Search Results for: Жолдау

Адам тағдыры ойыншық па?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы көптеген ақпаратқа қанық боласың. Мәселен, соңғы уақытта адам саудасы туралы ақпараттар ашық жарияланып жатыр. Сондай ақпараттың бірі біздің Ақмола облысына қатысты болғаннан соң, біз де елең ете түстік. Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғыны өзін құлдықтан құтқаруды өтініп, әлеуметтік желіде көмек сұрап, жанайқайын жеткізуде. Жәбірленушінің айтуынша, ол бір жарым жыл Қорғалжын ауданында тұрып, одан кейін Степногорск қаласына кетіп, жылқы баққан, асау үйреткен. Алайда, бұрынғы жұмыс беруші шаруа иесі оны тауып алып, соққыға жығып, Қорғалжын ауданында қол-аяғын байлап ұстап, тіпті денесіне таңба салған деседі. Ол жерден қашып шыққан азамат тәртіп сақшыларына арызданған екен. Қазір полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. «Мені қинап, денеме таңба салған кезде жанымда төрт кісі болды. Шешеммен сөйлестірген кезде қасымда кісілер отыратын. Мен ол жерден қашып кеттім. Арыз жаздым. Мені қорқытқанын айттым.…
Read More

Айгүл Темірова: Дәрігерге керегі – адамгершілік, төзім, сауаттылық

- Ақ халат киген дәрігерлер, ем іздеген науқастар Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының қалпына келтіру емі бөлімшесінің дәрігері Айгүл Темірованың күнделікті өмірі. Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын өз қызметіне адал жанның жеткен жетістігі мен алған асуы өзімен иық тірестіріп жүрген әріптес іні-қарындастарына үлгі болардай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кейіпкеріміз еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында медицина саласында биік белестерге қол жеткізіп келеді. Білікті маман әрі өз ісіне адал жан дәрігер болуды бала кезінен армандаған екен. «Мен өзім Новосібір облысының тудым. Мектепте жоғары сыныпта оқып жүргенімде соқыр ішекпен ауруханаға түстім. Сол кезде маған аурухананың атмосферасы қатты ұнағаны соншалық, мен дәрігер болуды шештім. Мектеп бітірісімен бірден Новосібір университетіне оқуға түсуге бел будым. Алайда, кейін бірінші емтиханды тапсырған соң, құжаттарымды қайтып алдым. Өйткені, бірден университетте оқуға жүрексіндім. Сөйтіп, Новосібір медициналық училищесіне түсіп, диплом алып…
Read More

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

– Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: - Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде; - Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады. «Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады» делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді», - деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына. Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.
Read More

Цифрландыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Жасқайрат Еслямбековтың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті.  Жасқайрат Жақсыбайұлының айтуынша мемлекеттік корпорация халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. 2023 жылдың 1 тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалымен 175 050 (2021 ж.-199 604) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін халыққа қызмет көрсету орталығы үйде қызмет көрсетеді. Ол үшін байланыс орталығының 1414 нөміріне өтінім беру қажет, ал, орталықтың жауапты қызметкерлері өтінім түскен сәттен бастап 48 жұмыс сағаты ішінде өтінім түскен үйлерге барады. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында осы санаттағы азаматтарға 700-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. –  Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде жұмыс орындары ұйымдастырылған, онда…
Read More

Электрондық сот ісін жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды

Ақмола облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық сот ісін жүргізу мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді. Іс-шараға облыстың жергілікті соттарының төрағалары, прокуратура, экономика тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар, электрондық форматта қылмыстық істерді тіркеу мен қарау кезіндегі күрделі мәселелер туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (ҚІЖМАС) төрағасы Торқалы Бектұрсыновтың, электрондық материалдар келіп түскен кезде туындайтын мәселелер бойынша Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкімнің, «Электрондық форматтағы қылмыстық сот ісін жүргізу» тақырыбында Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаевтың, электрондық форматта қылмыстық істерді қарау кезіндегі мәселелер бойынша облыс прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыда қатысу жөніндегі басқармасының бастығы Марат Сұлтановтың, баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 200-бабы…
Read More

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру – уақыт талабы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз  бұл азаматтың мүддесі басты орын алатын, мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимыл механизмі құрылған және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беретін кедергісіз инфрақұрылым жұмыс істейтін мемлекет және оларды бақылау. Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі міндеті өз азаматтарының қажеттіліктерін сапалы орындау болып табылатын қызмет көрсететін мемлекет принципінде жұмыс істеуі керек.  Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорация өз жұмысын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша құруда. Бүгінгі күні «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшелерінде қызмет алушылар мемлекеттік органдарға хабарласып, E-Otinish жүйесі арқылы жауап ала алатын жұмыс орындары ұйымдастырылды. Бұл қызмет белгілі бір мемлекеттік органға азаматтардың өтініштерін еркін және кедергісіз шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтінішті электронды үкімет порталында беруге болады. Мемлекеттік қызметтерді сапалы және жылдам көрсету мақсатында бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы egov.kz…
Read More

Президенттің Іс Басқармасы Медициналық орталығының мамандары – Көкшетауда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл сапардың басты мақсаты – аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу және жалпы сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ, Ақмола облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту, заманауи әдістерімен бөлісу болып табылады. Делегацияның құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтар, барлығы 35 дәрігер маман бар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі оталар жасайтын болады. Орталықтың жетекші мамандары ақмолалық 340 тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Жиын барысында сөз сөйлеген өңір басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген құрметті қонақтарға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді. –  Ақмола облысына қош келдіңіздер! Біздің…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті Парламент депутаттары! Қадірлі қауым! Баршаңызды жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін! Сіздер мемлекетімізді дамыту және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның…
Read More

Қазақстандық әуе компаниясы Ресей бағытындағы рейсті тоқтатты

- QAZAQ AIR әуе компаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерін тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат әуе компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. «Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды. Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет», - делінген хабарламада.
Read More

Бірлігімізге сенейік!  Президентімізді қолдайық!

 Қасым-Жомарт Тоқаев: Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге  зардабын тигізуі мүмкін.   (Әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңестегі сөзінен.) Бүгін (13 наурыз 2023 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізіп,  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының  өзекті мәселелеріне,  Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударды. Дүниенің қызуы көтеріліп тұр. Жер жарықтықтың да мазасы кетіп тұрғандай. Бір бірімен бейбіт қатар, тыныш  өмір сүргісі келмей жатқан адамзат баласын сілкіп-сілкіп алғысы да бар. Сілкініп-ақ жатыр... Біз, қазақ елі сілкәніп жатқан дүниеге қарамастан « а, құдайлап» Жаңа Қазақстанды күтіп отырмыз! «Жаңа Қазақстан қашан болар екен, қай жақтан кіріп келер екен?» деп  алаңдап, жол қарап  күтіп жүрген сол Жаңа Қазақстанның алғашқы бір нышандары қазірдің өзінде еліміздің әлеуметтік және саяси…
Read More

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.  Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын былтыр наурыз айындағы Жолдауда айқындап алдық.  Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бір жылдың ішінде ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Билік жүйесін жаңа талапқа сай жаңғырту үшін бірнеше саяси науқан өткіздік. Маңызды мәселелерді талқылау үшін Ұлттық құрылтайды құрдық.  Мемлекеттігіміздің тұғырын және ел бірлігін нығайтатын жаңа идеологиялық тұжырымдар ұсындық. Наурыз мейрамын жаңаша атап өте бастадық. Республика күнін қайта жаңғырту тарихи қадам болды, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де…
Read More

Он жыл ішінде 250-ге жуық ақмолалық әйелге көмек көрсеттік – Құралай Жұмабекова

– Көкшетаулық «Күміс алқа» иегері Құралай Жұмабекова туған балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жетерліктей аналық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі. Алты баланы дүниеге әкеліп, тағы алты баланы бауырына басқан ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда. Бүгінгі күні ол жетекшілік етіп отырған «Ана үйі» ресурстық орталығы мен «Демеу сенім» қоғамдық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуде. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазАқпарат тілшісі ақмолалық әйелдердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын шешуде өлшеусіз үлес қосып жүрген Құралай Жұмабекованың сұхбатын оқырман назарына ұсынады. – Құралай Ғабдулғамарқызы, әңгімеміздің әлқисасын «Ана үйі» ресурстық орталығынан бастасақ. Жалпы, орталықтың ашылғанына қанша уақыт болды? – Осыдан 10 жыл бұрын «Ана үйі» республикалық қоғамдық қоры ашылған болатын. Яғни, 2013 жылы тастанды балалар көбейген кез. Көптеген аналар әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларына байланысты туған балаларынан баста тартты.…
Read More

Ел жастары – Отан қорғаны 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық әскери қызметтің имиджін арттыру, жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-үгіт-насихат жұмысының өкілдері Көкшетау қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығындағы оқу орындарының оқушыларымен әскери-патриоттық бағытта ерлік сабақтары мен бірқатар танымы мол тағылымды тақырыптық іс-шаралар өткізді. Солардың негізгісі Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында болып өтті. Аталмыш іс-шараға өңіріміздің орта және арнаулы білім беру мекемелерінен барлығы 400-ге жуық жастар жиналды. Жиын барысында «Жас сарбаз» ұйымының өкілдері, ұйымдастыру жұмыстарына ат салысқан патриот жандар Алғыс хаттармен марапатталды. Мәдениет сарайында ұйымдастырылған негізгі іс-шара басталмас бұрын жиналған қауымның назарына әскери-тарихи мұражайдың экспозициялары, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұсынылды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Ұлттық рухқа баулитын патриоттық кеш барысында ер азаматтың басты борышының бірі Отан қорғау мәселесі туралы жан-жақты баяндалды. – Мемлекет басшысының Жолдауы…
Read More

Қоғамдық бірлестіктер жұмысы бір мақсатты көздейді

Ол мақсат белгілі. Мемлекетімізде әділеттіліктің орнығуына күш салу.Осы жолда Азаматтық қоғамдастық ресурстарының бірлесіп іс-қимыл танытуы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Алмат Ысмағұлов, «Наше право» қоғамдық бірлестігінің басшысы Владислав Шуль және «Облыстық табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тұтынушылар» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Арман Садықовбаяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» аттыҚазақстан халқына Жолдауындамемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, 2021 жылы «Қоғамдық бақылау туралы» заң күшіне енді. Бүгінгі таңда облыста  «Әділдік жолы», «Облыстық табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін тұтынушылар» және «Наше право» қоғамдық бірлестіктері аталған заң аясында жұмыс жасауда.  «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты  мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және іске асыру болып табылады. Аталмышұйым азаматтарға құқықтық мәселелер жөнінде тегін…
Read More

Ерлан Қарин билікті сынаған азаматтардың сайлауға түсетіні туралы айтты

Бұл сайлаудың алғышарты 2022 жылдың наурыз айында, яғни, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланған болатын. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  "Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты, азаматтардың Парламент пен мәслихаттарға өзін-өзі ұсынуына жол ашылды. Мұны қолда бар статистика да дәлелдеп отыр. Мысалы: Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді. Сондықтан партиялар арасындағы бәсекелестік бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ. Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды (орташа есеппен 1 мандатқа 9 үміткерден келеді)", - деп жазды Ерлан Қарин. Оның айтуынша, сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың…
Read More