Search Results for: Жолдау

Ертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат №1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. «Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады»,-делінген хабарламада.
Read More

Жолдау – жарқын болашаққа тағы бір игі қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті төмендетудің маңыздылығы атап көрсетілген. Ауылдық жерлерде экономикалық және демографиялық өсу нүктелері болып табылатын перспективалы ауылдарға назар аудару мәселесіне де көңіл бөлінген тұстар бар. Ақмола облысында бүгінгі таңда 298 перспективалы ауылдық елді мекен бар, олар ауыл тұрғындарының 82 пайызын қамтиды. Жыл сайын ауылдық елді мекендер бойынша өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарға талдау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша олардың даму әлеуеті айқындалады. Әлеуеті жоғары ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаны тиімді іске асыру үшін облыс бойынша 2025 жылға дейінгі жоспар-кесте әзірленді. 2019-2020 жылдары 72 жобаны іске асыру үшін 10,2 миллиард теңге бөлініп, 15 ауылдың 80 мыңға жуық тұрғынының өмір сүру сапасы жақсартылды.…
Read More

Жолдау сенімді бағыт-бағдар береді

«ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамының ұжымы Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жылы қабылдады. Аталған бес негізгі бастаманың әрқайсысы өз мазмұны бойынша нақты айтылған. Әлеуметтік дамудағы барлық бастамалар адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартудың, оны сақтаудың ең үлкен қажеттілігі болып табылады. Біз еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға бағытталған үшінші бастамамен таныстық. Микро және шағын кәсіпкерлік үшін жиынтық жүктемені 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізуді ұсынды. Бұл зейнетақы жүйесінің, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды қатысушысы бола алатын мыңдаған қызметкердің «көлеңкеден шығып кету» бизнесін ынталандырып отыр. Біздің республикамыз өзінің даму кезеңінде бірнеше дағдарысты еңсерді, бірақ, ауқымды іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін күш пен қаржы табатыны көңілге қуаныш ұялатады. Біздің мемлекетіміздің көптеген проблемаларды шешудің дұрыс жол таңдауына…
Read More

Жолдаудың орындалуына белсене ат салысамыз

«Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қашықтықтан оқытудың қорытындысы шығарылды. Ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі жеткіліксіз екендігі айтылды. Бастапқы, қарапайым білімі жоқ көптеген оқушылар пайда болғаны да ұмыт қалған жоқ. Балалар оқудың қажеттілігін сезінбей отыр. Біздің білім қолжетімді және инклюзивті болуы керек. Қашықтықтан оқыту мәселесі біздің өңірде де бар. Бұл білім беру бағдарламаларын жақсарту, интернеттің сапасы және тағы басқа мәселелер. Қашықтықтан оқытудың бірқатар мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығы тарапынан әділ сын айтылды. Білім беру мекемелері, мұғалімдер, уәкілетті органдар болашақта қателіктерге жол бермеу үшін өз жұмысына түзетулер енгізуі тиіс. Президент дарынды балалармен жұмыс жасауға баса назар аударып, қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болғанын атап өтті. Облыста дарынды балалармен белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап…
Read More

Жолдауда білім саласына дәйекті көңіл бөлінген

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын теледидардан тыңдап, мерзімдік баспасөзден оқыған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мен білім алушылары осы бір маңызды тарихи құжат туралы біздің тілшімізге өз ойларын былай білдірді. Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Гүлмира Ахметова: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдай отырып, мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтергеніне риза болдым. Ол алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттары туралы айтты. «Алдағы онжылдық қиын болады. Мұны қазір айту керек», – деді Президент. Бұл оның Президент ретінде халыққа жолдаған үшінші Жолдауы. Алғашқысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде, екіншісі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жолданған еді. Биылғы Жолдауы барысында қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру…
Read More

Президентіміздің Жолдауы еліміздің болашағы үшін маңызды

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар ел Президент халқымызға өз Жолдауын арнады. Білім күнімен қатар келуі әрбір азаматтың оның ішінде ұстаздар қауымының ерекше назарын аударды. Мемлекет басшысы бүкіл әлемді алаңдатып отырған індетпен күрес жолдарын, осы індеттің біздің елімізге әкелген зияны мен зардабын айта келіп, мемлекетіміздің алдағы дамуына, азаматтардың табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, ел тұрғындарының денсаулығына баса назар аударуды тапсырды.Аумалы-төкпелі қазіргідей заманда жұмылған жұдырықтай, береке бірлікте болуымызға шақырды. Мен ұстаз ретінде Президент Жолдауын зор ықыласпен тыңдадым. Болашағымыз жастарға қаншама мүмкіндіктер ашылып отыр. Елге қажетті мамандарды даярлауға аса көңіл бөлініп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының әр Жолдауында айтылған тапсырмалары жүзеге асып жатқанына куә болып келеміз. Ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысының өсуі, баспананы жақсарту үшін зейнетақы жарнасының бір бөлігін пайдалану бұрынғы Жолдауларда айтылып, жүзеге асқандары. Ал алдымыздағы жылы мәдениет саласы қызметкерлеріне жалақы өсетін болып отыр.…
Read More

Жолдауда еліміздегі өзекті мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде «Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымы Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын тыңдады. Президент Қазақстан халқына Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастап, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз екендігін, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болып, Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айнағанымызды сөзге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама айтылды. Біріншіден, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту…
Read More

Жолдауда елдің қамына назар аударылып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Елдің қамын жан-жақты ойлап, халық мәселесін жан-жақты шешуде оңтайлы шешімдер қабылдауда оң өзгерістер енгізуді қолға алып отыр. Әлемді жайлаған індеттен түбегейлі құтылу үшін халық арасында екпе алу мәселесі алғашқы кезекте. Түсіндіру жұмыстарын барынша қарқынды жүргізіп, халық арасында дау-дамайсыз вакцина алу, уақтылы жоспарлы түрде ем-шараларды қабылдау сынды шараларды мықтап қолға алу міндеті тапсырылды. Екпеге қатысты қордан бөлінген қаржыны халық үшін оңтайлы жұмсау міндеті де назардан тыс қалған емес. Осындай ахуал кезінде бұл індет ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Халық арасындағы жұмыссыздық мәселесі мен қолдау шаралары да барынша басты назарда. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрақтылық қалпын сақтауда да мүмкіндігінше бақылап отыр. Оның барлығы елдің жағдайын жақсартуға бақытталған. Сондықтан, ел болып, бірлігімізді жоғалтпай, жұмылған жұдырықтай болып бірлесе отырып аталған міндеттерді қолға алсақ қана бар қиындықты…
Read More

Президент Жолдауында орынды мәселелерді көтерді – қоғам қайраткері

Президент өз Жолдауында болашақтың жаңа көзқарасты бағдарын анықтап берді. Бұл туралы қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Заманның сәт сайын өзгеруі кез келген қоғамның алдына тың әрі жаңа міндеттерді алға тартары бар. Әлемнің қазіргі дамуының барысында құбылмалы және жаңа сын-қатерлері көп жағдайдың бар екендігін Президентіміз орынды айтты. Қазіргі Ауғанстандағы жағдай аяқ астынан осылай өзгеріп кетеді деп кім ойлаған? Енді міне, ол жағдай әлемді алаңдатып отыр. Орта Азия мемлекеттерінің геосаяси жағдайына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Жолдауда сақ болу мәселесі тектен текке айтылмаса керек. Бұл орайда Президентіміздің «Келесі мәселе. Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді. Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс. Біз сыртқы қатерге және…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Президент Қазақстан халқына Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастады. – Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір…
Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады. Дереккөз: www.inform.kz
Read More

Президент Жолдауының орындалу барысы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижесі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының іске асырылу барысын халықтың бағалауын зерделеу мақсатында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ағымдағы жылғы 27 сәуір – 6 мамыр аралығында онлайн сауалнама жүргізді. Сауалнама ағындық іріктеу әдісімен жүргізілді. Респонденттер сауалнамаға бірқатар интернет-ресурстарды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып тартылды. Зерттеу барысында 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан пропорционалды түрде 1 мың адам сұралды. Социологиялық зерттеумен 800 әйел және 223 ер адам қамтылды, оның ішінде 18-29 жас аралығында – 29 пайыз, 30-45 жас аралығында – 41, 46-63 жас аралығында – 29 және одан жоғары 63 жас – 1 пайыз. Респонденттердің негізгі бөлігін әлеуметтік-кәсіптік тиістілігі бойынша тең дәрежеде бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және басқалар ұсынды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік…
Read More

Жолдау жарқын істерге бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздің қиындықтарды еңсеретініне үлкен сенім артылған. Біздің ауданның еңбеккерлері де өңірімізді өркендету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қазақстан Президенті өзінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында: – «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды», – деген еді. Билік органдары бірлесіп, бір мақсат жолында ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Өкілетті органдар жергілікті тұрғындардың еркін білдіретін, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған өзіндік көпір іспетті болғандықтан, біз билік органдарында халықтың мүдделерін лайықты қорғайтынымызға, талаптарын жүзеге асыратынымызға, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынымызға сенім артып отырған халықтың үмітін ақтауға міндеттіміз. Биылғы 2020 жыл өзіндік…
Read More

Абай мұрасындағы және Президент Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қағидалары ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қағидалары

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біз­дің күнделікті өмірлік ұстаным­дары­мыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жә­не жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. (Қазақстан халқына Жолдауынан). Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы. Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы. Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы. (Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішін ашу салтанатында сөйлеген сөзінен). Дүниені өзімізше…
Read More