге экономикада да, қоғамдық даму үдерістерінде де серпінді жандану керек екені айқын айтылды. Себебі, әлем қол қусырып отырған жоқ. Президент сөзімен айтсақ: «Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер…
Read More

Әлеуметтік сала ұдайы басты назарда

Жолдауда еліміздің өркендеу жолындағы бірқатар реформалар мен тұжырымдамалар айтылды. Осының ішінде әлеуметтік бағыттағы, жалақы мөлшерінің өсуі бар. 1 қыркүйек халқымыз үшін аса маңызды әрі айтулы күн болды. Дәстүрлі Білім күнімен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы, Парламенттің екінші сессиясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұл туралы, Жолдауда президентіміз: – Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді, – деді. Бұл тәуір көрсеткіш деп ойлаймын.…
Read More

Алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болудың басты бағдары

Бүгін /1қыркүйек 2023 жыл/ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Президентіміздің бұл Жолдауы біздің алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болудың өзекті әрі маңызды бағдары мен бағдарламасы деп қабылдадым! Өйткені әлемнің бүгінгі дамуының қарама-қайшылықтары мен бұрын дамыған елдердің бір бірімен қырғи- қабақ ерегісуі және сол келіп қарулы қақтығыстарға ұрындырып, қалыптасқан, жұмыс істеп тұрған бұрынғы экономикалық және саяси жүйені ыдыратып, әлсіретіп жатқандығы дүниенің дамуын тежеп, кей жағдайда ауыр жағдайлар қалыптастырып отырғаны анық. Тынышсыз әлемнің тынбай және тыншымай тұрған жағдайында Қазақстан бүгін және алдағы уақытта қалай дамуы керек? Міне, барлық халқымызды ойландырып та, толғандырып та отырған осы алаң жайға Президентіміз толық жауап беріп, алдағы уақытта еліміздің экономикалық қуатын арттырудың ең өзекті деген, ең өміршең деген мәселелерді алға тартып, соларды шешудің нақтылы жолдарын да, шешілуге тиісті…
Read More

Зейін қойып, танысу үстіндеміз

 Бүгін бүкіл еліміз үшін ерекше күн! Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы – мыңдаған балалар мектепке барып, жаңа оқу жылын бастаған Білім күні. Сондай-ақ, бүгін жылдағыдай 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауымен бірге елімізге жылда халқымызды қуантар игі жақсылықтар мен соны жаңалықтар келетіндігі белгілі. Сондықтан, дәл осы сәтте Ақмола облысында ақпараттық саясатты жүзеге асыруда белді құрылым болып табылатын «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүкіл шығармашылық ұжымы, журналистері мен басқа қызметкерлері де бір кісідей теледидар алдына жиналып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жаңа Жолдауын үлкен ынта-ықыласпен тыңдап, мұқият танысу үстінде. Еліміздің алдағы дамуына тың серпін беретін осы маңызды құжаттың жемісі мол болуына қаламдарымен мүлтіксіз қызмет ететін ұжым мүшелері бүгіннен бастап Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруге, ондағы жақсы үрдістердің…
Read More

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар – жаңару үрдісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша былтыр 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа – Президенттің 2022 жылғы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара болып табылды. Республикалық референдум арқылы іске асырылып, ел халқы ұйымшылдықпен қолдаған Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың барлығы өзара байланысты және бір мақсатты көздеді. Халыққа түсінікті болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тармақтары арқылы  көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген. Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндік берілуінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сол…
Read More

Айнагүл Балташева: «Бұл үлкен жұмыстың бастамасы ғана…»

