Search Results for: Рухани жаңғыру

Жаңарған елді мекен, көше атаулары – елдіктің нышаны

Дана халқымыз «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деп тегін айтпаған. Ұлттың рухани тамырынан нәр алған жаңғыру – тарлан тарихты, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақты үйлесімді жалғайтын ұлт жадының тұғырнамасы. Демек, жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған қасиетті жер-су атауларын қайта түлетіп, жаңарту, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Тарихы терең Ақмола өңірінде 2017 жылдан бері облыс бойынша 30-дан артық елді мекен, 1000-ға жуық көшенің атауы жаңартылса, 20-дан астам нысан қайта аталды. Облыс аумағындағы Малотимофеевка, Антоновка, Красноярка, Максимовка сияқты идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен атауларына ежелгі Аққайың, Алтынды, Жарлыкөл, Байқоныс атаулары қайтарылды, ел-елдегі Чапаев, Пугачев, Ворошилов, Буденный сияқты көше атаулары ұлттық танымға жақын атаулармен жаңартылды. Халқымыз «Ел ерімен көрікті» деп бекер айтпайды. Осы тұрғыда маңызды нысандарға ұлтымыздың мақтан тұтар ұл-қыздарының есімін беруге де баса назар аударылады. Ежелден сал-серілер…
Read More

Президент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президент Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса маңызды кезең екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін баса айтты. Экономика, әлеуметтік сала, білім, ғылым және басқа да бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатынына тоқталды. – Тұтас мемлекетті қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізген кезде айқын көзқарас, нақты ұстаным  болуы шарт. Себебі өңірлердің бәрі орталыққа бейімделіп жұмыс істейді. Сіздерден бағдар алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек, – деді Президент. Мемлекет басшысы қазір…
Read More

Көші-қон мен диаспора мәселесін әлі де зерттеу керек

Біз өз тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі алғашқы дербес елдігімізді тарихтың аса бір күрделі де нәубетті кезеңдерінде жер бетіне тарыдай шашырап кеткен халқымызды өз атажұрттарына шақырудан бастаған елміз. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 31 желтоқсан күні Қазақ радиосы арқылы сөз сөйлеп, шет елдердегі қазақтарға үн қатып, оларды өз ата мекендеріне оралуға шақырған-ды. Кезінде кеңестік жүйенің солақай саясатының зардабынан, әсіресе, елді еріксіз отырықшылдыққа мәжбүрлеу мен коллективтендіру үшін алдарындағы малдарын тартып алуға көнбей, одан соңғы 20-30 жылдардағы аштықтан  бас сауғалап, шет ел асып кеткен түрлі жағдайларға байланысты, әсіресе, коллективтендіруге көнбей, одан кейін ашаршылық жайлаған 20-30-шы жылдары шет елдерге жан сауғалап көшіп кеткен қазақтардың ұрпақтары бұл шақыруды қуана қарсы алған болатын. 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өтіп, бұл жиында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Алматыдағы осы құрылтайдан соң…
Read More

«Тілге құрмет – елге құрмет!»

Осындай тақырыппен Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің клубында тілдер фестивалі ұйымдастырылып, мемлекеттік тіл мен басқа ұлттар тілдерінің мән-маңызы сөз болды. Аталмыш іс-шараға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Мащинская, Ақмола ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілі, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басқа ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді дамыту орталығының төрағасы Владислав Вебер, сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері шақырылды. Тілдер фестивалі басталмас бұрын Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашысы Әсел Әбілқасова әскери қызметшілерді «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Фестиваль шымылдығы әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған сарбаздардың өз ана тілдерінде өлең шумақтарын мәнерлеп оқуымен ашылды. Көрермендерге «Тіл – ұлттың басты тірегі» атты танымдық бейнебаян көрсетілді. Кеш барысында «Достар» мәдениет сарайының, кітапхана өкілдерінің, Қазақстан халқы ассамблеясы мен бөлім сарбаздарының тақырыпқа сәйкес қойған концерттік бағдарламасынан залда…
Read More

Абай әлемі адамзат құндылықтарының көзі

ХХІ ғасырда жалпы интеграциялау және жаһандану үрдісінде әр ұлттың рухы мен санасы тарих таразысында тұр. Биыл Еліміз ұлы ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезеңге қарамастан Абай мұрасы мен идеяларын кеңінен насихаттауға зор көңіл бөлуде. Бұл әрине, қуантарлық жағдай. Өйткені, бұл іс-шаралар Абай мұрасын зерделейтін ғалымдар мен зерттеушілерге тың серпіліс беріп, Абай әлеміне жаңа көзқарас ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кешегі Абайдың туған күніне орай жариялаған мақаласында өте жақсы ойлар айтылған. Мемлекет басшысы Абай әлемі мен өнегелі өмірі, Абай еңбектері және оның ХХІ ғасырдағы мұрасы жайында пікірін білдіріп, жан-жақты сипаттайды. Мақалада Абайдың асыл мұрасына байланысты қандай жұмыс жасалғаны туралы баяндалады. Абай еңбектері әлемнің он тіліне аударылып, барлық кітапханалар мен мәдени орталықтарға жіберілді, ақынның қазыналы еңбектері халықаралық ғылыми айналымға еніп келе жатыр. Бұл…
Read More

Сайлауалды бағдарлама

Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева 1972 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Білім беру магистрі, 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі», 2010 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Республикалық «Табысты менеджер-2017» конкурсының жеңімпазы. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 1994-2003 жылдары ұстаздық жолда; 2004-2011 жылдары мектеп директоры оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары, қалалық білім бөлімінің әдіскері; 2012-2020 жылдары М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп-гимназиясының, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «IT мектеп-лицейі» КММ директоры қызметін атқарды. Республикалық саяси кеңестің мүшесі. Айнагүл Қыдырбайқызы өз қызметінде жауапкершілікті, еңбекқорлықты, шығармашылық ұмтылыс пен ізденісті назарда ұстайтын, білікті маман ретінде танылған. Қоғам дамуында рухани-адамгершілік құндылықтар қомақты рөлге ие! Бұл құндылықтар – біздің ұлттың қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы.…
Read More

Байқау

«Мемлекеттік тіл – менің тілім!» Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің клубында басқа ұлт өкілдерін құрайтын әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында байқау болып өтті. (далее…)
Read More

Латынша жазып, оқуды үйрене берейік!

Көңілді күпті еткен ойлар да жоқ емес Коронавирус індетінен де арылармыз, ауырғандар жазылармыз, бастаған ізгі істерді жалғастырармыз. Осы індеттің алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген ұлттық әліпби жобасын жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай, еліміздің барлық өңірінде ашық түрде талқылау өтті. (далее…)
Read More

Сыйластық бар жерде ынтымақ бар

Көп ұлт бауырына басқан халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы, бейбіт сүйгіш мемлекетіміздің басты жетістігі. Әсіресе, ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша. (далее…)
Read More

Жаңа сөз

ЭССЕ Ғарифолла Есім, академик, жазушы Жел соқты. Саяси жел. Ел жаңалық күтуде. Жел – табиғат емшісі. Ескі ескіріп, жаңа, жас жапырақтар көктейді. Бұл әлемнің табиғи заңы. (далее…)
Read More

Абай шығармаларына жаңа көзқарас

Қазіргі Қазақстанда ұлттық құндылықтарымыздың және Ұлы Даланың Ұлы есімдерінің жаңғыруы уақытында Абай Құнанбайұлы сияқты көрнекті тұлғаға және оның асыл мұрасына бет бұру өте маңызды. Соған сәйкес, 2020 жылдың 9 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланған болатын. (далее…)
Read More

Тәуелсіздік дәуірі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ жасампаз халқына арнаған «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа еңбегінде егемен еліміздің негізі қаланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму, өсіп-өркендеу ерекшеліктері, Тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын қатерлерді (далее…)
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құрбан айтпен құттықтауы

Қымбатты ақмолалықтар! Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстан өзінің бай рухани мұраларымен және қайталанбас тарихи, мәдени, діни дәстүрлерімен мақтана алады. Біздің елімізде Құрбан айт – бұл тек мұсылмандарды ғана емес барша қазақстандықтарды біріктіретін достық пен келісім, жаңғыру мен жасампаздықтың мерекесі. Біз өзіміздің озық дәстүрлерімізді дамыта отырып, қоғамдағы мәдени және рухани сантүрлілікті сақтауымыз, еліміздің азаматтарының арасындағы татулық пен сенімділікті нығайтуымыз қажет. Бұл ежелден келе жатқан халықтық мейрам әлемнің барлық діндерінде көрініс тапқан қайырымдылық пен мейірбандық, әділеттілік сияқты жақсы қасиеттерді насихаттап, адамдардың бойында орнықтыруға ықпал етеді. Құрбан айт – адамдардың жақын туыстары мен таныстарына, айналасындағыларға жүрек жылуын сыйлауға мүмкіндік беретін мейрам. Осы ұлық мереке күні қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, зор табыс тілеймін! Аңсаған арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Read More