Search Results for: Жолдау

Мәслихаттардың өкілеттілігі кеңейгендіктен, олардың  дербестігі мен жауапкершілігі де артады

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің негізін қалауға және қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік берген елеулі саяси және демократиялық өзгерістер болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кең жүйесі енгізілді, онда мәслихаттарға жергілікті өкілетті билік органдары ретінде үлкен рөл беріледі. Ағымдағы жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Кейбір нормалар күшіне енді, ал басқалары 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Жалпы, өзгерістер жергілікті өкілетті органдардың өкілеттіктерін едәуір кеңейтті. Бүгін газетімізде халық қалаулыларының қызметінде, сондай-ақ депутаттық корпустың ағымдағы жұмысында не өзгеретіні туралы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов баяндайды:  ­­­–­­­­­ Өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі туралы мәселе көптен бері талқыланып келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы…
Read More

Елдің дамуына ғылымның үлесі мол болуы тиіс

Өткен аптадаАқмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов 2013 жылдан бері мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысының сессиясына қатысты. Іс-шара Алматыда көрнекті қазақстандық математикғалым, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰИА президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың төрағалығымен өтті. Сессияда академияның 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды және негізгі міндеттер айқындалды, Қазақстанның инженерлік қоғамдастығының күш-жігері оларды шешуге бағытталатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ, сайлауалды тұғырнамасында отандық ғылымды өндіріспен тығыз байланыста дамытудың маңыздылығын, ғылым қолданбалы сипатта болуы тиіс екенін нақты атап өтті. –Техникалық ғылымдардың, инженерлік істің даму деңгейі – адами капитал сапасының және жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Бүгінде елдің тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігі инженерлік қоғамдастыққа байланысты деп айтсақ артық емес, – деді Б.Жұмағұлов әріптестеріне арнаған сөзінде. Сессияға қатысушылар ғылым нәтижелерін іс жүзінде…
Read More

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң және оның ерекшеліктері

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына қол қойды. Бұл заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді. Бірінші, Бас прокурор жаңадан құрылған Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын, халықаралық шарттардың және нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады. Сондай-ақ, Бас прокурор Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөнінде сот тәжірибесі мәселелері бойынша соттарға түсіндіру туралы ұсыныспен жүгіне алады.  Екінші, прокурорлардың қадағалау функциясын арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті – заң бұзушылыққа жол бермеу туралы заңды түсіндіру енгізілді. Азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілімен өзара іс-әрекетте болады және оның қызметіне көмек көрсетеді.Үшінші, прокурорлардың азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері өзгерді. Осыған дейін көптеген шағымдар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданып отырса,…
Read More

Бүгін кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Дауыс беру құқығы бар 12 миллионға жуық азамат еліміздің алдағы болашағы үшін дауыс береді. Естеріңізде болса, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Ал 21 қыркүйекте президент сайлауын 2022 жылдың 20 қарашасына белгілеу туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жария етілді. 23 қыркүйекте президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды. Сол күннен 21 қазан аралығына дейін республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынды. Оның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркеліп, президенттікке кандидаттар 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісуге рұқсат алды. Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Қазақстан Республикасының…
Read More

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның маңыздылығы

Ағымдағы жылдың 5-ші қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде бірқатар заңдарға қол қойғаны баршаңызға мәлім. Осындай салтанатты түрде Президент Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына қол қойды. Бұл заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді. Бірінші, осы Конституциялық заңның новелласы – Бас Прокурор жаңадан құрылған Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын, халықаралық шарттардың және нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады. Сондай-ақ, Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот тәжірибесі мәселелері бойынша соттарға түсіндіру беру туралы ұсыныспен жүгіне алады. Екінші, прокурорлардың қадағалау функциясын арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті – заң бұзушылыққа жол бермеу туралы заң түсіндіру енгізілді. Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілеттімен өзара іс-әрекетте болады…
Read More

Сайлау учаскелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Коняшкин Ростислав онлайн қызметтерді көрсетуде Қазақстан әлем бойынша алдыңғы орында екенін айтады. «Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингі бойынша 193 мемлекет арасында 28-ші орында. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды. Бүгінде өмірімізді смартфонсыз елестете алмайтын хәлге жеттік. Сондықтан «eGov Mobile» қосымшасын 2019 жылдан бастап іске қостық»,-дейді ол. Сондай-ақ «EGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы ай сайын шамамен 1,2 млн. мемлекеттік қызмет, 2022 жылы қосымша арқылы 11 млн астам қызмет көрсетілгенін екен. «Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. 2022 жылдың соңына дейін 80% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Жақында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты»…
Read More

Орталық сайлау комиссиясы шетелдік дипломаттарға сайлау процесін түсіндірді

– ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл — Қазақстан Тәуелсіздік алғалы өткізіліп жатқан жетінші президенттік сайлау. Мұны еліміздегі демократияның дамуындағы тағы бір маңызды кезең деп санауға болады. Бұл сайлау халқымызға Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жыл президенттігі туралы, әділ Қазақстан ұстанымы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл сайлауда әртүрлі саяси көзқарасы бар алты кандидат додаға түседі, бәсекеге толы сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Президенттікке кандидаттар қатарына саяси партиялардың өкілдері ғана емес, әртүрлі бірлестік өкілдері де кіреді. Бір атап өтерлігі, біздің тарихымызда алғаш рет екі әйел Президенттікке үміткер болып отыр. Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір қадам. Қазақстан көптеген жылдар бойы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету…
Read More

