Search Results for: Жолдау

Адамзаттың күрделі кезеңінің қасиетті қадамы

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Қазіргі күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын бүкіл адамзатқа паш етуде. Меніңше, Съездің ең басты миссиясы да, ерекшелігі де – осы!        (Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөйлеген сөзінен, 14 қыркүйек, 2022 жыл.)  Бүгін (14 қыркүйек 2022 жыл)  Елордамызда  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуында сөз сөйлеп,  «Қазіргі күрделі кезеңде съездің тарихи мәні артып отыр. Өйткені, халықтар арасындағы келісімді нығайтып, пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру – бәрімізге ортақ міндет» екендігін атап көрсетті. Адамзаттың зор үміт күткен XXI-ші ғасыр сол адамзаттың үмітін ақтай қоймағаны да анық. Жер жаһанды бұрын-соңды болып көрмеген қарулы қақтығыстыр жаңаша өрши түсті.…
Read More

Жаңа Қазақстанды құрудың  бағдарламасы ретінде қабылдадық

Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зор ынтамен тыңдап әрі мерзімдік баспасөз арқылы танысып, ойдағыдай іске асырылуына мүдделі болып отырмыз. Шын мәнінде, халық күткен көп сұрақтарға жауап алдық, Мемлекет Басшысы қоғамымыздағы көкейтесті мәселелерге – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы, денсаулық саласын жетілдіру, жастарды жоғары біліммен және еңбекпен қамту, әйелдердің зейнетке шығу жасын реттеу сияқты көптеген бағыттарға мұқият тоқталып, оларды жүзеге асыру жолдарын нақты көрсетіп берді. Бұған дейінгі айтып жүрген ойларын одан сайын тереңдете отырып, Президент Үкіметтің, жергілікті атқару органдарының бизнесті қорғау мен дамыту, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, сот және құқық қорғау органдарының жұмысын уақыт талабына сай жақсарту тұрғысындағы келелі міндеттеріне жан-жақты тоқталды, айқын талаптар қойды. Қоғамның саяси өміріне қатысты жаңалықтар да көкейімізден шықты: президент, парламент сайлауы мен жаңа үкімет жасақтаудың нақты мерзімдерінің көрсетілуі елімізде саяси реформалардың тездетілуін қамтамасыз ететіндігіне көзіміз…
Read More

Кәмелетке толмағандарға ерекше көзқарас керек

Отбасы құндылықтары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден бастау алады. Бұл отбасын нығайтатынфакторлар. Адамдардың үй ішінде бастан бірге кешетін қуаныш пен қайғы, әл-ауқат мәселесі немесе басқа да проблемалар бірлесіп шешкенде ғана жеңіл. Отбасын құру және құндылықтарғақұрметпен қарау өте маңызды. Бұл үлкен жігер мен ұзақ мерзімді еңбекті қажет етеді. Өз мұратына, дос-жаранына, атамекенге адалдық, сүйіспеншілік пен сенім, мейірімділік пен жомарттық, жауапкершілік пен өзара көмек, үлкенді ғана емес, айналадағылардың бәрін сыйлау сияқты қасиеттер некеде қаланады. Үй ішінде қалыптасқан қарапайым ережелер мен моральдық негіздері кейін қоғамға беріледі. Олар балабақшада, мектепте, колледжде, жұмыста және қоғамдық орындарда адамның мінез-құлқынан көрінеді. Жалпы құндылықтар адамның мәдениетін қалыптастырады, қоғамда адамгершілікке тәрбиелейді. Жаһандану дәуірінде әлеуметтік қатынастардың динамикалық өзгерістері орын алуда. Осыған байланысты неке-отбасы қатынастары, ер мен әйелдің отбасындағы рөлі, жалпы, барлық отбасылық құндылықтардың жиынтығы өзгере бастады. Отбасы…
Read More

Қазақстан МӘМС-тен бас тарта ма?

