Search Results for: Жолдау

Сауықтыру орындарының мүмкіндігін пайдалансақ…

Коронавирус індеті жер-жаһанды сілкінтіп тұр. Біздің мемлекетіміз қиындықты еңсеру мақсатында шешуші шаралар қабылдап, оны біршама табысты орындады. Президент өз Жолдауында: «Алайда жағдайдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі жалғасуда» деді. Осы күрестен санаториялық-курорттық мекемелер, туристік ұйымдар шет қалып тұрғандай әсер байқалады. Осыған байланысты Ақмола облыстық туризм және демалыс индустриясы ассоциациясының төрағасы Шынарбек Батырхановқа сауал жолдап едік, мынадай жауап алдық. – Пандемия пәлекеті адамзатты үлкен сынға салды, мұны қазақстандықтар да айқын сезініп отыр. Жарты жылға созылған карантиндік шектеулер адамдарды өмір мәнін түсінуге, өзін-өзі қорғау шарттарын әртараптандыруға мәжбүрлеуде. Әрине, медицина, жалпы қоғам аясындағы қамқорлыққа мың рахмет. Әйткенмен, осынау бір күрделі кезеңде қамкөңіл жұртшылық үрей мен қауіп қатерін де бастан өткергенін ескеруіміз керек. Себебі, барлық ауыртпалық денсаулық сақтау саласының мойнына артылғаны кейбір түйткілді мәселелердің бетін ашып отыр. Баршаға белгілі мәселені санамалап жатудың…
Read More

Сөз бен істің беріктігі керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Жолдауында көптеген мәселелерге тоқталды. Өзінің баяндамасын пандемиядан бастап, бұл уақытты сынақ кезеңі деп атады. 42500 теңге көмек туралы айтылды. Бұл жөнінде айта кету керек, осы қаржыға мұқтаж болған халықтың бәрі толығынан қамтылмады. Пандемияға қарсы күреске дайын болған жоқпыз. Мамандардың, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдар қайтыс болып кетті. Сондықтан, онымен алда белсенді күресуіміз қажет болады. Кешенді бағдарлама құрылғандығы, әлеуметтік төлемдерді төлету үшін 2023 жылға дейін 1 триллион теңге қажет екені мәлімделді. Осы ақшаның жұмсалуына есеп берілсе ғой. Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, кадрлар саясаты, реформаларды нақтылау, мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы сұрақтар қозғалды. Екі жылдың ішінде мемлекеттік аппараттың 25 пайызға қысқартылатыны, үнемделген қаржыны жалақысы аз азаматтардың жалақысының артуына жұмсау туралы да сөз болғаны орынды. «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама арқылы ауылға, оның тұрғындарына назар аудару сөз жүзінен іс…
Read More

Дамудың жаңа кезеңінің жаңа талаптары

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысы бойынша сайланған депутаты Дәурен Зекенұлы Әділбеков Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл сенаторға көрсетілген үлкен сенім және жауапкершілік болса керек. Біз бүгін Сенат депутаты Д.З. Әділбековтің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жүзеге асыру жайлы пікірін жариялап отырмыз. Әлемдік тәжірибе экономика мемлекеттік жоспарлау және стратегиялық болжамдаусыз тығырыққа тірелетіндігін, модельдер мен құралдардың бағдарсыз көшірмесіне жол ашып, жалпы дамуға теріс ықпал жасайтынын көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында стратегиялық жоспарлау маңызды шарт болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруды реформалау мен оның жаңа моделін қалыптастыруда, Мемлекет басшысы, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірікке мәжілісінде ел халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында стратегиялық жоспарлау және реформалау Агенттігі мен реформалар жөніндегі президенттік Жоғары кеңес құрау туралы…
Read More

Қоғам алдындағы міндеттер айқындалды

Парламент Палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын мұқият тыңдадым. Бүкіл әлемді қамтыған пандемиялық дағдарыс және одан кейінгі даму мақсаттары жіпке тізілген моншақтай айқын айтылды. Күрделі жағдайда алдымызда тұрған бас-ты міндет – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары. Президентіміз мемлекет тарапынан адам капиталын дамыту үшін жаппай білім беруді қолдап, жалпыға қолжетімді білікті де сапалы медициналық көмек көрсетуді арттыру мақсатында «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөліміндегі медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жеке тоқталып өтті. Әсіресе, ана мен сәби өлімінің көрсеткіші төмендесе де, дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп екенін ашық айтты. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осы ретте, мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайтыны, оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінетіні айтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың…
Read More

