Search Results for: Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті қауым! Ардақты ағайын! Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді. Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты. Референдумның қорытындысы баршаңызға белгілі. Көпшілік Ата заңға өзгерістер енгізу туралы менің бастамамды қолдады. Дауыс беруге қатысқан барша азаматтарға зор алғысымды айтамын. Осылайша, ел дамуының тарихи кезеңі басталды. Конституцияға енгізілген өзгерістермен бірге мемлекеттің саяси жүйесі өзгермек. Елді басқарудың жаңа үлгісі пайда болады. Яғни, біз Екінші Республиканы құруға кірістік. Алайда, кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген…
Read More

Барлық жерде шешімін тілеген мәселелер бірдей

2022 жылдың мамыр-маусым айларында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің барлық аудандары мен қалаларында жұмыс сапарымен болып, халықпен есеп-беру кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында ол алдымен облыстың өткен жылды, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айын  қалай қорытындылағаны, мемлекеттік  бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады. Одан әрі сол үлкен жиын үстінде көпшілік сұрақтарына жауап беріп, одан соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкімге кіріп, арыз-шағым, ұсыныс-пікірлерін айтушылардың ұзын санын санап, дәп басып айтудың өзі қиын шығар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру-бәрімізге ортақ міндет» деген болатын. Міне, әкім іссапарлары Президенттің осы тапсырмасын орындаудың шын үлгісіндей көрінді бізге. Әрине, облыс әкімінің халықпен өткен кездесулері дер кезінде облыстық…
Read More

Төрт айдың қорытындысы көңіл көншітерліктей

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңының қонағы болған Степногрск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов қаланың 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. – Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі индикаторлары орындалды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойған тапсырмаларды орындау  барысында нәтижелі жұмыс жүріп жатқанын айғақтайды, –деп бастады сөзін Алпысбай Қайыржанов. Өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылғыдан 1,9 есеге көп өнім өндірді. Оның ішінде өңдеу саласында 151,4 пайыз көрсеткішке қол жетсе, ол 20 пайызға тең. Жалпы, Степногорск қаласының Ақмола облысы бойынша өнеркәсіп өндірудегі үлесі 17,7 пайыздан 26,5 пайызға өсті. Мұндай оң көрсеткіштерге «Қазақалтын» компаниясының 117 пайыз, «Степногорск Тау кен Химиялық комбинаты» компаниясындағы уран өндірудің 167 пайыз, «ЕПК Степногорск» компаниясындағы подшипниктер 120, «Astana Nan Chemikalz” компаниясындағы пестицид 207, «Альфа Органик» спирт зауыты»…
Read More

Киелі Көкшетау – қазақтың көне тарихында

Қазақтың тарихы мен мәдениетінде Көкшетау елі мен жерінің алатын орны ерекше. Табиғаты өзгеше осынау аймақ айналасына сонау ерте кезден-ақ белгілі. «Киелі Көкше жері», «Жер шоқтығы Көкшетау», «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы»  –  таңғажайып өңіріміздің қосарлы атаулары. Аймақ орталығында атақты Көкшетау тауы орналасқан. Ертеден келе жатқан тарихи өлкенің «Көкше» атауы  Қазақ даласының керемет әсемдігінің белгісі болып келген. Қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқаның орталығында орналасқан Көкшетау тарихи-географиялық аймағы қазіргі Қазақстан аумағының оннан бір бөлігін алып жатыр. Аумақтық тұрғыдан оған, бұрын Көкшетау облысының құрамына кірген, еліміздің екі облысының аудандары жатады. Бұл Ақмола облысының солтүстік бөлігі, қазіргі Бурабай, Зеренді, Біржан сал аудандары және Солтүстік Қазақстан облысының бес ірі ауданы: Айыртау, Ақжар, Уәлиханов, Мүсірепов, Тайынша. Жоғарыда аталған «Жер шоқтығы Көкшетау», «Киелі Көкше жері» қосарлы атауының астарында Қазақстанның солтүстік өңірі жатыр.         Қасиетті Көкшетау – бүгінгі Қазақстанның…
Read More

Игі өзгерістерден кенде емес

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өткізіп, қойылған сауалдарға жауап берді. Әкім өз баяндамасында биылғы жылдың төрт айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. Аграрлық сектордың дамуы, кәсіпкерлік қызметті дамыту және инвестициялар және құрылыс жұмыстары туралы мәлімдеді. Соңғы есепке сүйенсек,ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 10,8 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да қарқынды даму үстінде. Былтырғы жылмен салыстырғанда, мал басы едәуір өсу үстінде.Сонымен қатар шағын және орта бизнес қызметінің дамуы қарқынды жүріп жатыр.Биылғы жылдың өзінде 3мың 132 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Алдағы уақытта ауданда2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба өз жұмысын бастайды. Осы жобаға сай бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлінеді.Грантқа ие болу үшін әр үміткер «электрондық еңбек биржасы» сайтында онлайн өтініш…
Read More

