Search Results for: Жолдау

Жаңа шіркеу мінәжат етушілерге есігін айқара ашты

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы «Воскресения Христова» кафедральді соборы мен жексенбілік мектептің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Негізі 2015 жылы қаланып, құрылыс жұмыстары 2016 жылдың сәуірінде басталған шіркеу өз келушілеріне есігін айқара ашты. Қопа көлінің маңында табиғаты көркем жерде орналасқан бұл шіркеуге кем дегенде 1500 адам сыяды. Жексенбілік мектеп жұмыс істейді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында атап өткендей, «біздің бірлігіміз – әралуандықта». Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сондықтан, барлық азаматтарымыз этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екендігін түсінулері керек. Бұл орайда, біздің облыста рухани құндылықтарымызды сақтап, дәріптеуге барлық жағдайлар жасалуда. Еліміздегі негізгі діндерді ұстанушыларға арналған 82 мешіт, 28 православтық шіркеу, 11 католиктік кастелдар жұмыс істеп тұр. Соңғы жылдары діни нысандар аудандарымызда да бой көтеріп жатыр, – дей келе, өңір басшысы Ермек Боранбайұлы…
Read More

Аналық малдан айырылып, малсыз қалма, ағайын!

Анық жұт келмесе де алыпқашты әңгіменің жұтататын түрі бар. Ел ішіндегі қобалжу бағымдағы малды саттыра бастаған. Әсіресе, өтімі тез аналық мал көбірек сатылуда. Мал тұқымын асылдандырамыз деген әлденеше жылғы еңбек зая кететін сыңайлы. Орталық базарда алушыдан сатушы көп. Ақадал малын бұлдап өткізгісі келген малсақ қауымның ырыздығын бөліскісі келгендерді осы жерден табасыз. Мәселенің мән-жайын бүге-шігесіне дейін жақсы білетіндердің айтуына қарағанда, ауылдағы ағайынның әкелген мал етін бұлдап сату үшін базарға бас сұғуы қиынның қиыны. Малды баққанынан сатқанының машақаты мол. Сондықтан, таңсәріден дүмеп келген елдегі ағайын алыпсатарларға арзанға өткізе салуға бақұл. Қазір орталық базарда қара мал етінің келісі 2500, жылқы етінің келісі 3100, қой етінің келісі 2800 теңге төңірегінде сатылып жатыр. Бұл арада ет сатып, мұрты майланып тұрғандар – алыпсатарлар. Малсақ қауымның айтуына қарағанда, көкмайсалы жаздың өзінде үйірдегі жылқы, табындағы сиыр біршама жүдеу.…
Read More

Тіл биіктесе, Ту биіктейді

Көкшетау қаласының іргесіндегі Бұқпа тауының биігінде осындай тақырыппен Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен поэзиялық кеш болып өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты. Онда ерлігіміздің дастаны, елдігіміздің айбыны ана тілімізді ардақтап жиналған қауым назарына «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге еліміздің айтулы ақын-жазушыларымен қатар, жас қаламгерлердің де кітаптары қойылған. Салтанатты шараның шымылдығы әуелеген әсем әнмен ашылды. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Шыңғыс Сәрсембаев ашық аспан аясында «Көкшетау» әнін қалықтатып, көңілдерді бір серпілтіп тастады. Лирикалық бояуға қанық, жүрек қылын шертетін иірімдері нәзік, әсем әнді нақышына келтіріп орындай білген әнші Шыңғысқа жиналған қауым дән риза болды. Беу, шіркін, Көкшенің биігінде тұрып, «Көкшетаудай» әсем әнді тыңдаудың өзі бір бақыт емес пе?! Арқаның кербез…
Read More