Сегізінші шақырылымдағы депутаттық корпус жұмысының төрт жарым айында Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы елеулі істер атқарып келеді. Комиссияны №4 бірмандатты округ бойынша сайланған,  жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты болған, осы салада тәжірибесі мол Айнагүл Балташева басқарады. Ол отыз жылға жуық жұмыс өтілі бар педагог, бұған дейін бірнеше білім беру мекемелеріне жетекшілік еткен. Осы күні «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, сонымен қатар,партиялық фракцияның төрайымы болып табылады. Газетке сұхбат берген А.Қ.Балташевамен біздің әңгімемізде тұрақты комиссия мен фракция алдында тұрған міндеттер, осы орайда атқарылған жұмыстар мен алда кезек күтіп тұрған жоспарлар туралы өрбіді. – Айнагүл Қыдырбайқызы, алдымен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның құрамы және жұмыс бағыттары туралы айтып берсеңіз. – Біздің комиссияның құрамында сегіз адам бар. Барлық депутаттар белсенді өмірлік ұстанымға ие. Өз саласы бойынша құзыреттері мен басқа да жай-жапсарларды…
Read More

Өңіріміздің спорт саңлақтары марапатталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Спорт күніне арналған салтанаттышараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала ардагерлері менқызметкерлеріне «Еңбек ардагері» медальдарын, «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, сондай-ақ, жемісті жаттықтырушылық қызметі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы мен тағы басқа да мәртебелі марапаттарды табыс етті. Салтанатты шарада «Еңбек ардагері» медалімен «Ақмола облыстық Ұлттық спорт түрлері» қоғамдық бірлестігінің президенті, Ақмола облысы бойынша қазақ күресінен аға жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары дәрежедегі төрешісі Марат Молдашұлы Қойшин, кикбоксингтен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әли-Ген Тобенович Хегай, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Егор Иванович Мукштадт, самбодан КСРО спорт шебері Анатолий Владимирович Кузнецов және тағы басқалары марапатталды.  Сонымен қатар, «Құрметті спорт қызметкері»  төсбелгісімен Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандандырылған Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы…
Read More

Бұқаралық спортты дамыту басым бағытқа ие болып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс» деген болатын. Өңірде бұқаралық спортқа ден қойып, ықылас білдірушілердің саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатыр. Дәлел ретінде мына бір деректі келтіре кетелік. Мәселен, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың саны 2,5 пайызға көбейген.  Бұл тарапта балалар мен жасөспірімдерді қамту жайы да көңіл көншітерліктей. Өткен жылдың қорытындысына көз жүгіртсек, балалар мен жасөспірімдер клубтарында спортпен шұғылданатындардың көрсеткіші 13 пайызға ұлғайған. Бүгінгі таңда өңірде дене шынықтыру және спорт саласында 2481 адам жұмыс істейді. Бір жақсысы, жалпақ жұртты спортқа баулып, дене шынықтыру мәселесін тынбай насихаттап, саланың серпін…
Read More

1 қыркүйекте шәкіртақы қаншаға өседі – Үкімет қаулысы шықты

– 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, - Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%, - Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%, - Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: - докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге; - даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге; - магистранттарға – 97 024 теңге; - интерндерге – 75 890 теңге; - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; - даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында…
Read More

Күрделі мәселелер бірлесіп шешуді қажет етеді

Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы «сұрақ-жауап» форматында өтті. Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутаттардың баяндамашыларға қоятын сұрақтары өте көп болды. Бейнеконференцбайланыс режимінде тақырыпты талқылауға өңірлерден депутаттар, оның ішінде аудандық және қалалық мәслихат төрағалары қосылды. Мұндай белсенділік отырыста бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салу, оларды жөндеу туралы мәселелер қаралғандығынан туындады. Осы мәселелердің барлығын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков баяндады. Баяндамада атап өтілгеніндей, ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салуға, жөндеуге шамамен 75,8 миллиард теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат аясында жалпы 311 жобаны іске асыру жоспарлануда. Облыстық, аудандық маңызы бар 1000 шақырымнан астам автожолдардың сапасын жақсарту мен көше-жол желісін салу және жөндеу жоспарланған. Автокөлік…
Read More