Жаңа қаланың әкімі есеп берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасенов Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттердің орындалуы, соның ішінде жаңа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы брифинг өткізді. Әкім өз сөзінде Қосшы ауылынаоблыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілгеніне шілде айының 27жұлдызында бір жыл болатынын мәлімдеді.Ең біріншіқала әкімдігі бой көтерді. Осы күні ол тұрғындарға әрдайым ашық. Бір жыл көлемінде қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында елеулі жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды. Қаланы дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірлену үстінде. Жоспар аясындамектептер мен балабақшалар, аурухана, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, инженерлік желілертарту көзделіп отыр. Бұл бюджет қаражаты мен инвесторлар есебінен атқарылады деп жоспарлануда. Қалада 52 мыңдай тұрғын бар. Алайда, электр жарығы мен су жүйелерінің ай сайынғы қолданысына қарағанда, қалада шын мәнінде 80 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың көбі елордамыз Нұр-Сұлтанда, болмаса өзге облыстарда тіркеуде. Халықты сапалы сумен…
Read More

Маңызы мен қасиеті мол рухани орын

2000 жыл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланған болатын. Жолдау аясында көптеген мәдени ошақтар мен тарихи орындар ашылып,   халықтың рухани дамуы  үшін көп мүмкіндіктер пайда болды.  Сондай мүмкіндіктердің бірі –сол кезде ашылған Көкшетау қалалық  қазақ кітапханасы. 22 жылдық тарихы бар кітапхана қаламыздың мәдени-әдеби өмірінің ілгері жылжуына үздіксіз үлесін қосып келеді.  Кітапхана   –   әмбебап ақпарат көзі, оқырманның сұранысына сәйкес кітаппен қамтамасыз ететін қалалық  маңызы бар орталық.  Әдебиет пен мәдениетті ұштастырып, бір арнаға тоғыстырған кітапхана жұмысының өнегелі ұрпақ үшін маңызы орасан зор. Қазіргі уақытта Көкшетау қалалық кітапханасына ЖанарАйтқожина жетекшілік етеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы тек оқырманға  бағыт беруші ғана емес, әртүрлі мәдени іс-шараның ұйытқысы болуымен де құнды. 2015 жылдан бері осы салада еңбек етіп жүрген Жанар Жұрқабайқызы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Қазақстанның құрметті…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Құрметті отандастар! Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.…
Read More

Даму көрсеткіштері бойынша алдыңғы орында

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Мәлғаждаров Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы аясында аймақта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы брифинг өткізді.   –Біздің аудан экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыста алдыңғы орында. Нақтырақ айтсақ, ауданға түскен инвестиция көлемі 118,6 пайызды, өнеркәсіп өндірісі 192,3 пайызды, ауыл шаруашылығы өндірісі – 101,6 пайызды, сауда 104,8 пайызды құрады, құрылыс-жөндеу жұмыстары 2 есеге дейін өсіп, тұрғын үйді пайдалануға беру 106,5 пайызға жетті. Еңбекақы төлеудің шынайы өсім индексі айтарлықтай өсіп, аудан облыс бойынша жалақы төлеуден бірінші орынға шықтық. Орташа еңбекақы 222,6 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60,7 мың теңгеге өсті, –деді Бауыржан Мәлғаждаров. Аймақтың экономикалық өсім көрсеткіштері бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына оң ықпалын тигізіпті. 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 489,6 миллион теңге салық түсіпті, бұл жоспардың 123,4 пайызын құрайды. Инвестициялық салымдар жаңа кәсіпорындар мен жұмыс…
Read More

Жаз – алда тұрған міндеттерді шешудің қолайлы кезеңі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл басынан бергі жай-жапсары және өткен жылу беру маусымының қорытындылары мен алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев өткен төрт айда аймақ бойынша дамудың жағымды динамикасы сақталғандығын атап өтті. Облыс өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу, негізгі капиталға инвестициялар салу және құрылыс жүргізу көрсеткіштері бойынша елімізде алғашқы бестікке енді. Инфляция бойынша сегізінші орында тұрмыз. Орташа айлық жалақыдан өткен жылдағы 12-інші орын әлі сақталып отыр. Жалпы алғанда, республика бойынша негізгі көрсеткіштерден алдыңғы орындардың бірінде келе жатқан облысымызда өткен жылдағы қарқын сақталып, кейде тіпті артып отыр. Айталық, металлургияда өсім 4,6 болса, құрылыс материалдарын өндіруде 1,7 есе өсімге қол жеткізілген. Химия өнеркәсібінде көрсеткіш 23,6 пайызға алға…
Read More