 – Президенттің Жолдауда айтқан сынынан кейін еліміз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен бастартуы мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту кері кету болып есептелер еді. МӘМС енгізігеннен кейін былтыр денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 0,5 трлн теңге, биыл 800 млн теңге келді», - деп жауап берді Ажар Ғиният. Министр ол қаражаттың қайда бағытталып жатқанына тоқталды. «Бұл қосымша жаңа технологиялар, қызметтердің аясын кеңейту, құрылғылар сатып алу, денсаулық сақтау саласына инвестиция салу, халықтың тұрмысы мен денсаулығын нығайту сияқты игіліктер деген сөз. Бұлардан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндет – МӘМС жүйесін жетілдіре түсу», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Read More

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы отандық кәсіпкерліктің рөлін талқылау бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты екенін атап өтті. «Қазақстан халқына Жолдауымда экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты – бүкіл еліміздің әл-ауқатын сапалы және инклюзивті түрде жақсарту ісі өзгермейтінін ерекше атап өттім. Бұл мақсатқа еркін әрі тиімді нарықтық экономика құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мемлекеттің экономикадағы жетекші рөлі, әсіресе мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді және солай болуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңға бағынатын бизнеске ел ішінде де, халықаралық нарықта да қолдау көрсету», – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, экономиканы монополиядан арылту және жаңа нарықтар ашу жұмыстары жалғасады. «Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Енді қандай да бір тұлғаға басымдықтар берілмейді. Мемлекеттік аппараттағы байланыстары мен оның тарапынан жасалатын қамқорлыққа қарамастан, Қазақстанда…
Read More

Еліміздің келешегін кемел етуге ниетті болсақ, бірігейік!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы осы бір ойларға жетелеп отыр. Қоғамдық өміріміздің бар саласын дамытудың жолдарыжан-жақты   қамтылған бұл Жолдау еліміздің жаңа бағытпен дамырына зор серпін береріне күмән жоқ.  Көңілімізден шықты. Әлем бүгін мазасыз. Жанталасқан  төрткүл дүние өз тіршілігін сақтап қалу үшін қарекет етіп жатқандай. Дүбірлі дүниенің  Ұлы көшінен  қазақ елі, біз де қалып қоймауымыз керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта өз Жодауында Қазақстанның дамуының негізгі бағыттарын нақтылы айқындап беріп отыр. Егер де біз осы айтылған міндеттерді ойдағыдай орындайтын болсақ, сөз жоқ дамимыз, қуатты елге айналамыз. «Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс»,-деген Қасым-Жомарт Кемелұлының  саяси жаңғыруды енді экономикалық жаңғыруға ұластыру…
Read More

Ереймен жерінде болып, өңір жағдайна назар аударды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің Ерейментау ауданына жұмыс сапары Новомарковка ауылындағы бірқатар нысандарды аралаудан басталды. Ауыл шекарасында Талғат Тұрлыбекұлы аудан әкімі Абай Әлжанов, аудандық мәслихат хатшысы Медеу Әбжіков, ауыл әкімі Григорий Самойленко және облыстық мәслихатының депутаты Бекім Әкімовпен кездесіп, жоспарланған бағыт бойынша бірге жолға шықты. Новомарковкаауылдықклубыныңғимаратынкүрделіжөндеуге 154 миллион теңгеденастамқаражатбөлінді, жұмыстарағымдағыжылдыңшілдеайындабасталды. «Хамзе» шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорынды Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты Ержан Биекенов басқарады. Ол әріптестеріне  астықты егін орағында алқаптарды, пайдаланылып жүрген техниканы, сондай-ақ,сүт фермасын көрсетті. Биыл шаруашылы қасыл тұқымды мал шаруашылығын және сүт өндіруге субсидиялауға өтінім берді. Қазір мұнда 295 ірі қара мал өсіріледі.1344 гектар егістік және 1224 гектар жайылым бар. Е.Биекенов аграрийлердің мәселелерімен бөлісе отырып, мемлекеттік қолдауға үмітін білдіріп, мұнда астық түсімі жаман емес екенін атап өтті. Ерейментауға барар жолда Т. Жүнісов аудандық мәслихат депутаттарының…
Read More

Ел мен ұлт мүддесі терең сезіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына халқымыздың аяулы перзенті  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың «Қай істе де халыққа  сүйендік, айналып өткен жеріміз жоқ» деген сөзін арқау еткім келеді. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болдық. Мемлекеттің негізі – халық. Мемлекет басшысының әр Жолдауын асыға  үлкен үмітпен, зор сеніммен күтіп отыратынымыз анық. Өткен Жолдауда Жаңа Қазақстанның келешегінің кемел болуы әр қазақстандықтың өзіне байланысты екені айтылған болатын. Ендеше әр азаматтың үніне құлақ асқан, халық жауапкершілікпен,үмітпен,сеніммен қабылдайтын тағы бір Жолдау дүниеге келді. Президенттің осы Жолдауын мен де оқып таныстым. Көңілге қонымды жағы басымырақ. Мемлекет басшысы  мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Ақпараттық цифрландыру мен ауылшаруашылығы саласындағы мәселелерге де баса назар аударды. Еңбекақының нарықтағы жағдайға сай өсуі, ең төменгі жалақының…
Read More

Президент сайлауының қай күні өтетінін Мемлекет басшысы бекітеді – министр

– ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Президент сайлауы өтетін күн қалай белгіленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден биыл күзде өтуі тиіс Президент сайлауының нақты күні қашан белгілі болатынын сұрады. «Президент өкілетінің мерзімі 1,5 жылдан кейін аяқталатындықтан, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауда айтқан бастамасы аясында Жарлық шығарып, сайлау өтетін күнді белгілейді»,-деп жауап берді Қанат Мусин. Сондай-ақ, ол Президенттің алдағы уақытта неше рет сайлауға түсе алатыны туралы сұраққа жауап беру үшін алдағы Президент сайлауын өткізу туралы заң жобасы әзірленуі керектігін айтты. «Заң тұрғысынан алғанда қолданыстағы заңда мерзімінен бұрын сайлау жариялау қарастырылған. Ондай заң жобасы қашан қарауға енгізілетіні заң шығару обьектісі ретінде Президентке байланысты. Әлі әзірленбеген заң жобасын талқылау ерте деп ойлаймын. Заң жобасын әзірлеу мерзімі заңнамада қарастырылмаған», - деді Қанат Мусин.
Read More

Рулі оң жақта орналасқан және басқа елде тіркелген көліктер заңдастырылмайды – ІІМ

- Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды тапсырғаны белгілі, деп хабарлайды Polisia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы тіркеу және утилизацияға жіберу үшін төлем құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс екенін атап өтті. Қазір уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамалық актілерге азаматтарға әкелінген шетелдік автокөліктерін өздері үшін қолайлы жағдайда заңдастыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіп жатыр. Сондай-ақ оны жүргізу тетіктері әзірлену үстінде. 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген (кірген) барлық көлік құралдары бойынша Ішкі істер, Мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік органдары (Шекара қызметі) арасында ақпарат алмасу мәселелері пысықталды. Мұндай мәліметтерді ІІМ белгіленген мерзімнен кейін әкелінген көліктерді заңдастырмас үшін жинақтайды. 1 қыркүйектен кейін Қазақстанға әкелінген автокөліктерден басқа криминалдық есеп бойынша іздеуде жүрген, заң немесе сот тарапынан шектеулері бар, бұрын тіркелген елдегі есептен белгіленген тәртіппен алынбаған,…
Read More