Халықтың әлеуметтік жағдайы – басты назарда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттердің іске асырылуыныңбарысымен танысты және осы саладағы істің жайын жақсарту үшін министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Министрдің жұмыс сапары Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде бастау алып, мұнда көпбалалы аналармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік еңбек қатынастары туралы айтып берді. Жиын барысында жиналған қауым министрге көкейтесті мәселелерін де ашып айтып, оларға тұшымды жауап ала алды. Жиынды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында Тамара Дүйсенова өзі басқаратын министрліктің халықты әлеуметтік қолдауды жақсартушараларын көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады. – Осы жұмыстың барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныс түсті, 50-ден…
Read More

Мемлекет басшысы бірқатар заңға жария түрде қол қойды

Президент биыл маусым айында өткен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумнан кейін қабылданған бірқатар маңызды заңға жария түрде қол қойды.  Қасым-Жомарт Тоқаев референдум нәтижесінде билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға, мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндік туғанын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғанын айтты. – Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Сондай-ақ соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады. Біз референдум арқылы бұрын-соңды болмаған сыртқы және ішкі сын-қатерлерге төтеп бере алатынымызды дәлелдедік. Конституциялық реформаны нақты жүзеге асыра бастадық, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Парламент жан-жақты зерделеп қабылдаған әрбір заңнамалық бастаманың гуманистік және құқық қорғау бағыттары айқын. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап…
Read More

Жер мәселесіне қатысты кейбір жайлар көңілді күпті етеді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Бұл тұжырымдама ел ішінде көптен бері қордаланып қалған саналуан күрделі мәселеге қозғау салып, жалпақ жұрттың тарапынан қолдау тауып отыр. Ел ішіндегі өкпе-наздың басым бөлігі жерге байланысты туындайтындығы белгілі. Соңғы жылдары жер телімдерін заңсыз иелену, кәсіпкерлерге жер телімдерін заңсыз беру, экологиялық заңнаманы өрескел бұзу, ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының тарапынан жер пайларын әділ төлемеу мәселелері айтылып келеді. Мұндай көрініс қазір өңірдегі екі ауылдың бірінде бар. Таяуда өңірлік кәсіпкерлер палатасында ауыл тұрғындарының қаны шығып тұрған өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Сөз арасында мұндай кездесудің талай рет өткендігін айта кетелік. Жер-жерде орын алып отырған олқылықтар ашына айтылғанымен, көбіне сөз жүзінде қалып қоятындығы өкінішті. Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да өзекті мәселеге байланысты өз көзқарасын білдірді. Бұл…
Read More

Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі

Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Өкілдер Палатасының сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы - Кипр-Қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы Харрис Георгиадиспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Кездесу барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі және Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Х. Георгиадис Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, қазақстандық парламентарийлермен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.
Read More

Азаттық таңы атқан күн

2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. «1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамымыз болды. Республика күні елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс» деді Президент. Республика күні 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді.   Декларацияның тарихымыздағы айрықша рөлі Қазақстан алғаш рет өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрі, сондай-ақ өзінің болашағы туралы көзқарасы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялауында. Осылайша, мереке күнтізбесінде Республика Күнін жаңғырту-бұл жаңа Қазақстан ұрпағының өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы. Республика Күнін жаңғыртуМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ…
Read More

Мәдениет саласы дамып келеді

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлының қатысуымен өңіріміздегі мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланған алқа мәжілісі өтті. Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және 2023 жылдың міндеттері талқыланды. Жиынға аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары, облыстық мәдени мекемелерінің директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.                      Алқа отырысында Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, мәдениет саласындағы атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын алға тартып, 2022 жылдың тоғыз айыныңқорытындылары туралы есебін ортаға салды.    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан мәдениеті жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүр. Осы орайда, жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуы тиіс, – деп атап өтті.Тәуелсіздік жылдары облыста 123 кітапхана, 7 музей және 107 клуб нысаны ашылды, оның 91-і мемлекеттік нысан, – деп бастады сөзін…
Read More

Көкшетауда ТКШ мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

«Адал көмек» жобасы аясында Көкшетау қаласы әкімдігінің алаңында мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтер басшылығының қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтті. Іс-шара барысында өңір тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәртібі, аула аумақтарын абаттандыру, пәтерлерде жылу беру, жалпыүйлік мүлікке қызмет көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Қабылдау барысында келіп түскен сұрақтардың бірі үй маңындағы аумақты абаттандыруға қатысты болды. Атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны аула аумағында футбол алаңын орнату мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Көкшетау қалалық ТКШ бөлімінің басшылығы үй тұрғындарының ұжымдық өтінішін бөлімге жолдау қажеттігі туралы түсіндіріп, өтінішті заңнамаға сәйкес қаралатын болады деп айтты. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өз құқықтары бұзылған кезде қайда жүгіну керектігін, оның мәселелерін қарау қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Сонымен қатар, өтінішті қараудың тиімділігі оның…
Read More

Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды

– Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 18.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 4 кандидат ұсынылды. Кандидаттар кімдер? Оларға қандай талап қойылады? Кезектен тыс президент сайлауы қашан және қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде? Жылдың басты саяси науқанына қатысты ең өзекті төрт сұраққа жауап іздеп көрелік. 1. Биылғы президент сайлауының ерекшелігі неде? 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен…
Read More