Егіншілік саласына басымдық беріліліп отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов ауданда ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабарлама жасады. –Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамуының, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарламалары айқындалған  болатын. Осы мақсаттарға жету үшін Есіл ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деп бастады сөзін Еркебұлан  Баяхметов. Аудан экономиксының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады және аудан тұрғындарының көп бөлігі осы салада еңбек етеді. Ағымдағы жылы барлығы 471,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның 439,0 мың гектары дәнді  және бұршақ дақылдары болмақшы. Мәселен, 9,6 мың гектарға  күнбағыс, 953 гектарға қыша, 8,8 мың гектар жергемақсары егілмек. Майлы дақылдар дәні 21,1 мың гектар жерге сіңірілмекші. Мал азығы 8,4 мың гектар, картоп 420, көкөніс 60 гектар жерге…
Read More

Ауданда дәрігер мамандар тапшы

Өңірлік коммуникацияларқызметінде Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадыралинаның қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аймақтың дамуы»тақырыбында брифинг болып өтті. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды. Аудан әкімі  өз сөзіндеМемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ілкімді істерімен көш ілгері келе жатқан Жақсы ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер бар. Ағымдағы жылдың төрт айында аудан экономикасын дамытуға шамамен 2,0 миллиард теңге бағытталды. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1,0 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға жоғары. Ұн өндірісі 18,8 пайызға, жем-шөп қоры 13,5 пайызға, ірімшік 25,0 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, тірі салмақта ет өндіру 1,8 пайызға немесе 18,8 тоннаға артқан. –Қазіргі уақытта егіс науқанын уақтылы жүргізу…
Read More

Ата Заң эволюциясы

Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған. Осы күнге дейін бар екендігі нақты дәлелденіп, қандай да бір тарихи дәлелі бар болып саналатын ең көне заң – Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы». Қазіргі таңда бұл заңның түпнұсқасы сақталмағаны туралы бірден айтуымыз керек. Бірақ бұл заңның таңбаға түсіп, нақтылы күшке ие болғаны туралы тарихи деректер жетіп артылады. Мысал ретінде Шыңғыс ханның: «Мемлекеттің меншігін жөнге салып, дау-дамайларды реттеп, ол туралы көк дәптерге жазып отыруы шарт, Шихихутугтің менімен келісіп шешіп, ақ қағазға көк сиямен түсірген хаттамаларын ұрпақтан ұр­паққа дейін ешкім бұзбайтын болсын», деген сөзі тарихта қал­ғанын айтуға болады. Шыңғыс…
Read More

Белсене қатысып, дауыс беруге шақырды

Ш.Уәлиханов атындағы  университеттің конференц залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының  докторы  Сауытбек Абдрахманов «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-іне қарасты «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттері, «Ақмола ньюс» порталы және қалалық «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінің журналистерімен  алдағы 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу мақсатында өтетін  референдумның маңызы мен мазмұны жөнінде кездесу  өткізді. Кездесуді «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-інің директоры, Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев жүргізді. Мәжіліс депутаты, ғалым, қаламгер Сауытбек Абдрахманов елімізде ағымдағы жылдың 5 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге арналған референдумның маңыздылығы, онда ұсынылған өзгерістер, ол өзгерістер әкелер ерекшеліктер мен жаңалықтар туралы әңгімеледі. Парламенттің рөлін күшейтудегі, суперпрезиденттік басқарудан біртіндеп бас тартудағы мақсат, партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне жол бермеудің, өкілді билік тармағын қайта құрудың игі ықпалы, тағы басқа мәселелерге кеңінен тоқтала келіп, Конституциядағы өзгерістердің Жаңа Қазақстанды құруға негіз болуындағы маңызын атады. – Тәуелсіздіктің…
Read More

Азаматтардың өз еркін білдіруінің төте жолы

2022 жылдың 5 маусымында біздің еліміз үшін тарихи оқиға орын алғалы отыр. Бұл күні Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті бұл Жарлыққа 5 мамыр күні қол қойды. Конституцияға түзетулер жөніндегі республикалық референдумға дауыс беретін күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие кез-келген азамат қатыса алады. Референдум өткізілуі үшін оған референдумға қатысу тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысуы керек. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1 сәуірдегі мәліметі бойынша сайлаушылар реестріне Қазақстанның 11 695 439 азаматы енгізілген. Елімізде референдумның өтетін күні тағайындалғаннан кейін үгіт науқаны өріс алды. Ол 2022 жылдың 4 маусымы күні 12.00 сағатта аяқталуы тиіс. Сайлау заңдылығына сәйкес үгіт жұмыстарына референдумның алдындағы күні және ол өтетін күні тыйым салынады. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері үгіт науқанына белсенді кірісіп кетті. Олар…
Read More