148-і топ жарды

«Көкшетау» мәдениет сарайында екі күнге созылған  облыстық пәнаралық олимпиадада білім биігінен көрінген өрендер марапатталды.

  Аталмыш жиында облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова сөз сөйлеп, еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында екендігін баса айтып, бабы мен бағы келіскен   оқушыларға алдағы уақытта да табыс тіледі.     
Аталмыш білім сайысына  өңіріміздің  16 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, сондай-ақ, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған 4 мектеп-интернатынан барлығы – 347 оқушы қатысты. Бірден айта кету керек, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша Павлодар қаласында, гуманитарлық циклдағы пәндер бойынша Маңғыстау облысында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңі күтіп тұр. Облыс абыройын қорғайтын қатысушылардың тізімі қаңтар айының соңына дейін білім басқармасының сайтында жарияланатын болады.  
Ұйымдастыру алқасының айтуынша, оқушылардың білім деңгейін бағалау үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен PhDдокторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, магистрлар, үздік оқытушылар шақырылған.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – балалардың бойында ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау, білім беделін көтеру болып табылады. Биылғы білім додасына қатысқан үміткерлер арасынан 148-і жүлдегер деп танылды. Айталық, бірінші дәрежелі дипломмен 27 қатысушы марапатталса, 35-і  ІІ дәрежелі дипломмен, 86 қатысушы
ІІІ дәрежелі дипломмен және 32 талапкер грамоталармен марапатталды. Барлық жүлдегерлерге арнайы  сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы дайындаған концерттік бағдарламамен жандана түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар