Daily Archives: 18.03.2017

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде фотосуретші, дизайнер, Қазақстан Республикасының Дизайнерлер одағының мүшесі Рашит Минихановтың жеке көрмесі болып өтті.

Сан қырлы талант иесі

 

Көрмеге фотосуретшінің  Бурабайдың әсем табиғаты бейнеленген  алпысқа  жуық суреттері қойылған. Дарынды адам барлық істе дарынды екені ақиқат. Бұл сөз Рашит Мүбаракұлына  тікелей қатысты. Себебі, ол садақпен ату бойынша спорт шебері.  Тіпті, осы спорт түрінен 1982-1983 жылдары Ресей Федерациясының Свердловск облысының чемпионы да  болған екен. Ресейдің Челябинск облысы Ревда қаласының тумасы болса да, 1959 жылы фотосуретшінің  отбасы Щучинск қаласына   көшіп келгеннен бері Қазақстанға ол  қалтқысыз қызмет етуде.

Шет елдік мамандар дәріс берді

Ақмола облыстық ауруханасында Швейцария мен Ресейдің атақты профессорлары ақмолалық кардиохирургтармен кездесіп,  шеберлік сыныбын  өткізді.

 

Ортамызда айта жүрер орны бар

Фәни дүниеден небары 56 жасында өткен, туған-туыстары мен айнала-сындағыларға, ел-жұртына жақсы істерімен танылып, қайда  жүрсе де адалдығымен көпшіліктің көңілінен жылы орын алған  Кенжетай Досаев мен білетін абзал азаматтың бірі еді. Қысқа ғұмырында өзі туып-өскен Астрахан өңірінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, әрдайым сенім биігінен көрініп жүрді. Содан болар, көзін көргендердің бәрі  тек жақсы істерін естеріне алып жатады.

Сүйікті ұстазым

Мен Зеренді ауданы Бірлестік ауылындағы шағын да ескі орта мектепте білім алдым. Біздің мектепте 24 мұғалім жұмыс істейді. Ал, ұстазым Лиза Хурманханқызы 30 жылға жуық еңбек етеді.

Ізденгіш мұғалім

өздігінен ағылшын тілін үйреніп, қазір  сол тілде химия пәнінен сабақ береді

 

Қоңырау соғылды. Сабақ басталды. Риза Рамазанқызы әдеттегідей өзінің сынып журналы мен пән оқулығын қолына алып, 10 сыныпқа беттеді. Оқушылар ұстазымен ағылшын тілінде амандасып жатыр. Мен әлі де аң-таңмын. Химия сабағы өтеді деген сияқты еді, ағылшын тілінің бұған не қатысы бар деп ойлап қоямын. Сөйтсек, бұл сынып химия пәнін ағылшын тілінде оқиды екен.

«Жыры» таусылмайтын білім реформасы қашан көңілге қонымды болады?!.

Білім саласына  қатысты әңгімелер қазір   аз айтылып жүрген жоқ. Реформалар жүргізіліп жатыр, оны сынау да, қолдау да аз емес. Әсіресе, Білім және ғылым министрлігіне Е.Сағадиев келгелі орта білім саласында  түбегейлі өзгерістер жасалуда. Осы жерде біз бір нәрсені  ескермейтін сияқтымыз. Реформалардың түпкі нәтижелерінен не күтеміз, жас ұрпақ мектептен қандай білім алып шығуы керек?..

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болуы керек

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында сайлауалды бағдарламаның «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша өңірлік партия комиссиясының отырысы өтті. Қазір мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен маңызға ие.

Кәмелеттік жасқа толмағандар жасайтын қылмыс қайткенде азаяды?..

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен жастар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы кеңейтілген оты-рыста  осындай қылмыстардың  азаймай тұрғандығы сөз болып, жағдайды  жақсартудың жолдары қарастырылды. 

 

Тұтынушының өз құқы дегенде тайсақтайтын реті жоқ

Дүниежүзілік  тұтынушылар  құқықтарын қорғау күніне арналған дөңгелек үстел отырысында осы департамент мамандарына, бірқатар қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен тұтынушыларға марапаттар жасалып, құрмет көрсетілді.

Сот жүйесіне ел сенімін арттыра түсуіміз қажет

Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын жұртшылық тағатсыздана күтеді. Өйткені, Жолдауда еліміздің алдағы жылдардағы негізгі бағыт-бағдары айқындалып,  әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар көрініс табады, соның ішінде ең бастысы, халықты әлеуметтік жағынан қорғау мәселелеріне жете назар аударылады. 

Барлығын жіті қимыл шешеді

Облыста көктемгі су тасқынының алдын алу – бүгінгі таңдағы ең басты міндеттердің бірі болып отыр.

Астық терминалын салғылары келеді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ресейде және шет елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын «Скай» ашық акционерлік қоғамы компаниясының басшысы М.Васинкевичпен кездесті.

Елімізде Наурыз мейрамы көрісу күнімен басталып кетті

 

14 наурызда еліміздің батыс аймағы көрісу күнін атап өтті.

 

1 300 000 теңге қаржы жиналды

Жер жаһанға нұр шуағын шашып, адамзат баласына шат-шадыман көңіл сыйлайтын, мейірім мен жақсылыққа бастайтын ғажайып мереке – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Қайырымды ел – 2017» атты қайырымдылық аукционынан түскен қаржы тағдырдың жазуымен ауыр науқасқа ұшыраған балалардың емделуіне жұмсалатын болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.