Қосшыда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда

Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жаңа мектептің ашылу рәсіміне қатысудан басқа, Қосшы қалалық мәслихатындағы әріптестерімен кездесті. Депутаттармен бірге ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстар мен бастамалардан алған әсерлерімен бөлісті. Қаладағы ағымдағы жағдайды талқылап, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Жақын арада Қосшыда бір ауысымда 100 келушіге арналған жаңа емхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ауданы 3600 шаршы метрден асатын және құны бір жарым миллиард теңгеге жуық екі қабатты корпусты салумен «Дело ФБК» ЖШС айналысты. Бүгінгі күні нысан келушілерді қабылдауға дайын, медициналық жабдықтар да әкелінді, кейбір ұсақ әрлеу жұмыстары қалды, содан соң ресми ашылуы болады. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Сондай-ақ, Қосшыда Болат Өтемұратовтың жеке қоры «Лесная поляна» тұрғын алабында салып жатқан 1500 орындық мектепті 2023 жылдың үшінші тоқсанында тапсыру жоспарланып отыр. Оның құны 8 миллиард…
Read More

Белгіленген жолдан таймай, алға басамыз

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бүгінгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.  Берекелі қоғам.» Жолдауының шын мәнінде тарихи маңызы бар. Ол дәстүр бойынша Президенттен өзі көздеген барлық реформаларды іске асыру жолында жаңа қадамдар күткен көптеген қазақстандықтардың күткенінен де асып түскеніне сенімдімін. Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жылдың күзінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысы маңызды әрі шешуші қадамдардың бірі екені сөзсіз. Сонымен бірге, Президент өкілеттіктерінің саны мен ұзақтығын қайта қарау қажеттілігі туындағанын Мемлекет басшысының өзі атап өтті. Ол Президент мандатын 7 жыл мерзімге қайта сайлау құқығынсыз шектеуді ұсынды, жеті жыл кез-келген өршіл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, президенттік мандатты бір мерзімге шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша бағытталуын қамтамасыз етеді. Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісінің орнықтылығын нығайтады. Мемлекет басшысы сайлаудан кейін…
Read More

Алда көптеген өзекті міндеттер тұр

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің Ерейментау ауданына жұмыс сапары Новомарковка ауылындағы бірқатар нысандарды аралаудан басталды. Ауыл шекарасында Талғат Тұрлыбекұлы аудан әкімі Абай Әлжанов, аудандық мәслихат хатшысы Медеу Әбжіков, ауыл әкімі Григорий Самойленко және облыстық мәслихатының депутаты Бекім Әкімовпен кездесіп, жоспарланған бағыт бойынша бірге жолға шықты. Новомарковка ауылдық клубының ғимаратын күрделі жөндеуге 154 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында басталды. «Хамзе» шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорынды Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты Ержан Биекенов басқарады. Ол әріптестеріне астықты егін орағында алқаптарды, пайдаланылып жүрген техниканы, сондай-ақ, сүт фермасын көрсетті. Биыл шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығын және сүт өндіруге субсидиялауға өтінім берді. Қазір мұнда 295 ірі қара мал өсіріледі. 1344 гектар егістік және 1224 гектар жайылым бар. Е.Биекенов аграрийлердің мәселелерімен бөлісе отырып, мемлекеттік қолдауға үмітін білдіріп, мұнда…
Read More

Қосшыда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда

Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жаңа мектептің ашылу рәсіміне қатысудан басқа, Қосшы қалалық мәслихатындағы әріптестерімен кездесті. Депутаттармен бірге ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстар мен бастамалардан алған әсерлерімен бөлісті. Қаладағы ағымдағы жағдайды талқылап, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Жақын арада Қосшыда бір ауысымда 100 келушіге арналған жаңа емхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ауданы 3600 шаршы метрден асатын және құны бір жарым миллиард теңгеге жуық екі қабатты корпусты салумен «Дело ФБК» ЖШС айналысты. Бүгінгі күні нысан келушілерді қабылдауға дайын, медициналық жабдықтар да әкелінді, кейбір ұсақ әрлеу жұмыстары қалды, содан соң ресми ашылуы болады. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Сондай-ақ, Қосшыда Болат Өтемұратовтың жеке қоры «Лесная поляна» тұрғын алабында салып жатқан 1500 орындық мектепті 2023 жылдың үшінші тоқсанында тапсыру жоспарланып отыр. Оның құны 8…
Read More

Президент АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады

 - Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен кездесуде қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді. Өз кезегінде конгрессмендер Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.
Read More