Monthly Archives: Май 2015

Сөз төркінін сергек көңіл тани ма?

Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздерін орынсыз қолдану көбейіп кетті. Осы қалпымен жосылтып тарта берсе, бізден кейінгі ұрпақ қара танымай қаңғып кететін шығар. Анада бір басылымнан оқыдым, «Алаштың адуынды азаматтары» дейді.

Иран ағаның жүлдесі

Астана қаласындағы «Конгресс-Холл» сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, ардагерлер ұйымдары көркемөнерпаздарының республикалық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты байқау-фестивалінің гала-концерті болып өтті.

Аламан бәйгенің бас жүлдесі – жылқы

Үшсарт ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып, мәдени-спорттық шаралар өткізілді.

Бір үйден төрт адам майданға аттанып, үшеуі оралмаған

Соғыс!.. Осы бір ауыз сөздің қалай ызғарлы, қалай суық естілетінін білсең ғой. Сұм жау бейбіт жатқан кеңес еліне басып кіріп,  бейбіт жұрттың құтын қашырып, тыныштығын кетірді. Соғыс дүрмегінен шалғайда жатқан қазақ елі де ортақ Отанның азаттығы үшін сырт қала алмады. Қаралы күннің қайғы жасын жұтып,  қамыққан  жандар жауға қару алып ұмтылды. Өз еріктерімен сұранып, өшпенді жаудан кек алмақ болған қазақтың қаншама жас ұландары  ерліктің өшпес өнегесін көрсетті.

«Новопэктен» – «Қазақтелекомға»

Достық үйінде өткен «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аясында «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалына «Достық кітабын» салтанатты жағдайда табыс етті.

Бағдарламамен танысты

Аудандағы Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  ЕЦ-166/5 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын болып өтті.

Әлемдегі дағдарыс мәселесі талқыланды

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында бүкіләлемдік дағдарыс тақырыбына арналған жиын өткізді.

 

Мобильдік топ – ел ішінде

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ облысымыздың бірқатар өңірлерінде болып, азаматтарды қабылдады.

Жаңа бағалау жүйесі

Көкшетау  қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамының бастамасымен «Критериалды бағалауды қолдану» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары болып өтті.

Ауыл мәдениетін көтеру керек

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының  кезекті отырысында аймақты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде  өңірдегі  мәдениет саласын өркендету жайы сөз болды.

Сот жүйесі де жетілдірілмекші

Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамын біз де басылым беттерінен жіті оқып шықтық.

Әрбір жастың қасиетті борышы

 Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллин ескерткішінің жанында жастарды әскер қатарына салтанатты жағдайда шығарып салу рәсіміне қатысып, ақжарма тілегін жеткізді.

 

Сандықтауға – жаңа әкім

 Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде өз өкімімен Асылбек Исмағамбетовты Сандықтау ауданының әкімі лауазымына тағайындады.

 

Қауырт жұмысқа толы жарқын жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 27 мамырдағы Жарлығымен
Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған Сергей Кулагиннің осы жауапты қызметке кіріскеніне бір жыл толды

 

Қолдау болса, бәрі болады

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен Ақмола облыстық әкімдігі жанындағы жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.