Дәрігерлер парызы – халықтың денсаулығына қамқор болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының жолы баяндалған, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттер, елдің өркендеуіне қатысты жеке көзқарасы көрініс тапқан. Осы ретте, Президент Жолдауынан кейін денсаулық сақтау саласын қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайында кеңінен тоқталып өткім келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру – сәнді үрдіспен жүру деген сөз емес, ол ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы. Жаңа индустрия негізінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, экономиканы жедел технологиялық модернизациялау тікелей медицина саласына да қатысты. Бізге ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу қалыпты құбылысқа айналды. Бүгінде медицина саласының қызметкерлері стационардағы науқастардың электронды тіркелімі, бекітілген тұрғындардың тіркелімі, «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «Госпитализациялау бюросы» электронды порталы секілді бірнеше ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді. Облыстың медициналық ұйымдарында Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМАЖ) енгізілді. Қашықтықтан диагностикалау…
Read More

Жайылым мен шабындық жерлер тиімді пайдаланылуы тиіс

Уақыт үнемі қозғалыста. Қазіргі күнгі карантиндік шаралардың біршама жеңілдетілуі кәсіпкерлер мен шаруалардың жұмысындағы кейбір өзекті мәселелерді күн тәртібіне өткір қоюда. Бұл көптен бері айтылып келе жатқан жайылымдық және шабындық жерлердің жеткіліксіздігіне байланысты мәселе болып отыр. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың қатысуымен онлайн түрінде өткізілген кәсіпкерлер палатасы өңірлік ұйымы мәжілісінің жұмысына айрықша маңыз артылғанын айтқымыз келеді. Басқосу барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес мүшелері мен бизнес құрылымдарының өкілдері мал жаятын жерлердің тапшылығы, мал азығын дайындау кезіндегі қиындықтар және шаруалардың өкілетті органдармен өзара байланысындағы түсінбестік туралы кеңінен сөз болды.Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың қатысуымен онлайн түрінде өткізілген кәсіпкерлер палатасы өңірлік ұйымы мәжілісінің жұмысына айрықша маңыз артылғанын айтқымыз келеді. Басқосу барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес мүшелері мен бизнес құрылымдарының өкілдері мал жаятын…
Read More

Біз – Мемлекет басшысы келіп көрген мектеппіз

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа оқу жылының алғашқы күнінде халыққа жол тартқан Жолдауын ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабыл алғанына сенімдімін. Биылғы жаңа оқу жылы еліміздің барлық мектептері үшін ерекше жағдайда басталып отырғаны белгілі. Пандемия жағдайында сапалы білім беру ұстаздардан зор жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететінін маңызды құжатта Мемлекет басшысы да атап өтті. Бұл жолғы Жолдауда да біз, ұстаздар қауымы мемлекеттің нақты көмегін сезініп отырмыз. Біздің еш алаңсыз жұмыс істеуімізге қажетті жағдайлар жасалуда. Енді міне, Президентіміз 2021 жылдан педагогтардың еңбекақысы 25 пайызға өсетінін айтты. Қазіргі таңда біздің білім ошағында 120 мұғалім еңбек етеді. Жетпіс пайызы еңбекақыны жаңа санат бойынша алады. Ұстаздардың көңілі жайлы болса, жұмысын да тиянақты атқаратыны анық. Ал, заманауи мектепте жұмыс істеу өз алдына бөлек әңгіме. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мектебімізге арнайы келіп, білім ошағының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу…
Read More

Алдымызда жауапты істер тұр

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауын көпшілік қауым зор үмітпен күткен болатын. Мемлекет басшысы Жолдауында қазақстандықтардың өмір тіршілігінің барлық дерлік салалары қамтылды дей аламыз. Дамыған елдердің мемлекеттік басқару жүйесі неғұрлым оңтайландырылғаны белгілі. Президент осы тәжірибені кеңінен пайдаланып, бюрократизмді барынша қысқарта түсуді, басқару ісінде сандық технология тетіктерін енгізуді міндет етіп қойды. Басым мақсаттардың бірі ретінде қоршаған ортаны сауықтыру шараларын жүргізуді, ғылым жетістіктерін қолдана отырып, бұл бағытта кешенді іс атқаруды тапсырды. Құқық қорғау орындарын реформалау егжей-тегжейлі талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған сәттен бастап халықтың мұң-мұқтажын «еститін үкімет» қалыптастыруға бағытталған саясатын жариялап, азаматтық қоғам өкілдерінің әртүрлі өкілдерімен тұрақты диалог орнатуға тырысып, Президент жанында қоғамдық негіздегі Кеңесті ұйымдастырды. Осы жолы да өзінің ішкі саясатында осы бағытты жалғастыратындығын мәлімдеп, құқық қорғау орындарының жұмысын сынға алды. Полиция өкілдері өз жұмысында…
Read More