Азаматтық қоғамды нығайту өз қолымызда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялаған болатын. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілгені белгілі. Бүгінде азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіздер қаланып, осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Демократиялық құқықтық мемлекет болуымыз үшін азаматтық қоғам институтын күшейтудің маңызы зор деп білемін. Президенттің саяси реформаларында бұл туралы нақты айтылған болатын. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұлттық жобаларды, стратегиялық маңызды талқылауларды бірге жүзеге асырудың маңызына ерекше тоқталып өткені де қуанышты жайт.  Президент Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің жаңару процесіндегі, азаматтық қоғам қалыптастырудағы бірнеше нақты-нақты қадамдарды атап көрсетуі де жайдан-жай емес. Азаматтық қоғамды дамытудың басты факторларының бірі – үкіметтік емес ұйымдар екенін баршамыз білеміз. Алайда, бүгінгі күні осындай ұйымдардың санының көптігі емес, сапасының мықтылығы қажет. Сондықтан да,…
Read More

Агроөнеркәсіпті дамыту: Атбасарда бірқатар инвестжоба жүзеге асырылуда

- Атбасар Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы қатар дамыған іргелі аудандардың бірі саналады. Ауданда агроөнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосатын бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың мәліметінше, өңірде агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. «Мемлекет басшысы Жолдауда алға қойған міндеттерге орай, аудан әлеуметтік экономикалық дамудың барлық салаларына жете көңіл бөліп, жыл сайын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Өнеркәсіп саласы біршама жақсы қарқынмен дамып келеді десек, аудан экономикасының негізі – аграрлық сала, оның ішінде егіншілік. Осы орайда, атбасарлық диқандар биылғы жылдың көктемгі егіс науқанын белгіленген уақытта зор ұйымшылдықпен сапалы өткізді. Тиісті тұқым қоры жасалып, жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май сатып алынды және науқанға қажетті техника жұмысқа әзірлік сапына қойылып, осының нәтижесінде тұқым себу науқаны белгіленген уақытта қысқа мерзімде аяқталды», - дейді аудан әкімі…
Read More

Президент реформалары халық игілігі үшін іске асырылуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды. Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауы өтті, Ұлттық құрылтай құрылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шет елдерде де талқыланып жатыр. Президентіміз айтқанындай, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Осы орайда, «Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болды. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы. Осылайша Президент бастамалары іс жүзінде нәтиже беруі, әр тұрғын армандаған Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадам серпінді болуы үшін қоғам дамуының жаңа кезеңі басталды. Сөйтіп,…
Read More

 Жұмысты тежейтін кедергілердің бірі – төрешілдік

Ағымдағы жылдың біріншіжартыжылдығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы талдау және мониторинг нәтижесінде 28 ұсыныс әзірледі. Талдау қаржы, сауда салаларында жүргізілсе, мониторинг кәсіпкерлер қатысатын әкімшілік рәсімдерге қатысты сұрақтар бойынша жүргізілді. Жұмысқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, білікті сарапшылар қатысты. Олардың пікірлері негізінде көптеген өзекті мәселелер анықталды. Мысалы, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы саласында түрлі субсидиялар төлейтіні белгілі. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес субсидиялардың нормалары шаруа қожалықтарынан оларды тағайындау жөніндегі өтінімдер түспестен бұрын әрбір есептік жылдың аяғына дейін әкімдіктердің қаулыларымен бекітілуі тиіс. Бірақ, қалыптасып қалған тәжірибеге орай, тиісті қағидалардың талаптарына байланысты мұндай қаулылар бірқатар келісу сатыларын, қоғамдық кеңес, жұртшылықпен талқылаудан өткеннен кейін ғана қабылданып, әділет органдарымен мемлекеттік тіркеуге алынады. Осындай күрделі рәсімдердің кесірінен субсидиялау нормаларын бекіту жөніндегі шешімдер уақытылы…
Read More