Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауына орай, өзінің өкімімен аудан әкімі лауазымына тағайындалған Әсен Дулатұлы Жақсылықовты актив мүшелеріне таныстырды.

Актив барысында өңір басшысы осы лауазымға ұсынылған Әсен Жақсылыковтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бұған дейін аудан әкімі лауазымында қызмет атқарған Бауыржан Ғайсаға да алғыс білдіріп, жаңа қызметте табыс тіледі.
– Осы қызметте жүріп, аз уақыт ішінде ауданның көркеюіне зор үлес қосқан Ба-
уыржан Ғайсаға атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдіремін. Ендігі ретте, ауданға инвес-
тиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы істерді жүзеге асыру міндеті тұр. Тағайындалып отырған жаңа әкім Зеренді өңірінің дамуына бар күш-жігерін, іскерлік қасиетін жұмылдырады деп сенемін. Барлығымыз да бір мақсат, бір мүдде жолында аянбай еңбек етіп, алда тұрған міндет үдесінен көрінуіміз керек, – дей келіп, облыс әкімі әрі қарай Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған бірқатар міндеттерге тоқталып өтті.
Актив жиналысында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса сөз сөйлеп, өзі бұрын бірлесе жұмыс атқарған аудан активіне алғыс айтты және алдағы уақытта өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Жиын барысында Зеренді ауданының жаңа әкімі Әсен Жақсылықов сөз сөйлеп, өзіне білдірілген зор сенім үшін алғысын айтты және ауданның өсіп-өркендеуі жолында аянып қалмайтындығына сендірді.
Ұлмекен Шаменова,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Әсен Дулатұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ 1980 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Чистополь ауданының Баррикада ауылында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Көкшетау қаласындағы Фемида заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Көкшетау қаласындағы «Молоко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған. 2000 жылы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, 2005 жылы аталмыш серіктестіктің директоры болып қызмет істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар