Сандықтауға – жаңа әкім

 Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде өз өкімімен Асылбек Исмағамбетовты Сандықтау ауданының әкімі лауазымына тағайындады.

  Аудан активінде облыс басшысы Сергей Кулагин ауданның бұрынғы әкімі Ербол Сағдиевтің өңірде жақсы із қалдырғандығын атап көрсетіп, атқарған жемісті қызметі үшін алғысын айтты, сондай-ақ, жаңа әкімге атқарылған игі істерді одан әрі жалғастыруына тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін сөз алған Асылбек Исмағамбетов өзіне жоғары сенім көрсеткені үшін облыс әкімі мен
аудан активіне ризашылығын  жеткізіп, осы сенім үдесінен шығуға бар күш-жігерін салатындығын айтты. Облыс әкімі өз кезегінде өңірде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттердің жүзеге асырылуы және ауданның дамып, өркендеуі үшін әкім мен аудан активінің тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетіп, жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.
Сандықтау ауданы.

 

 

Асылбек Сайлаубекұлы Исмағамбетов 1967 жылы туған. Білімі жоғары. 1993 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2006 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылғы тамызда Щучье ауданы (қазіргі Бурабай ауданы) салық комитетінің инспекторы болып бастады. 1994 жылдың мамыры мен 2001 жылдың қараша айы аралығында «Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2001 жылдың қарашасы мен 2005 жылдың желтоқсан айы аралығында «АТП-Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2005 жылғы желтоқсан айынан бастап Бурабай ауданы «Есіл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты. «Құрмет» орденімен, мерейтой медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервінде тұрды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар