Search Results for: Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін! Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады. Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды. Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мен баршаңызға табысты қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын. Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, мен жыл сайын халыққа Жолдауымды Парламент сессиясының ашылуында жариялаймын. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мәні бар. Себебі дәл осы сәтте…
Read More

Ертең Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі. Жолдаудың мәтіндік трансляциясын Президенттің баспасөз қызметінің Телеграм арнасынан оқуға болады.
Read More

Жолдаудың жанашылдығы – әділетті қоғам құруға бет бұруымызда

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауын зейін қоя тыңдап, ой елегінен өткізіп, көңіл таразысына салып тыңдадық. Президентіміз алдымызға қойып отырған асқаралы міндеттер өмірдің өзінен ойып алынған жайлар. Бар сөзі, тұтас бағыты, сарабдал салмағы көпшіліктің көкейінде жүрген дүние. Алдымыздағы адастырмас жол сілтер, айнытпас бағыт берер темірқазық нысана да осы. Жеке өз басым ұзақ жыл білім беру саласында еңбек етіп келе жатқандықтан табиғатымызға бір табан жақын білім беру саласына қатысты Президент пікірін мейлінше мұқият тыңдадым. Айтылған кесек те көкейкесті мәселелер көп көңілінен шыққанына еш шүбә жоқ. Мәселен, Президент  «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бастады өз сөзін. Осы бір ауыз сөздің астарында ұрпақ тәрбиесіне қатысты мың батпан салмақтың менмұндалап жатқандығы шындық. Бала тәрбиесін басынан бастауымыз керек. Оның ішінде де мектепке дейінгі тәрбие мекемесінде. Тәлімді тәрбиенің тамаша…
Read More

Президент Жолдауы талқыланды

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанынан құрылған «TALQYLAU» диалогтық алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақтан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды. Тақырыбы баршаға ортақ болғандықтан, диалогтық алаңның отырысы қызықты өтті. Себебі, мұнда көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер көтерілді, сындарлы пікірлер айтылып, жақсы ұсыныстар бір арнаға тоғыстырылды. «Акмолинская правда» облыстық газетінің корреспонденті, саясаттанушы Нина Митчинованың айтуынша, «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұстанған Мемлекет Басшысы осы жолы еңбек етіп, табыс тапқысы келетін азаматтардың тілегіне құлақ асты, оларды қолдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. «Мәселен, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас деп бекітілмек. Бұл жоғары әлеуметтік сұранысқа жауап болып отыр. Бірақ ол сұраныс 5 жылдан кейін де өзектілігін жоймайды деп ойлаймын. Дегенмен, оған тұшымды жауап дайын – пандемия салдарынан туындап отыр дейді сарапшылар. Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен…
Read More

Жолдаудан туындайтын басты міндеттерді айқындап алды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдауын талқылаған«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының актив отырысына облыс әкімі, филиал төрағасы Ермек Маржықпаев қатысып, сөз сөйлеп, жаңа тарихи құжатта атап көрсетілген іргелі міндеттердің орындалуына партиялық бақылауды күшейту қажеттігін атап көрсетті. Отырысқа қатысушылар Мемлекет Басшысы бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен ұштастырылып,  саяси-құқықтық трансформация арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанына тоқталды. Мәселен, «Вознесенка» бастауыш партия ұйымының төрағасы әрі ауылдық округ әкімі Юлия Сироткина Жолдаудың халықты әлеуметтік қолдау бөлігіндегі көптеген мәселелерді әңгімеледі. – «Ұлттық қор –балаларға» жобасы, медицина мен білім беруді дамыту, 650 елді мекенде емдеу мекемесін салу, 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту секілді жаңалықтар әлеуметтік қамсыздандыру саласын жетілдіре түсетіні анық. «AMANAT» партиясы халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған шаралардың толықтай жүзеге асырылуына мүдделі»,–деді ол…
Read More

Үкімет Президент Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын бекітті

– Үкімет Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. «Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны орындауға шұғыл кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Үкімет басшысы. Үкімет мүшелері аталмыш жоспар көрініс тапқан Президент Жарлығының жобасын мақұлдап дауыс берді. «Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, Жарлық жобасын бүгін Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын»,- деді Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz
Read More

Жолдауда іске асырудың міндеттері белгіленді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев  өз сөзінде Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған Жолдауы еліміздің экономикалық-әлеуметтік қайта құрылуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екендігін атап өтті. – Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тақырыпта  Қазақстан халқына арналған Жолдауы жария етілді.Мемлекет басшысыұсынған реформаларқоғамда орын алған сауалдардың шынайы көрінісі болып табылады. Жолдау   бес маңызды бағдарға бөлінген. Ендігі орайда, біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр.  Ел Президенті алдағы бағыт-бағдарды айқындап берді, күрмеулі мәселелерді шешу, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық салаларын одан әрі дамыту жолында аянбай жұмыс істеуіміз қажет,– дей…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ  Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА Ж ОЛДАУЫ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес  VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті депутаттар! Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын…
Read More

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

 - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақорда. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады. Бұған дейін белгілі болғандай, 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды. Фото: akorda.kz Дереккөз:  www.inform.kz
Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Отырысқа Премьер-Министр, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты. Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Дереккөз: www.akorda.kz
Read More

Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды

Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Президент Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыру үшін 10 негізгі бағыттан тұратын Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылады», - деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық келісу рәсімдерінен өтті. Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы…
Read More

 «AMANAT» партиясы Президент Жолдауын қолдап, мәлімдеме жасады

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысы – Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізді. Кездесу барысында Асхат Оралов Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын «AMANAT» партиясының мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеде биыл қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешкен Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмылып, радикализм мен экстремизмді қолдамай, прогресс пен игі өзгерістер жалғасын табуын қалағаны айтылды. «Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті сәт. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды», – деді Атқарушы хатшы. Ол «АMАNАТ» партиясы Президенттің…
Read More

 AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдап, мәлімдеме жасады

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысы – Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізді. Кездесу барысында Асхат Оралов Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын AMANAT партиясының мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеде биыл қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешкен Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмылып, радикализм мен экстремизмді қолдамай, прогресс пен игі өзгерістер жалғасын табуын қалағаны айтылды. «Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті сәт. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды», – деді Атқарушы хатшы. Ол АMАNАТ партиясы Президенттің…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік  қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз  мызғымас бірліктің арқасында  мемлекетімізді қорғап қалдық. Уақтылы және батыл шешім…
Read More

ПАРТИЯНЫ ТІРКЕУ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕҢІЛДЕЙДІ. ТІРКЕУ ШЕГІ 20 МЫҢНАН 5 МЫҢ АДАМҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ – ЖОЛДАУ

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады», - деді Мемлекет басшысы.
Read More