Өңірлердің дамуына бөлініп жатқан қаржы тиімді жұмсалып, тиісті қайтарымын беруі керек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Аршалы және Ерейментау аудандарында болып, елді мекендерді көркейту және жолдарды жөндеу, мектептердің құрылысын жүргізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерін шешу, егін орағын ұйымшылдықпен аяқтау және тағы басқа да алда тұрған міндеттерді саралап, Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауы бойынша атқарылатын істерді пысықтады. Аршалы. Ауданның Жібек жолы ауылында облыс әкімі ауыл ішіндегі жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жолдың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бұл жоба екі жылға арналған. Оның барысында 1 миллиард теңгеге жиырма шақырым жол жөнделмекші. Биылғы жылы бюджеттен 98 миллион теңге бөлінген. Мердігер ұйым одан да көп, 118 миллион теңгенің жұмысын игерген. Алайда, жобада тротуарлар мен жарық тарту қарастырылмапты. Бұл үлкен ағаттық. Жібек жолы ауылында ресми түрде бес мың адам тұрады деп көрсетілген. Ал, іс жүзінде тұрғындар саны одан бірнеше есе көп. Облыс әкімі жол…
Read More

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өскендігі байқалады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов облысымызда Мемлекет басшысының ел халқына арнаған биылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары тұрғысында келелі әңгіме қозғап, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды. Басқарма басшысы өз сөзінде 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптің өндіріс көлемі тау-кен өндірісі мен өңдеуші салалар есебінен 8,4 пайызға өскенін айтты. –Машина жасау және тағам, сусын, химия, резина, пластмассо өнімдері тәрізді өңдеуші өнеркәсіп саласында өсім сақталуда. Өндірісті диверсификациялау жұмысы аясында 2020-2021 жылдары машина жасау саласында техниканың жаңа түрлері шығарыла бастады. Бұл бағытта УайТиО тракторы, өнімділігі жоғары Торум комбайны мен астық кептіретін кешенін атап өтуге болады. Химия саласында «Сареко» серіктестігі сульфоаммофос шығара бастады. Құрылыс индустриясында жұмсақ плита, үлкен диаметрлі темір-бетон құбыры жасалуда. Жыл соңына дейін ұнның және картоптың жаңа өнімдері…
Read More

80 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Дінмұхаммед Шалабаев өзі басқаратын салалық кәсіподақтың негізгі жұмыс бағыты мен өткен кезеңде атқарған істері жөнінде айтып берді. –Әр кезеңде де кәсіподақ қозғалысы және оның ұжымдағы рөлі өте маңызды. Өйткені, кәсіподақ Еңбек заңнамасының сақталуын, оның ішінде әлеуметтік және еңбек қатынастарының жақсартылуын, ұжымдық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, еңбекақы бо-йынша мәселелерді көтереді, еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғайды,–деген филиал төрағасы кәсіподақтар өндірістік-салалық қағидат бойынша құрылатынын айтты. –Біздің филиалдың құрамына 3115 кәсіподақ мүшесі бар 80 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді. Әлеуметтік мәселелердің ең бастысы – еңбекақы мәселесі. Соның бірі «Лауазымдық базалық айлық жалақының» көлемі жөніндегі мәселе республика деңгейінде қаралып жатыр. Осы тұрғыда салалық кәсіподақтар мен Кәсіподақ федерациясы тарапынан базалық лауазымдық айлық еңбекақы…
Read More

Қазақтың ұлттық спорт түрлері кенже қалып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында «ұлттық спорт пен бұқаралық дене шынықтырудың дамуы пирамидаға айналуы керек, оның басында жаңа чемпиондар болады, ал, оның негізінде біз дені сау, белсенді жастар және мықты ұлт боламыз» деген болатын. Осыған байланысты біздің облыста, Көкшетау қаласында спорт секцияларын ашу керек. Жас ұрпақ өкілдері рухани жаңғыруы тиіс. Билік тарапынан қазақтың ұлттық және бұқаралық спорт түрлері қолдануы тиіс. Балалардың күш-қуаты мен қызығушылығын оң бағытта ұстау қажет. Сонда ғана олар Қазақ елі мен Ақмола облысының атын шығарып, Паралимпиада-2020 бірінші орын алған Давид Дегтярев сияқты мықты спортшы болады деп сенемін. Краснояр селосында Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт мектебі жұмыс істейтінін біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Мұнда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар да жаттығады. Ұлттық спорттың дамуы үшін ат спортымен айналысатын қысқы…
Read More

