Search Results for: Жолдау

Әлеуметтік-экономикалық сала дамуда, ал, баға тұрақтайтын емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау мен реформалау агенттігінің ұлттық статистика бюросының Ақмола облысындағы департаментінің басшысы Ербол Амамбаев облыстың 2022 жылғы бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағымдағы жылғы 16 наурыздағы Жолдауында елімізді ілгері дамыту мен азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін басты міндеттерді нақты белгілеп берген болатын. Осы орайда, облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал бойынша алғашқы тоқсан қорытындыланды. Өңірде үш айда жалпы өнімі көлемінен түскен пайда 1631 миллиард теңгені құрап, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға артқан екен. Облыста өнеркәсіптік өндіріс секторы 28,4 пайызды, ауыл шаруашылығы саласы 15,6 пайызды, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй операциялары 8,6 пайызды, транспорт 7,6 пайызды, құрылыс саласы 6,7 пайызды құрап, біршама алға басқан екен. ­–2022 жылғы 1 наурыздағы көрсеткіш бойынша облыста 733 мың тұрғын бар. Облысқа көшіп келгендер…
Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді

Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті. Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және Жұмыс тобының мүшелері қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты. – Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға…
Read More

Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен қысқа мерзімде, сапалы атқарып шығуға барлық күш жұмылдырылсын

Көкшетауда Ақмола облысы аграршыларының «2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық және оны ұйымшылдықпен сапалы өткізу жөнінде алда тұрған міндеттер туралы» аграрлық кеңесі болып өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев төрғалық етіп, сөз сөйледі. Аграрлық кеңеске  облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшылары, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, аудан әкімдері мен ауыл әкімдері, ауыл шаруышылығы құрылымдарының басшылары, ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялардың өкілдері, Бараев атындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары,  ауа-райын болжаушы мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.  Агрокеңес басталмас бұрын ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, фермерлер мен ауыл-село, аудан әкімдеріне, басқа да келушілерге  «АгроКөкшетау-2022» көрмесі ұсынылды. «Көкшетау» мәдениет сарайы алдындағы алаңда «BAIDALA», «КАИК», «ЭкоСеверАгро», «КАМZAGRO»6  «ROSTSELMASH» тағы басқа көптеген компаниялар ауыл шаруашылығына арналған техникалар түрлерін көрсетті. Көрмеде алып  және шағын тракторлар, тұқым себу, тыңайтқыш шашу, шөп шабу, күреу агрегаттары, қысқасы ауыл шаруашылығына қажетті небір…
Read More

Кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді

 «Атамекен» республикалық кәсіпкерлік палатасы Ақмола облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов облыс кәсіпкерлерін қабылдады. Қабылдауға сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Қанышбек Мұқаш қатысты. Қабылдауға келген  жеке кәсіпкер Жанар Мұсаханова, Қосшы қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері Алмас Сарлыбаев, Жария Рембекова және Гүлнұр Әлменова Қосшы қаласында әр жылдары салынған 70-ке тарта үйлердің заңдастырылуының жүзеге аспай отырғандығын айтып, мәселенің оң шешілуіне ықпал етуді сұрады. Алты жылдан бері тұрғындардың бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Олар жазудай-ақ жазып, шағымданудай-ақ шағымданыпты. Бірақ, одан өзгерген ештеңе жоқ. Құр уәде, қауқары жоқ шешімдер мен ақыл-кеңестер тұрғындарды мезі еткен. «Лесная поляна» алқабына қосымша құрылыс салғандар әрі-бері сенделісі жылдан-жылға созылатүсуде. Ал, Жанар Мұсахановаға өткен жылдың желтоқсан айында облыстық…
Read More

Шеберлігі ұшталғанның шығар асуы биік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби білім берудің маңызына да  тоқталып, «кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» екенін баса айтқан болатын. Өңірде жастарға сапалы кәсіптік-техникалық білім беруде біршама жетістіктердің бар екендігі айқын.   Облыс орталығындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде бес құзіреттілік бойынша «WorldSkills Aqmola-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Шараға облыстың техникалық және кәсітік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Олар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, жинақтаған деңгейлерін көрсетіп, жарыс көрігін қыздыра түсті. Үш күнге созылған чемпионат барысында Щучинск жоғары педагогика колледжі, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялдық колледжі тәрізді колледжішілік жарыстарда жеңімпаз атанған өрендер білім тәжірибесін сарапқа салды. –Оқу орындарында заман талабына сай толымды білім алумен қатар, шеберлік шыңдаудың маңызы зор. Қос бағыттағы тәлім түйіскенде…
Read More

Атбасар ауданының прокуратурасымен 250 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды

 Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жолдауын орындау аясында азаматтардың барлық сұраныстарына жедел және сындарлы әрекет ету мақсатында Атбасар ауданының прокуратурасы тұрақты негізде ауданның барлық аумағында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді. Прокурорлар Есенгелді ауылының тұрғындарымен кездесу барысында аудан кәсіпорындарының бірі 250 жұмысшыға үш жыл бойы міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды аудармағанын анықтады. Төленбеген жарналар мен аударымдардың жалпы сомасы 23 миллион теңгеден асып кеткен. Аудан прокуратурасының араласуынан кейін «Tlekei Agro» ЖШС-нің барлық қызметкерлеріне заң талаптарына сәйкес төлемдері толықтай өтелді. Азаматтардың конситуциялық құқықтары қорғалды. Атбасар ауданының прокуратурасы.
Read More

Бүгінгі колледж оқушылары – ертеңгі өндіріс мамандары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар мен оқу орындарын аралап,  еңбек ұжымдарымен жүздесті, оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халқымызға арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалу барысына тоқталып, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Өңір басшысы алдымен Көкшетау қаласындағы Бурабай колледжіне барып, ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл колледждің ашылғанына биыл 20 жыл. Осы уақыт аралығында студенттерге кәсіптік-техникалық орта арнаулы білім беруді қамтамасыз етіп келеді.  Колледж ашылған жылдары студенттер 11 мамандық бойынша білім алса керек. Жаңа өзгертулерге байланысты өткен жылдан бастап аталмыш білім ордасы бейінді оқу орыны болып саналады. Яғни, мамандықтардың барлығы тек теміржол саласымен байланысты. 2005 жылдан бері колледж «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп, дуальді оқыту формасы бойынша жұмыс істейді. Студенттер жүз пайыз тегін тәжірибеден өтеді. Ішінара жұмысқа орналастыру қарастырылған. Колледж директорының айтуынша, білім…
Read More

Мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін ашық-Берген Беспалинов

Елімізде мемлекеттік аппараттың әлдеқайда бейімделгіш, ұтқырлы және бәсекеге қабілетті моделін құруға бағытталған ауқымды шаралар тұрақты негізде қабылдануда. Бұл өзгерістер – қазіргі заман талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесін одан әрі дамытып, артық бөгеттерді жоюға және қызмет бойынша көтерілуге зор назар аударылу керектігін, жалпы мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін ашық болу керектігін айтты. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет, нақтырақ айтқанда ондағы іске асырылып жатқан кадр саясаты біршама жоғары деңгейге көтеріліп, жаңартылды. Мемлекеттік қызметтің меритократия қағидатына негізделген мансаптық моделі сәтті іске асырылып келеді. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігі, құзыреті, қабілеттері, жетістіктері және өз лауазымдық міндеттерін адал орындауы есебінен мансаптық ілгерілеу мүмкіндігіне ие. Атап айтқанда, жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдарда өткізілген ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша 22 мемлекеттік қызметші тағайындалса, олардың 68,18%-ы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Бұл адал еңбекті…
Read More

Мүмкіндік

(Президенттің Жолдауы туралы ойлар) Заман – ауыр. Алда не боларын, тайға таңба басқандай, кім айтпақ?! Әркімді заман сүйреп жүр. Қиыны сол, сол заманды кім билемек?! Заманды билей алатын Тұлға бар ма?! Ауыр сауал. «Тұлға» деп кезінде тамсандырғандар, уақыт тезіне шыдамай, санадан шығып қалуда. Бірақ, өмірден мүлдем түңілмей, барға разы болу мұсылмандық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деген Жолдауын тыңдап, оқып, ой-талқысына салып, тәуба дейсің. Жолдауда келешекке жол ашатын мүмкіндіктер баяндалған. Ол алдымен партия құрылысына қатысты келелі мәселе. Тың, тіптен, батыл шешімдер. Президенттің партиядан тыс болуы арман еді... Орындалды. Американың бір Президенті айтып, одан кейін басқалары қайталаған сөз бар. «Мен, Америка Президентімін және әрбір американдықтың Президентімін деген». Міне, осы биік ойды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев іске асырды. Жолдау мәтінінен:  «Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға…
Read More

Ауылсыз қалсақ, не боламыз?!.

Басқа өңірді қайдам, біздің өңірде қазақ иісі бұрқыған қайран ауылдар жылдан жылға азайып барады. Әуелі орта мектебі тоғыз жылдық болады, сосын бастауышқа айналады, ақыры, бала аздығынан ол да жабылып, ауыл оқушыларын көрші елді мекендерге тасиды. Қуанып емес, көңілдері ортайып, ауылдарының басынан бағы тайғандығын іштері сезіп, езіліп жүріп... Баланың неге аз болатыны белгілі. Жастар жоқ. Жұмыс іздеп қалаға кеткен. Немесе балаларын жақсы мектептерде оқытып, түрлі ойын-сауық орындарына апару, бассейнде жүздіріп, спорт секцияларына беру үшін. Балалары қатарынан қалмай жан-жақты дамып өсуі үшін. Өздері де жұмыстан жалығып, шаршаған кезде шалқып жайлы шайхана, дәмханаларда отырып, сыңғырлаған сауда үйлерін аралап, бақтарда сейілдеп, дем алу үшін. Ондай ой-пиғылы үшін кімді кінәлай аласыз?!. Сол себепті ауыл селдіреп, азайып барады. Ал, рухани құндылықтың, салт-дәстүрдің, қазақы тәрбиенің алтын бесігі сол ауыл емес пе еді? Қазақы мінезді ұрпақ тәрбиелеуде ауылдың…
Read More

Тиісті дайындықпен келдік

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын біздің ауданымыздың тұрғындары да зор ықыласпен қабылдады. Президент: «Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» дей келіп, қолға алынған көптеген өзгерістерді алға тартты. Ол жоспарлар біртіндеп жүзеге аса бермек. Сол саяси өзгерістердің көп кешікпей өз жемістерін бере бастарына сенімдіміз. Болашаққа деген сенім, еліміздің жаңа бағыттағы құлшынысы жауапкершілікті де арттырады. Әркімнің ойында «Мен осы іске қандай үлес қосып жүрмін?» деген сауал тұрса игі. Біздің ойымызша, әр азамат елінің бірлігіне, жұртының татулығына ешқашан немқұрайлы қарамауы керек. Әрқашан қоғамдық істерге белсене араласып, ең бастысы, өзінің күнделікті жұмысын мұқият, тыңғылықты атқаруы керек. Бұл күнде не көп, жалған ақпарат, жел сөз көп. Ресми емес дерек көздері болмағанды «болды»  деп, жоқты «бар» деп, адамдардың көңіл-күйіне…
Read More

ЕҢБЕГІ  МОЛДЫҢ  ӨНБЕГІ  МОЛ

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмірді Ақмола, Көкше халқы, аралас болып жүрген мына біз тек өз ісінің майталманы, аса қабілетті ұйымдастырушы деп қана емес, адамгершілігі мол, ұлтымызға, тілімізге  деген сүйіспеншілігі сөз жүзінен гөрі іс жүзінде ерекше, сегіз қырлы, руханилығы мен ішкі мәдениеті өте жоғары азамат деп білеміз. Ішкі мәдениет дегендегі бір қырын айтар болсақ, бұл оның өзін ресми қызметінде болсын, жеке басының шаруаларында болсын белгілі бір тәртіпке бағындыра білуінде. Досекең жұмыс бабымен республиканың төрт бұрышында да қызмет істеген адам. Және қай жерде болмасын, сол қызметтің қай дәрежесін атқармасын өзінің өмірлік принциптеріне, ұстанған қағидаттарына өте берік болып келеді. Өзіміз де қаламмен дос болған қазақтың бірі болғандықтан, ол кісінің аталмыш ұстанымдарының өтемаңызды бір бағытын атап өткен абзал дер едік: бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану арқылы биліктің үш тармағының бірі – сот жүйесінің…
Read More

Жаңару мен жаңғыруға арналған салиқалы басқосу

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған ұсыныстарды сараптау мақсатында «Sarap»сараптамалық клубының аймақтық отырысына қатысты. Еркін форматта өткен басқосуды университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқпен Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов жүргізіп отырды.Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, саяси кеңесші, PhD докторы Дина Әйкенова, саясаттанушы Самат Нұртаза, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, облыстық «Kokshe» телеарнасының директоры Ерлан Атамбай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқ, интернационалдандыру және…
Read More

«Сот кабинеті» және қоғамның игілігі үшін оның артықшылықтары

2014 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратымен) қолжетімділіктің тетігін оңайлату және жеделдікті, сонымен қатар, электрондық сот ісін жүргізуге азаматтардың қашықтықтан қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі жүзеге асырылған. «Сот кабинеті» электрондық сервисі http://office.sud.kz ресми сайтында орналастырылған. Сот кабинеті – Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Сервис азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздар, өтінішхаттар мен шағымдарды беруге арналған. Кез келген жеке немесе заңды тұлға «Сот кабинетінің» пайдаланушысы болуы мүмкін. Азамат, оның өкілі немесе адвокат осы жүйенің көмегімен оған ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, Интернет арқылы сот органдарына жүгіне алады. Өтініштер, арыздар, шағымдар мен өтінішхаттарды электронды түрде әзірлеу, беру, мемлекеттік бажды онлайн төлеу операцияларын «Сот кабинеті» арқылы орындауға болады. Сервистегі электрондық…
Read More

Күрделі кезеңде серпінді жұмыс қажет

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің әлеум еттік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Дүзелбаевтың «Ақмола облысының 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы», облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Е.Оспановтың «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы», облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Е.Әленовтің «Ақмола облысында көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге дайындық туралы» баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда,Қ.Дүзелбаев өз баяндамасында облыс бойынша өнеркәсіпте өндіріс көлемінің 197,8  миллиард теңгені құрағанын, тауар өнімінің нақты өнім көлемінің 101,6 пайыз болғанын хабарлады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 115,7 пайыз, бұл – өсімдер құрамында алтыны бар кендерді өндіру көлемінің 1,8 есе, мыс кендерін өндіру көлемінің 1,7 есе  артуына байланысты.Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 100,8…
Read More