Жарқайыңда құрылыс қанат жаюда

Қазақстан Республи-касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі Жолдауында ел тұрғындарының әл-ауқатына басты басымдық берілетінін тағы да қайталап айтты. Бұл ең алдымен, бас-пана мәселесіне тікелей байланысты. Президент айтқандай, «Жаңа жағдайдағы іс-қимыл кезеңін» жарқайыңдықтар жақсы үрдіспен бастап отырғаны байқалады. Соңғы 13 жылда аудан орталығы Державинск қаласының М.Ғабдуллин және Юбилейный көшелерінде 56 пәтерлік үш тұрғын үй пайдалануға берілсе, «Молодежный» шағын ауданында ғана 75 пәтерлік көпқабатты жеті үйдің кілттері табыс етілді. Таратыңқырап айтсақ, мұндағы 46 пәтерге жетім жандар, 48-іне мүгедектер, 13-іне көп балалы отбасылар, 232 пәтерге жас мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер қоныстанған. Сондай-ақ, арнайы комиссия 38 пәтерді аудандық орталық аурухананың дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерге бөлсе, 19 пәтерді қызметттік баспана ретінде аталған медицина мекемесінің балансына беріп отыр. Бұл кадр саясатын шешудегі оң қадам болып табылады. Қазіргі күні қаладағы 80 пәтерлік үйдің қайта құрылысы қолға…
Read More

Маңызды кезеңнің мәнді істері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына арнаған Жолдауының ә дегенде коронавирус індетіне қарсы бүкілхалықтық күресті сөз етуден бастау алуы тегіннен-тегін емес. Жолы қиын жұмбақ тіршілік демекші, бүкіл әлемді жайлаған дерт біздің Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің биылғы жылға белгілеген сан қырлы ауқымды жұмыстарын кең көлемде жүзеге асыруға кері ықпалын тигізді. Белгіленген шаралар өз мақсат деңгейінде жүзеге асырылмай отыр. Дегенмен де сан қилы өмір өткелдерін бастарынан өткізген ардагерлер қауымына және жас ұрпаққа тәрбие беріп жол көрсетуде облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, ардагерлер ұйымдары едәуір жұмыстардың басын қайтарды. Әсіресе, үстіміздегі жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясындағы кең көлемді шаралардың басым көпшілігі қоғамда қалыптасқан қиын да күрделі жағдайға қарамастан, ойдағыдай іске асырылуда. Бұл тарихи оқиғалар жалпы ардагерлер ұйымдарының жұмысына жаңа серпін беріп отыр. Қамқорлық көрсету…
Read More

Несиені бей-берекет алу мен беру де жақсы емес

Ой-санаңды тұрмыс билесе, қандай да бір істен нәтиже шығару оңай-оспақ шаруа емес. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары халықтың көңілін тұрмыс билегені өтірік емес. Ашық айтылмаса да, қарапайым халықтың арасында «жұрттан қалмау керек» деген бір қағида бар. Сол мақсатқа жетудің соңғы жылдары жылдам шешімі табылған. Қаржыдан қысылған халық пайыздық үстемесіне қарамастан қарызға батып, несие алуды әдетке айналдырған десе де болады. Кейінгі жастар қанағат пен сабыр, үнемшілдік пен шүкіршілік сияқты абзал қасиеттерді де ұмыта бастағандай. Жұрттан қалмаймыз деп, несие ала салып, ұлан-асыр той жасайтын да қарапайым халық. «Алмақтың салмағы бар» деген сөзге мән беріп жатқан да жан жоқ. Көбіне халықтың алынатын қарыздың қанша пайызбен берілетініне де онша-мұнша мән бере бермейтінін байқауға болады. Осының барлығы сайып келгенде, халықтың қаржылық сауатының төмен екендігін аңғартып отыр. Жасырары жоқ, соңғы жылдары несие алып, той жасайтын қазақ көбейген.…
Read More

Мемлекеттік қызметтегі тәртіп халық сенімін арттырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелеріне көп мән берілген. Осыдан туындайтын міндеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бо-йынша департаментi өз қызметiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту және әдепсiздiкке жол бермеу мәселелерiне ерекше көңiл бөлуді мұрат тұтып отыр. Бұл орайда, Әдеп жөнiндегi кеңестердiң рөлi зор. Аталған алқалы органдар құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында көп iс тындыруда. Әдеп кодексiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға, қызметтен тыс уақыттағы жүрiс-тұрысына, көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары алдында сөйлеуiне байланысты мiнез-құлық стандарттары айқындалған. Бұл стандарттарға сәйкес, олар жұмыстан тыс уақытта жоғары мәдениеттi болуы, адамзат намысына нұқсан келтiретiн әрекеттер жасамауы тиiс. Алайда, мемлекеттiк тәртiптi нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқық бұзушылық жасау фактiлерi орын алуда. Соңғы үш жыл…
Read More

Құлшынысымызды арттырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы қызметке кіріскелі екінші рет халыққа Жолдау жасады. Жолдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы сын-қатерлерге берген сенімді жауабы болды. Президент жаңа экономикалық бағыттың жеті негізгі бағытын атап өтті, олардың ішінде бірінші орында азаматтардың игіліктері мен міндеттерін әділ бөлу қағидаты тұр. Тұрғын үй мәселесін бірінші орынға қою дұрыс шешім деп санаймын, өйткені, көбінесе тұрғын үйдің болмауы жас қазақстандықтар үшін маңызды мәселе, сондай-ақ, тағы екі маңызды тезис – халықтың кредиттік саясаты мен құқықтық сауаттылығын қайта қарау болып табылады. Коронавирус пандемиясы барлық елдердің экономикалары үшін сынақ болып отыр. Шағын және орта бизнес үлкен қиындықтарға тап болуда. Мұның бәрі Президент Жолдауынан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы сондай-ақ, отандық бизнесті қолдау бойынша кеңейтілген шаралар пакетін қарастыруды, соның ішінде салық заңнамасын тексеруді атап өтті. Сондай-ақ, жастар жобаларын іске асыру үшін жаңа…
Read More

Белгіленген жоспарлардың орындалатынына сенеміз

1 қыркүйек – Білім күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады және менің ойымша, бұл Жолдауда мемлекеттік басқару құрылымы мен мемлекеттік аппаратты түбегейлі өзгертуге, шенеуніктік бюрократизмді жоюға нақты қадам жасалатынын айтты. Президенттің бірыңғай білім беру интернет-платформасын құру туралы тапсырмасы бізді, республика педагогтарын ерекше жігерлендірді, бұл қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтың жұмысын әлдеқайда жеңілдетер еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындар саны кемінде 250 адам болатын барлық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету туралы тапсырмаға ерекше назар аударды. Қоғамның адал, лайықты мүшесін тәрбиелеу – мұғалімдердің негізгі және басты міндеттерінің бірі. Президенттің мемлекеттік, бюджеттік қаражатты жымқырушылар үшін жаза мерзімін өтеуде бұған дейін жиі қолданылып, халықтың келіспеушілігін туғызып келген мерзімінен бұрын босату жөніндегі Қылмыстық-процессуалды Кодексінің баптарының күшін жою туралы ұсынысы көпшіліктің көңілінен шықты. Жалпы, Президенттің Жолдауы Қазақстан азаматтарының тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтыды, ал, мен…
Read More

Қоғамға тың серпін берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты тақырыппен өз Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту Стратегиясымен таныстырды. Мемлекет басшысы маңызды құжатта нақты мақсаттар қойып, міндеттерді айқындап берді. Ел Президентінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын мұқият тыңдадым. Себебі, Мемлекет басшысының әрбір жаңа Жолдауы – ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашаққа бастар басты бағыт. Жасырары жоқ, ағымдағы жыл біз үшін ғана емес, әлем халқы үшін де оңай жыл болмай тұр. COVID-19 кеселі қарапайым адамдардың ғана емес, сонымен бірге, үлкен және қуатты мемлекеттердің де болашаққа деген барлық жоспарларын бұзып, адамдардың күнделікті өмір ағымына теріс әсерін тигізгенін жоққа шығаруға болмайды. Осы орайда дамыған елдердің экономикасына да бұл кесел өз зардабын тигізгені белгілі. Ел Президентінің биылғы Жолдауы осындай заман талабына сай туындап отырған экономикалық жаңа өзгерістерге қабілетті…
Read More