Болашақ ертеңгі білікті маманның қолында

Елімізде ІТ-мамандарының тапшы екендігі белгілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ІТ-секторға қатысты нақты тапсырмалар берді. Өңірде Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс қолға алынуда. Таяуда Бурабай ауданында ІТ лицей-интернаты ашылды. Қоғамдық өмірімізге соны серпін берген жаңа Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет» деген болатын. Бұл болашақты бағдарлаған, ел келешегінің көкжиегін кеңейтуге бағыттайтын келелі пікір. Мектеп оқушыларының туындысы таңдай қақтырарлық екен. Қарапайым ғана басқару тетігі арқылы өнерлі оқушылар роботтарды еркін басқарады. Әншейінде сәл ебедейсіздеу болып көрінген роботтар әлдебір тетіктерді құрастырып жатыр. Айтқаныңды екі етпейтін қолғанат тәрізді керек затыңды да лып еткізіп алып келеді. Бала қиялын баураған ғажап бір әлем. Күні ертең осы оқушылардың…
Read More

Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған Жолдауы барысында көтеріп, орындалуын тиісті органдарға жүктеген мәселелердің қатарында ауыл шаруашылығы құрылымдарына субсидия төлеу мен ветеринария саласын жетілдіру қажеттігі туралы тапсырмалары көңілімнен шықты деп сеніммен айта аламын. Қазақстан Республикасының арнайы заңнамаларына сәйкес шаруа қожалықтарына субсидия төлеуде, мал басының уақытында ветеринарлық есепке алынып, бақылаудан өтуі, аса қатерлі жұқпалы ауруларға тексеріліп, егілулері бағытында да бірқатар олқылықтардың орын алғаны, жеке жағдайларда әлі де қайталанулары жасырын емес. Өз басым ұзақ жылдар бойы шаруа қожалығының басшысы, жеке меншікте малдар ұстап отырған ауыл тұрғындарының бірі ретінде аталған проблемалармен сан рет бетпе-бет келдім. Өңірімізде, қала берді облыс көлемінде менің жағдайымда болғандардың біршама екендерінен нақты хабардармын. Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы саласында орын алып отырған екі өзекті мәселені уақытында көтергені, оның ішінде «субсидияны ресімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен…
Read More

Тіл – ел саясатының аса маңызды басымдықтарының бірі

Елімізде қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Тіл мерекесін атап өту дәстүрге айналып келеді. Биыл да 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні ретінде осы тілдер онкүндігіне ұласты. Еліміздің әр күні жаңалықтар мен жақсылықтарға толы екені, түрлі оқиғалар легінің биік межелерге жетелейтіні қуантады. Соның дәлелі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр дегенге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі», –деп атап өтті. Қазақстан халқы…
Read More

Қоғамдық өмірімізде ардагерлер орны ерекше

Өткен сәрсенбі күні «Достар» мәдениет сарайында жиырма жеті мың мүшесі бар Көкшетау қалалық ардагерлер ұйымы оныншы есеп беру-сайлау конференциясын өткізіп, бес жыл ішінде атқарылған жұмыстарын қорытындылап, ұйым басшысын сайлады. Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев есепті баяндамасында аға ұрпақ өкілдерінің Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді қызу қолдайтындықтарын айтып, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен бірлесе атқарылған ауқымды шаралар мен басым бағыттарға тоқталды. Қалалық кеңестің алты тұрақты комиссиясы мен 144 бастауыш ұйымының белсенді қызметінің арқасында зейнеткерлердің тұрмыс жағдайы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды шаралар ойдағыдай жүзеге асырылды. Бұл орайда Ақмола темір жол бөлімшесі, «Тыныс» акционерлік қоғамы, «Алтынтау-Көкшетау» серіктестігі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, облыстық аурухана, Краснояр селолық округі бастауыш ұйымдарының белсенді қызметін, Х.Ғазизов, Б.Байлина, Г.Марченкова, Г.Николаева жетекшілік еткен тұрақты комиссиялардың іс-қағаздарын жүргізудегі, денсаулық сақтау мекемелерімен байланыс-ты жақсартудағы, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттаудағы үйлесімді жұмысын…
Read More

Айқын мақсат қоғамның дамуын жеделдете түсуі тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына арнаған жаңа Жолдауының басты ерекшелігі – Мемлекет басшысының қарапайым азаматтардың мұқтаждықтарына назар аударуында деп санаймын. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын бағдарламалық құжатқа айналғаны қашан. Менің ойымша, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – Президенттің республиканың қарапайым азаматтарының мұқтаждықтарына назар аударуында. Бұл ең төменгі жалақыны көтеру және жұмыс берушілерді жалақы төлеуге ынталандыратын «ұтымды» шаралар қолданумен байланыстырылды. Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл тұрғыда, азаматтық қызметшілердің де жалақысы көтерілетініне қуаныштымын, өйткені, мемлекеттік аппараттың қызметін техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс солардың иығына түседі. Президенттің цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі бастамаларын да ерекше атап өту қажет. Технологиялық процестерді жаппай цифрландыру мен автоматтандыру ғана Қазақстанның жедел даму мүмкіндігін,…
Read More

Нақтылы әрі нәтижелі қадамдарды күтеміз

Өткен жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталған реформалық Жолдауда айтылған негізгі қағидаттарды басшылыққа ала отырып, бұл бағытта Елбасының Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет деген Президенттің көзқарасын бүгінгі күннің тамыр соғысы деп бағалағанымыз дұрыс. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Былтырғы Жолдауында Президент осылай деген болатын. Биылғы Жолдауында осыларды саралай келіп, пандемиядан кейінгі экономикалық дамуға барлау жасайды, оның тұрақтанып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал ететініне сеніммен қарайды. Қазіргі қиын жағдайда халықты дағдарыстан алып шығатын басты қаржы көзі – ұлттық қордың болуы біздің басты артықшылығымыз екенін көрсете отырып, оның мақсатты жұмсалуына назар аударуымыз керек екеніне айрықша тоқталды. Көпсөзділіктен гөрі нақтылы істерді атқаратын уақыттың келгенін Президент Жолдауда атап көрсетті. Триллиондаған ақшалардың тиісті салаларға жұмсалғанына, субсидия…
Read More

Облыс әкімінің есебі тыңдалды

Ақмола облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті сегізінші сессия-сы болып өтіп, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өзіне жүктелген функция-лар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов қатысып отырды. Сессияға жиналған депутаттар, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, БАҚ өкілдері және облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері мен бейне көрсетілім арқылы қосылған аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттарының хатшылары мен депутаттары алдында сөз алған облыс әкімі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында жарияланған бірқатар өзекті мәселелер мен пандемия кезіндегі облыстық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айта келіп, осы тұрғыда атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Өнеркәсіптік сектор саласында өндірістік әлеуетті толық пайдалану…
Read More

Елдің еңсесі биіктей түседі

Мемлекет басшысы Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жариялады. Инфляция 4,6 пайыз деңгейінде болуы керек. Ұлттық банк пен Үкімет әлемдегі жағдайды желеу етіп, қауқарсыздығын танытты. Дағдарысқа қарсы шараларға 3,6 триллион теңге жұмсалды. Бұл айтарлықтай шығын. Бірақ, екінші деңгейлі банк-тер тиімді жобаларды қолдауға ынта танытпай отыр. Әсіресе, ауылда бұл мәселе өзекті. Сондықтан, Президент мироқаржылық ұйымдардың көмегіне жүгіну қажеттігін ұсынды. Енді Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі іс шаралар пакетін әзірлеуге міндетті. Мемлекет басшысы жұмысын істей алмай, орнында құр босқа отырғандарды қатаң сынға алып, қызметтік міндетінен жалтарғандар лауазымын босатуы тиіс деп шегелеп айтты. Тоқаев «Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңінде тұрмыз, сондықтан, мемлекеттік аппарат біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуге міндетті» деді. Сондай-ақ, депутаттардан заң жобаларын сапалы әзірлеулерін талап етті. Әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтардың қатары жайлы «Қоғамда патерналистік…
Read More