Сүйікті ұстазым

Мен Зеренді ауданы Бірлестік ауылындағы шағын да ескі орта мектепте білім алдым. Біздің мектепте 24 мұғалім жұмыс істейді. Ал, ұстазым Лиза Хурманханқызы 30 жылға жуық еңбек етеді.

Оны ауылда барлығы біледі және құрметтейді. Лиза Хурманханқызы мінезі бірбеткейлеу болғанымен, өз ісіне ұқыпты, өте мықты ұстаз. Бізге 5-ші сыныптан сабақ берді. Басынан бастап ол кісі біздің зейінімізді толығымен өзі оқытатын тарих пәніне аудара білді. Әр сабақ сайын біз мұғалімімізді жақынырақ тани бастадық. Лиза апайымыз қиыншылықтарын бізге сездірмей, тек қана осы пәнге қызығушылығымызды оята білді. Біреуіміз нашар баға алсақ өкпелеп, жақсы баға алсақ төбесі көкке жетіп, бізбен бірге қуанатын. Жайшылықта қаншалықты сескенсек те, сабақ үстінде өте жақсы көрдік. Және әрбір сабағын тағатсыздана күттік. Менің өзіме өтетін жаңа тақырыпты игеру оңай болды. Себебі, ол кісінің оқыту әдісі ұнады. Сабақтары ешқашан бір-біріне ұқсамайтын.
Мұғалімдер арасында аудандық «Үздік тарихшы» сайысына қатысып, жүлделі екінші орынға ие болғаны да есімде. Лиза Хурманханқызы үлгілі сынып жетекшісі және тамаша ана. Ол бір әдемі қыз және үш ұл тәрбиеледі. Сонымен бірге, сыныптағы біздің бәріміздің де анамыздай болды. Менің мұғалім мамандығын тандауыма осы сүйікті ұстазымның ықпалы зор. Өмірімде үлкен із қалдырған ұлағатты жанға зор денсаулық, өмірде жаңа табыстар тілеймін.
Айгүл РАХМЕТОВА,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, мектептің
2014 жылғы түлегі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар